17 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Экономика

Қазақстанда коллекциялық монеталардың бағасы өзгермек

тиын

KAZUS.KZ. Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларына қандай өзгерістер енгізілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта монеталарын үш түрде шығарады: циркуляциялық, инвестициялық және коллекциялық.

Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу қағидаларындағы өзгерістер тек қымбат металдан жасалған коллекциялық монеталарға қатысты.

Айта кетсек, коллекциялық монеталар бағалы металдар (алтын және күміс) мен бағалы емес металдардан (мельхиор және нейзильбер) шектеулі таралыммен дайындалады. Олар коллекция жасауға және нумизматикалық (екінші) нарықты дамытуға бағытталады, себебі коллекциялық монеталарға деген сұраныс – оның таралымына, тақырыбына, дизайнына, дайындау сапасы мен қолданылатын технологиялары секілді факторларға байланысты артады.

«Эмитенттер (мемлекеттердің орталық немесе ұлттық банктері) үшін коллекциялық монеталарды шығару коммерциялық жоба болып саналмайды. Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығара отырып, елдің мәдени, тарихи мұрасын сақтайды және насихаттайды, жетістікке толы елеулі оқиғаларды есте сақтап қалуға үлес қосады, демек, танымды дамыту миссиясын орындайды деген сөз», – дейді Жомарт Қажымұратов.

Нарықты одан әрі дамыту үшін Ұлттық банк бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бағаларын белгілеуге қатысты өзгерістер енгізген.

«Азаматтар коллекциялық монеталарды, әдеттегідей, Ұлттық Банкке ақшасына кері тапсыра алады. Бірақ олар бастапқы уақытта сатылған бағамен қабылданады, оған монетаны дайындау құны мен металды сатып алу күні айқындалатын металл құны кіреді. Әлемнің көптеген елінде, мысалы, Германияда, Швейцарияда және Ирландияда коллекциялық монеталар номиналды (белгіленген) құнымен кері сатып алуға қабылданады. Ал АҚШ-та, канадада және Австралияда коллекциялық монеталар кері сатып алуға қабылданбайды»,– дейді Ұлттық банк өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 8 айда 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірілді

admin

Еліміздің сыртқы қарызының көлемі белгілі болды

admin

Азық-түлік дүкендері азаматтарға чек беруге міндетті – комитет

admin