logoru
logo

Сенбі, 07 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Путинге Иваново қаласының актрисасы ұсыныс жасады

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Ресейдің Иваново қаласының тұрғыны президент Владимир Путиннен өзіне үйленуді өтінді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей басшысы Владимир Путин Ивановодағы балалар емханасын аралап, қала тұрғындарымен әңгімелесті. Сол сәтте бір қыз оған "маған үйленіңізші" деп айғайлаған.

Путин абдырап қалды. Ол біртүрлі ұсыныс жасаған қызбен сөйлесіп, кейін қала тұрғыны оған алғысын айтты.

Кейінірек Путин жұртшылық өкілдерімен кездесуінде Ивановоға жұмыс сапары кезінде болған оқиғаны еске алды.

"Бос әңгіме айтқым келмейді, бірақ бұдан қашып құтыла алмайсың. Иваново әрдайым қалыңдықтар қаласы аталып келді, бүгін маған да ұсыныс жасады", - деді Ресей президенті.

Путин өзіне ұсыныс жасаған қыз енді бүкіл елге танымал болатынын атап өтті.

 

Толығырақ ...

Президент 83 әйелге кешірім жасады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Халықаралық әйелдер күніне орай бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің бір тобын кешіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Президенттің бастамасымен мемлекет басшысы жанындағы Кешіру мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мен басқа да жауапты ведомстволардың арасынан жұмыс топтары құрылып, олар сотталғандардың жеке ісін қарап, сол жерде жеке-жеке сұхбат жүргізді. 

Кешірім жасаушылардың 12-сі жазасын толық көлемде өтеуден босатылды, 29-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 17 әйелге тағайындалған жаза жеңілірек жазамен ауыстырылды. Осылайша, 58 әйел түзеу мекемелерінен босатылуда. Сонымен қатар, 25 сотталғанға қатысты жаза мерзімі қысқартылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жауапты министрліктер мен ведомстволарға кешірілген адамдарға отбасыларына және жақын адамдарына оралуға, олардың әлеуметтік бейімделуіне, пайдалы жұмыспен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамда лайықты орын алуға көмектесу тапсырылды.

Толығырақ ...

Ұлттық ұлан сарбаздары отқа оранған үйден үш газ баллонын алып шықты

KAZUS.KZ. Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары отқа оранған үйдің ішінен үш газ баллонын алып шықты. Бұл туралы Ұлттық ұлан баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, 6 наурыз күні кешқұрым Ұлттық ұлан патрулі көшеде жанұшыра көмек сұраған әйелдің дауысын естіп қалады. Аталған әйел тұрған жерге барған кезде, олар Балқантау көшесі бойында тұрған үйдің өртеніп жатқанын көреді. Әскери қызметшілер шұғыл түрде 101 пультіне хабар беріп, өртті сөндіруге кіріскен. Бес минуттан кейін оқиға орнына әскери нарядтар бойынша кезекші капитан Жеңіс Құрамысов келіп, қызметтестерімен бірге үйден үш газ баллонын алып шықты.

Жарты сағаттан кейін өрт сөндіру экипажы келіп, әскери қызметшілердің бірлескен әрекетімен қызыл жалын ауыздықталды.

«Сарбаздардың батыл іс-қимылдары үшін үй иесі алғыс айтты. Жақын арада Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің командирі аталған әскери қызметшілерді ынталандыру шараларын ұйымдастырады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

 

Толығырақ ...

Бүгін футболдан ел біріншілігі басталады

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Бүгін елімізде футболдан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы тур елордалық «Астана» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары арасында басталады. «Астана-Арена» стадионының дайын болмауына байланысты елордалық клуб бірінші айналымдағы ойынын Алматы қаласындағы «Жас қыран» стадионында өткізуді жоспарлап отыр. Соңғы алты жылда чемпиондық атақты ешкімге бермей келе жатқан «Астана» екі жылдан кейін Премьер-лигаға қайта қосылған «Қызылжарды» жеңе ала ма? Бұған дейінгі екеуара алты ойынның барлығында елордалық клуб басым түскен болатын. Бұл ойын елорда уақытымен 14.00-де басталады.

Одан кейінгі тағы бір кездесу де Алматыда жалғасады. Жергілікті «Қайрат» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Екі команда арасындағы 66 кездесудің 36-сы алматылық клубтың жеңісімен аяқталса, 16-сы «Тараздың» пайдасына шешілді. Қалғанында тең есеп тіркелді. Тараздық клуб «Қайратты» Алматыда соңғы мәрте 2010 жылы 3:0 есебімен жеңген еді. Содан бері оңтүстік астанада қарсыласының осал тұсын таба алмай жүр. Бүгінгі кездесу елорда уақытымен 15.00-де басталады.

Бүгін Шымкентте «Ордабасы» мен «Оқжетпес» ойнайды. Өткен жылы «Ордабасы» үшінші орын алып, Еуропа лигасына қатысу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал «Оқжетпес» жетінші орынды қанағат тұтты. Былтыр шымкенттік клуб аталмыш қарсыласын екі ойында тізе бүктірсе, біреуінде тең түсті. Көкшетаулық команда былтыр «Ордабасы» қақпасына бірде-бір гол соға алған жоқ. Ойын елорда уақытымен 15.00-де басталады.

Сондай-ақ, бүгін Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен Қарағандының «Шахтері» арасындағы кездесу өткізіледі. Бүгінге дейін командалар 66 мәрте кездескен. Оның 28-і «Тобылдың», 26-сы «Шахтердің» пайдасына шешілген. Қарағандылық клуб Қостанайда соңғы рет «Тобылдан» 2018 жылдың 17 наурызында 1:0 есебімен басым түскен. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталады.

Ал 8 наурызда Қызылордада «Қайсар» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Екі команда бүгінге дейін 51 мәрте кездесті. Оның 16-сы павлодарлық клубтың пайдасына шешілсе, 14-і «Қайсардың» жеңісімен аяқталды. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталады.

Премьер-лигаға 19 жылдан кейін оралған Ақтаудың «Каспий» клубы Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдайды. Екі команда бүгінге күнге дейін 13 мәрте кездесті. Оның 7-еуі ақтаулық клубтың жеңісімен аяқталса, 4-інде «Жетісу» мықты екенін танытты. Ойын елорда уақытымен 17.00-де басталаады.

Биыл Қазақстан суперкубогында «Астана» жеңімпаз атанды.

 

Толығырақ ...

Коронавирус Алматыдағы қоғамдық көлік жүрісін тоқтатуы мүмкін

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Коронавирустың кесірінен қоғамдық көлік тоқталуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

Коронавирустың кесірінен Алматыдағы бірқатар қоғамдық көлік жүрісін тоқтатуы мүмкін. Себебі, автобустарды жөндеуге қажетті Қытайдан әкелінетін қосалқы бөлешектер елге жеткізілмей жатыр. Кейбір тасымалдаушы компаниялар мәселе дер кезінде шешілмесе, қоғамдық көлік қозғалысы қиындыққа тап болады дейді.  

Алып шаһардағы ахуал Қытайдан алынған автобустарға қатысты. Алайда қалалық әкімдік тасымалдаушылар тарапынан алаңдаушылық туындағанын жасырмаса да, қара аспанды төндіруге негіз жоқ деген сенімде. Әкімдік өкілінің айтуынша, қаладағы автобус парктерінде қосалқы бөлшектер кемі екі айға жетеді. Оның үстіне шенеуніктер мегаполистегі қоғамдық көліктердің 20 пайызы ғана Қытайдан сатып алынғанын айтады.

Ал «Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден алынған автобустарға қатысты еш мәселе жоқ», - дейді әкімдіктегілер.

Әсет Төлеуішов, Алматы қалалық Мобильділік басқармасының бөлім басшысы: 

Қазірге уақытта Қытайда болған коронавирус жағдайына байланысты ол жақтан  қосалқы саймандар кішкене кешігіп келіп жатыр. Дегенмен біздің автобус парктерінде бір жарым, екі айға жеткілікті қосалқы бөлшектер бар. Осы 16-шы наурыздан кейін тағы қосымша бөлшектермен тағы бір контейнер келеді.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу