19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Экономика

Қазақстан экспорттаушы елдерге 8 мың тоннадан астам өнімді кері қайтарды

камаз

KAZUS.KZ. Қазақстан және ЕАЭО заңнамаларында белгіленген карантин талаптары бұзылғаны үшін 8 мың тоннадан астам өнім экспорттаушы елдерге кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәліметінше, биылғы жылдың үш айының қорытындысы бойынша елімізге әкелінген жоғарғы тәуекелдегі фитосанитариялық карантиндік өнімге қарасты тексеріс нәтижесінде, 800-ден астам заң бұзушылық анықталған. Оның ішінде 110 факт карантин объектілері ретінде тіркелген болса, 500-ден астамында тиісті құжаты сәйкес келмеген немесе мүлдем жоқ болып шыққан.

Осыған орай, Қазақстан және ЕАЭО заңнамасында белгіленген карантин талаптарының бұзылуына байланысты, экспорттаушы елдерге 8 мыңнан астам тонна өнім кері қайтарылды. Қайтарылған өнімнің көлемі бойынша экспорттаушы елдер көшін Қытай (6 022,2) мен Ресей Федерациясы (1 136,2) бастап тұр. Одан бөлек Өзбекстан (439,2 тонна), Қырғызстан (307,4 тонна), Әзербайжан (303,6 тонна), Иран (243 тонна) және Түрікменстан (212,5 тонна).

Өнімдердің басым көпшілігі қызанақ, бұрыш және арпа өнімдері. Онда қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы, арамсояу, батыс гүл трипсі, Комсток құрты және тағыда басқа карантин объектілері анықталды.

Айта кетсек, талаптарды бұзған тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Ерболат Досаев ұлттық қордың бір айдағы оң инвестициялық кірісін атады

admin

Жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

admin

Түркістандық кәсіпорын «Алтын сапа» сыйлығын иеленді

admin