-13 C
Shymkent
Ақпан 24, 2021
Әлемде

NASA Марстың түрлі-түсті суреттерін жариялады

марс

KAZUS.KZ. NASA Twitter-де америкалық Perseverance зерттеу аппараты түсірген Марстағы суреттерді жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Кадрлардың бірінде Қызыл планетаның беті түсірілген, ал екіншісінде оның көкжигі көрінеді. Үшінші кадрда ровердің өзі.

Суреттерді 19 ақпанға қараған түні Марсқа қонған NASA’s Perseverance Mars Rover зерттеу аппараты түсірген. 

Perseverance құрылғысы 18 ақпанда Марста Езеро (Jezero) маңына қонды. Негізі Mars 2020-ның ровермен миссиясы былтыр шілдеде жерден басталған. NASA тарихындағы бесінші ровер Қызыл планетаның құрылымы мен геологиясын зерттеуге арналған жеті ғылыми құралмен жабдықталған.

Бұл зерттеудің негізгі міндеті – Марс топырағының үлгілерін алу, ол болашақта жерге жеткізілуі мүмкін. Perseverance бортында Марс атмосферасынан оттегі алуға арналған эксперимент құрылғы бар.

Ұқсас жаңалықтар

Майя Санду Молдова президенті болды

admin

Таңғаларлық оқиға: Екі айлық нәресте ата-анасына амандасты (видео)

admin

Ауасы ең лас Еуропа қалалары анықталды

admin