19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Оқыс-оқиға

Түркістанда жолдың қақ ортасында төбелескендер жазаланады

KAZUS.KZ. Түркістанда көшеде төбелес шығарғандар ұсталды. Оқиға кезіндегі видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын, деп жазады baq.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кадрда асфальт үстінде жартылай жалаңаштанған ер адамның қолына пышақ ұстап, жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Артынша жағдай төбелеске ұласқан.

Қалалық ПД мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел уәкілдер барлық қажет іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бүгінде соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады, – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 9 мал ұрлығы жайтына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

admin

«Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде атыс ашқан ер адам туралы тың дерек шықты

admin

Талдықорғанда жекеменшік үйдің бірінен екі адам өлі табылды

admin