30.3 C
Shymkent
Маусым 19, 2021
Басты жаңалықтар Экономика

Нұрлан Нығматулин микрофонды қоса алмаған министрге ескерту жасады

KAZUS.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты сынға алды, деп жазады Baq.kz.

Бүгін жалпы отырыста 2021-2023 жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып жатыр. Отырыста 2021 жылға арналған Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші туралы айтылды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, биылға арналған елдің экономикалық өсу болжамы 2,8-ден 3,1% -ға дейін жақсарған. Яғни Қазақстан экономикасы қайта қалпына келе бастады.

Әсет Арманұлы, сіздің болжамдарыңыз шынымен оптимистік тұрғыдан сенімді шығар. Бірақ әділеттілік үшін айта кетуім керек, бұл ЖІӨ өсімінің 3%-ы былтырғы  экономикалық рецессияның арқасында жүзеге асты. Экономикалық өсім – біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасымен есептелуі тиіс, – деді Нығматулин.

Спикердің айтуынша, егер Ұлттық экономика министрлігі, мысалы, агроөнеркәсіптік кешендегі өсім туралы болжамдарды жарияласа, онда дүкен сөрелері импорттық өнімдермен емес, отандық ірімшіктер мен шұжықтармен «толығуы» тиіс.

Сіздің қолдан сызған пайыздық көрсеткіштеріңізден келіп кетер ештеңе жоқ. Одан дым өзгермейді. Егер өнеркәсіптің, құрылыс индустриясының өсуі туралы айтатын болсақ, онда біздің құрылыс материалдары халыққа қолжетімді болуы қажет. Оның ішінде бағасы да тиімді болуы тиіс. Бізде неге олай емес, Бейбіт Бәкірұлы (Атамқұлов), – деді Нығматулин.

Микрофонын қоса алмаған Атамқұлов сыбырлағандай «иә» деп жауап берді.

Естілмейді, микрофоныңыз қосылмаған,- деді Мәжіліс төрағасы.

Иә, – деп жауап берді Атамқұлов сол күйі микрофонын қоса алмай.

Министр Атамқұловқа микрофон қосып беріңіздер. Әлі күнге дейін микрофонның батырмасын қосуды білмейсіз, өндірісті қалай басқарып жүрсіз?! – деді Нығматулин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан бензині арзан елдер рейтингісіне енді

admin

Жекешелендірудің нақты экономикалық қайтарымы болуы тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

admin

Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін медальмен марапатталды

admin