19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Қоғам

Сапархан Омаров шетелдіктер қанша гектар жерді жалға алып отырғанын айтты

KAZUS.KZ. Қазақстанның 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін шетелдік қатысуы бар жеті кәсіпорын алып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазіргі уақытта жалпы ауданы 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдік қатысуы бар жеті заңды тұлға жалға алып отыр», – деді ол сенат отырысында жер қатынастары туралы заң жобасын қарау барысында.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында 5,9 мың гектарды 1 кәсіпорын, Павлодар облысында 32,2 мың гектарды 1 кәсіпорын, Атырау облысында 1,6 мың гектарды 1 кәсіпорын және Ақмола облысында 34,7 мың гектарды 4 кәсіпорын жалға алған.

Сондай-ақ, айтуынша, екі шетелдік компания жұмыс істейді: Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапта 1 кәсіпорын.

Омаров бұл жерлер мораторийге дейін алынғанын атап өтті.

«Осы шетелдік компаниялардың ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу мерзімі 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде аяқталады. Тиісінше, жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа мерзімге ұзартылмайды, өйткені қазір талқыланып жатқан заң жобасы шетелдік жер пайдаланушыларға және әртүрлі бірлескен кәсіпорындарға жер беруге толық тыйым салуды қарастырады», деді министр.

Айта кетсек, жер қатынастары туралы заң жобасында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салу көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Зейнетке ерте шыққыңыз келсе…

admin

Көлік тізгіндегендерге жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салына ма?

admin

Құранның орнына қара сөз арнап, жаназа намазы мүлдем оқылмайды

admin