12 C
Shymkent
Сәуір 17, 2021
Қоғам

Президент рейдтер туралы: Жүйелі түрде, қасақана тәртіп бұзғандарды ғана жазалау қажет

полиция

KAZUS.KZ. Прокуратура жанынан рейд кезіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлайтын колл-орталық ашылуы тиіс. Еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия жағдайында бизнесті шектеу мен тексеру шаралары ашық жүргізілуі керек. Жүйелі түрде, қасақана тәртіп бұзғандарды ғана жазалау қажет. Прокуратура жанынан рейд кезіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлайтын колл-орталық ашылуы тиіс», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдауға қатысты бірнеше тапсырма берді.

«Үкімет Парламентпен бірлесіп мына уақытша шараларды жүзеге асырғаны жөн: 1. Зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес нысандарының жекелеген салықтары мен төлемдерін шегеру; 2. Салықтық және кедендік қарыздарын мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтату», деді Президент.

Мемлекет басшысы, коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

«Екі ай ішінде Қазақстан халқының 0,1% ғана екпе ектірген», – деді ол.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Той өткізіп, ас бергендер жайлы хабарлағандар құрқол қалмайды

admin

Бірнеше мектеп пен балабақшадан коронавирустық инфекция анықталды

admin

Шымкенттің жасыл аймағы 13 мың гектарға ұлғайтылады

admin