32.3 C
Shymkent
Шілде 30, 2021
Оқыс-оқиға

Талдықорғанда жекеменшік үйдің бірінен екі адам өлі табылды

KAZUS.KZ. Талдықорғандағы жекеменшік жер үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Одан бөлек ес-түсінен айырылған тағы екі бала ауруханаға жөнелтілді, – деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай түскі уақыттар шамасында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы болжамына сай, отбасы мүшелерінен ыстан уланған болуы мүмкін. Қазір аталған дерекке сай қылмыстық іс қозғалды.

Ерлан АХАШОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Департаментке Абай көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына мамандар дереу жетіп, тағы ес-түссіз жатқан екі баланы үйден шықты. Олар 13 және 8 жаста. Қазір бұл оқиға бойынша сараптама жұмыстарын бастадық.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 9 мал ұрлығы жайтына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

admin

Судья ақталған екі дәрігерге қатысты сот үкімін түсіндірді

admin

ТҮРКІСТАН: Иттер жұлмалап тастаған әйелдің мәйіті табылды

admin