19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Қоғам

Қазақстан – тыныштық пен бейбітшілік бесігі

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының берекесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің жарқын көрінісі болып табылады. Бірлік пен тірлік ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол.

Әрбір шаңыраққа шаттық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ-береке тілеймін! «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, 1- мамыр Бірлік күні құтты болсын! Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!

Ізгі ниетпен,
Silkway Халықаралық университетінің президенті
Юнусов Ифтихар Бахтиярұлы

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келе жатыр

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта«Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда

admin

Белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды

admin