17 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Әлемде

Путин Байденге тікелей эфирде кездесуді ұсынды

Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденге пікір-таласты тікелей эфирде жүргізуді ұсынды. Ресей президентінің айтуынша, ол Байденмен 19-ы не 22 наурызда сөйлесуге дайын.

Ресей сыртқы істер министрлігі екі президенттің сөйлесуіне дайындық басталғанын министрліктің өкілі Мария Захарова хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

17 наурызда Байден ABC News каналына берген сұқбатында журналистің «Ресей президенті Владимир Путин адам өлтірді ме?» деген сұрағына «ия» деп жауап берген. Ол орыс билігі АҚШ-тағы сайлауға килігу әрекеті үшін жақын арада жауап береді деді.

Осы сөзінен кейін Ресей АҚШ-тағы елшісін Мәскеуге қайтарды.

Путин ұсынысынан кейін Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге АҚШ әкімшілігі әзірге тікелей эфирдің болатыны, не болмайтыны жөнінде айта алмайтынын, себебі Байден Джорджияға іс-сапармен бара жатқанын мәлімдеді.

Псаки сонымен бірге Байден айтқан сөздеріне өкінбейді деді.

Президент тіке қойылған сұраққа тіке жауап қайтарды, – деді ол.

Баспасөз хатшысы АҚШ Ресеймен әртүрлі қайшылықтарға қарамастан, бірқатар салалар бойынша жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қарапайым тұрғын лотереядан 200 мың доллар ұтып алды

admin

Мұғалім Zoom арқылы сабақ өтіп жатқан кезінде қайтыс болды

admin

Маска орнына бетіне тірі жыланды орап алған

admin