21.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Басты жаңалықтар Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: 2025 жылы шикізаттық емес экспорт көлемі 41 млрд долларға жетеді

KAZUS.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанның шикізаттық емес экспортты дамыту жоспарын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің экономикалық модель ішкі тұтыну инвестициясынан бөлек экспортты дамудың маңызды факторы ретінде қарастырады. Біз өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуетін 10 млрд долларға, қызмет көрсету саласының экспорттық әлеуетін тағы 10 млрд долларға бағалаймыз. Орта мерзімді мақсат 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін, оның ішінде қызметтер қоса отырып, 41 млрд долларға дейін ұлғайту болып табылады», – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы инвесторлармен жұмысты жандандыруда Сауда және интеграция министрлігінің жұмысы маңызды екенін атады.

«Осы әлеуеттерді пайдалану үшін нақты шаралар қабылданып отыр. Біріншіден, қажетті инстутиционалдық негіз құрылды. 2019 жылы арнайы өкілетті орган – Сауда және интеграция министрілігі құрылды. Оны өздеріңіз білесіздер. Қазір бұл ведомство отандық экспорттаушыларға қолдаудың толық пакетін ұсынып отыр. Бұл – қаржылық және қаржылық емес қолдаудың 20 құралы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Жұлдызды жұптың 1 гивтен қанша табатыны белгілі болды

admin

Шымкентте 62 қытай жұмысқа заңсыз қабылданғаны анықталды

admin

Головкиннің келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды

admin