12 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Қоғам

Үкімет ең төменгі жалақыны көтерудің 3 нұсқасын қарастырып жатыр

100 тенге

KAZUS.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ең төменгі жалақыны көтеруге қатысты Үкімет жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Үкіметі халықтың әл-ауқатын жақсарту және табыстарының артуын қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Халықтың шынайы табысының деңгейін одан ары арттыру мақсатында ең төменгі жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ең төменгі жалақыны инфляция деңгейінде көтеру. Екіншісі – ең төменгі жалақыны орташа айлық жалақының 30 пайызы мөлшерінде бекіту. Үшіншісі – ең төменгі жалақыны медициналық жалақымен байланыстыру мүмкіндігі», – деді Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, аталған нұсқалар республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды қажет етеді.

«Дегенмен, биыл Үкімет, республикалық жұмысшылар бірлестіктері және республиалық жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған жаңа бас келісімді жүзеге асыру басталады. Оны жүзеге асыру аясында ең төменгі жалақыны бекіту әдістемесі әзірленетін болады. Ең төменгі күнкөріс шегін анықтау тәртібі ҚР-ның «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдері туралы» Заңмен және ең төменгі күнкөріс шегін есептеу ережесімен регламенттеледі. Жалпы республика, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық мәні бар қалалар бойынша ең төменгі күнкөріс шегі орташа есеппен жан басына шаққанда және негізгі жыныстық-жас топтары бойынша статистика органдарымен есептелінеді», – деді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қыздар пәктігін саудалай бастады

admin

Шымкенттегі сапасыз байланыс пен интернеттің мәселесін Сенат депутаттары қарады

admin

Тоқаев Цойды орнынан алып тастауы мүмкін екенін ескертті

admin