19 C
Shymkent
Мамыр 16, 2021
Басты жаңалықтар

Қазақстан әлемде өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында – Тоқаев

KAZUS.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!» – деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын егу науқаны 26 сәуірде басталатыны хабарланған еді.

22 сәуірде Қазақстан өңірлеріне ҒЗИ базасында өндірілген қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде 2021 жылдан бастап не өзгереді?

admin

Ресейдегіде қазақтардың төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді

admin

«Жатақхана деуге болады» – депутаттар қызметтік пәтері туралы пікір білдірді

admin