19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Білім/ғылым

Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі

Адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы –  ұстаздар қауымы екені сөзсіз.

Дана Абай айтқандай: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл». Адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Осы орайда біздің мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.

2019 жылдың қыркүйек айында 1000 орынға лайықталған «Жалын» жалпы білім беру  мектебі ашылып, 1-9 сыныптарға 550 оқушы жиналды. Оларға 48-ге жуық мұғалім дәріс беруге кірісті. Ұстаздардың 18 пайызы – жас мамандар. Дегенмен мекеменің жеткен жетістігі көптің таңдайын қақтырды десек, артық айтқанымыз емес.

Атап айтсақ, 2019-2020 оқу  жылдың қорытындысы бойынша 9-сыныпты 8 оқушы үздік аттестатпен аяқтады. Олар – Абенова Зарина, Айнабек Зейнеп, Жаугашбаева Дариға, Досанқызы Үміт, Таубай Нурай,  Умирбек Алина, Шинарбекова Мөлдір, Рыскүлбек Нұртас, Турымбетова Амина.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектептің педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге жетуде. Атап айтар болсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Үркер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты Халықаралық өнер және білім фестивалінде «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Абибулла Алихан бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утарбекова Фарида Батырханқызы.  

Шымкент қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша өткен Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін мектептің 9-оқушылары Абенова Зарина, Алибекова Камила ІІ орындарды иеленді. Жетекшілері – Ошкарова Гульнара Абильхамитовна, Утарбекова Фарида Батырхановна. Осы олимпиада бойынша 8-сынып оқушысы Пиримкулова Жанерке тарих пәні бойынша мадақтамаға ие болды, жетекшісі – Сапарбеков Акан.

Сондай-ақ мектеп оқушылары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Жас ғалымдар» кеңесінің ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында «Жас Дарын» республикалық ғылыми практикалық конференциясына қатысып І дәрежелі дипломға ие болды. Бұдан бөлек талапты шәкірттер түрлі халықаралық, республикалық, аймақтық білім додаларына қатысып елеулі орындарға ие болуда.

Мектеп оқушылары біліммен қатар спортты да жанына серік етіп келеді. Бағындырған белестері де жоқ емес. Мәселен, облыстық турнирде 9 сынып оқушысы Бердібай Нұрахмет Жүлделі орыннан көрінген.   

Мектептің жүрегі – мұғалім. Мекеме мамандарының білімі мен тәжірибесі де талайға үлгі боларлық. Оны бағындырған белестерінен айқын аңғарамыз. Атап айтайық, 2019 жылдың қараша айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауына мектебіміздің ағылшын пәні мұғалімі Қорғанбаева Салтанат Жарқынбековна қатысып І дәрежелі дипломмен, «Жылдың үздік ұстазы» атты төсбелгімен марапатталды.

2019-2020 оқу жылында тарих пәнінің мұғалімі Сапарбеков Акан ,бастауыш сынып мұғалімі Шойбекова Гаухар  «Білім шыңы» баспасының арнайы дипломымен  марапатталды.  2020 жылы көркем еңбек пәні мұғалімі Турарова Жумакуль «Ұлағатты Ұстаз» атты төсбелгі иеленген. 2020-2021 оқу жылында мұғалімдер арасында өткен қашықтық Республикалық  пән олимпиадасына  мектеп мұғалімдері белсене қатысып, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ошкарова Гульнара Абильхамитовна «Ең білімді педагог-2020» жүлдесіне ие болса, биология пәніннің мұғалімі Нашауова Айгул  ІІ орынмен марапатталды.

Қорыта келе, мектептің білім саласына берері мол. Мұны аз ғана уақыт ішінде толағай табыстарға жеткен білім мекемесі дәлелдей алды. 

«Жалын» жалпы білім беру мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Джораева Зухра Смановна

Ұқсас жаңалықтар

Біздің елде мұғалімдікті «әлсіз» түлектер таңдап келеді

admin

Оқушылардың көктемде қанша күн демалатыны белгілі болды

admin

Президент жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды

admin