17 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Басты жаңалықтар Қоғам

Тоқаев кредит төлемдерін кейінге шегеруді тапсырды

Кредит

KAZUS.KZ. Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырамын», деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ең алдымен Үкіметке зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мәселесін жедел пысықтауды тапсырды.

«Екіншіден, салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру керек. Бұл шаралар шын мәнінде жаппай вакцинациялау басталғанға және шектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

«Орынды босатыңдар»: Президент «СК Фармация» басшылығы мен денсаулық сақтау министріне шүйлікті

admin

Қап-қабымен қант алып, құм-топыраққа қарық болдық

admin

42 адамға үй әперетін ақшаға маска тағып жүр

admin