17 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Саясат

«Таза жұмыс істейтін адамның айлығы өте аз» – депутат өзекті мәселені көтерді (видео)

Шымкент қалалық мәслихат депутаты Рәшкүл Оспанәлиева «Кейіпкер келбеті» жобасында жастардың кәсіби білімі мен біліктілігіне қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті, – деп жазады Kazus.kz.

Халық қалаулысының пікірінше, қазіргі жастардың дені практикаға бармайды. Мекемеге келіп, қол қойдырып кететіні болмаса, өндірістен бейхабар. Нәтижесінде жоғарғы оқу орнын ештеңе білмей бітіріп шығады. Жол, ауылшаруашылық саласында қара жұмыссыз нәпақа табу қиын екенін алға тартқан халық қалаулысы:

«Таза жерде ақша жоқ қой. Барлығы әкімшілікке барып, таза жерде отырып, жұмыс істегісі келеді. Таза жұмыс істейтін адамның айлығы өте аз» – дейді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты Рәшкүл Оспанәлиева

Кәсіпкер жұмыс іздеп келген жастарды өндірістегі мамандарға табыстап, тәжірибе жинауына ықпал ететінін тілге тиек етті.

«Қазіргі студенттердің сабаққа бармай, ақшаменен бітіріп алып, ертең бір үлкен дәрежеге жетем деуі – қателік» – деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыратын 10 бағыт қамтылған жол карта әзірленді

admin

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына кететін шығынның мөлшері белгілі болды

admin

Президент Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

admin