32.3 C
Shymkent
Шілде 30, 2021
Басты жаңалықтар Денсаулық

Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

врачи

KAZUS.KZ. Қазақстан пандемиямен күресу үшін Азия даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,5 миллиард еуро қарыз алады. Мәжіліс тиісті заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды sputnik.kz.

908 млн еуро қайда жұмсалады 

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстан Азия даму банкінен 908 миллион 596 мың еуро қарыз алады. Келісімге ел президентінің 2020 жылдың 13 тамызындағы жарлығына сәйкес қол қойылды. 

«Бұл Қазақстан үкіметінің COVID-19 салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді», – деді министр. 

Қарыз өтеу мерзіміне қатысты екі бөлікке бөлінген. Қарыздың бір бөлігі – 454 миллион 298 мың еуро – үш жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімге беріледі. Ал қалған 454 миллион 298 мың еуро бес жылға беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%. 

Жамаубаев қарызға қызмет көрсету және оны өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатынын атап өтті. 

«Бұл қаржыны тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында аса қажет болып отыр. Келісімнің жақын арада күшіне енуі маңызды. Азия даму банкі пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы шешімімен Қазақстан үшін бұл ақшаны осы жылға резервтеп қойған», – деді ведомство басшысы. 

Бюджет тапшылығы үшін алынатын қарыз

Сондай-ақ, Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де қарыз алуды жоспарлап отыр. 

«Қазақстан ен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мәжілісте қаралды. 

Қарыз сомасы – 661 миллион 800 мың еуро. 

«Қарыз бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Яғни COVID-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес және экономиканы қалпына келтіру бойынша Қазақстан үкіметінің шараларын қолдауға мүмкіндік береді», – деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. 

Қарыз үш жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 10 жылға беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі ‒ Еурибор+0,50%. 

Келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес, қарызға қызмет көрсету және оны өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асады. 

Министр бұл қаражат Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы бағдарламасы аясында Қазақстан үшін резервтеліп қойылғанын атап өтті. 

Мәжіліс екі заң жобасын да бірауыздан мақұлдады.

Ұқсас жаңалықтар

Баспана бағасы қашан арзандайды – министрлік жауап берді

admin

Өнеркәсіптің даму көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы артта келеді

admin

«Жатақхана деуге болады» – депутаттар қызметтік пәтері туралы пікір білдірді

admin