19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Басты жаңалықтар Қоғам

Шымкентте көпбалалы аналар әкімдіктің алдында түнеп шықты – видео

KAZUS.KZ. Шымкентте көпбалалы аналар әкімдіктің алдында түнеп шықты. Барлығы қала басшысымен кездесуді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 

Көпбалалы аналар пәтерден пәтерге көшіп шаршадық дейді. Баспана кезегіне де үміт үзіле бастады.

«Менің кезегім жақындап тұр. Бірақ пәтер дайын емес. Қазір 20 шаршы метр жерде сегіз адам тұрып жатырмын мысалы. Бізді бес алты баламен ешкім пәтерге алғысы келмейді. Сондықтан уақытша баспана берсінші. Әкімдіктің балансында бос пәтерлер барын білеміз ғой», – дейді қала тұрғыны Раушан Жанарова.

Ал көпбалалы ана Гүлзада Дүтбаева балалар үйінде өскен. Қазір бес баласы бар.

«1998 жылдан бері әлі баспана алмағанмын. Бес балам бар. 2006 жылы бірінші рет үй кезегіне тұрғанда журналға қолмен жазатын. Оны жоқ қылды. 2014 жылы қайтадан тұрдым кезекке. Бірақ әлі бұйыратын түрі жоқ», – деді Дүтбаева.

Ал тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Абылайхан Балықбаев көпбалалы аналарға жуырда 106 пәтер берілгенін айтты. Жыл соңында 444 пәтер тапсырылады деген жоспар бар. Ал уақытша баспана беру заңда қарастырылмаған.

«Тұрғын үй қатынастары заңы бойынша уақытша баспана көзделмеген. Оны біз бере алмаймыз, тек кезек ретімен ғана тұрғын үй мәселесі шешіледі. Қазіргі таңда әлеуметтік әлсіз топ жағынан 2012 жылдың май айынан тұрған азаматтарды енді қамтып жатырмыз», – деді Балықбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді

admin

ҚР Парламент Сенатының депутаты шындықты жайып салды

admin

Үй-күйсіз жүрген Заманбек Нұрқаділовтың қарындасы көмекке мұқтаж

admin