-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Денсаулық

Вакцина алғандардың арасында Covid-19 тіркелген жоқ

Вакцина

KAZUS.KZ. 22 ақпандағы жағдай бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік Sputnik V вакцинасын алды. Бұл туралы бүгін Sputnik V вакцинасының екінші дозасын алған денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінгі күні Қазақстанның 20 мыңға жуық азаматы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған. Олардың арасында Covid-19-ға шалдықты дегендер, әзірге тіркелген жоқ, – деді ол.

Сондай-ақ, еліміздің бас санитарлық дәрігерге оның отбасы мүшелері коронавирусқа қарсы екпе салдыртуға дайын ба деген сұрақ қойылды.

Иә, әрине. Отбасымның барлық мүшелері арасында тек үлкен қызым екпе алуға жатады, ол – студент. Кезекке жазылып қойды, енді күтіп жүр, – деп жауап берді Ерлан Қиясов.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят бас санитарлық дәрігермен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алды.

Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда қабылдады. Екінші доза біріншісінен кейін 21 күн өткен соң салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

admin

Шымкентте соңғы үш тәулікте COVID-19 дерегі тіркелді

admin

Коронавирустың адамға алғаш қалай жұққаны зерттеледі

admin