logoru
logo

Сәрсенбі, 04 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

«Музарт» тобының тарайтыны рас па? Әйгілі ұжым жауап берді

KAZUS.KZ. Бұл күндері «Музарт» ұжымы топтан гөрі жеке шығармашылықтарын мықтап қолға алған. Әншілер әр аймаққа бөлініп концерт беріп, өз тыңдармандарын қуантып жүр. Мәселен, жеке әнсапармен Сәкен Майғазиев Ақтауға аттанса, ал Мейрамбек Бесбаев еліміздің оңтүстігіндегі жұртпен қауышпақ. Жік-жікке бөлінген жігіттердің бұл әрекетіне жанкүйерлері алаңдаулы, деп хабарлайды Shownews.kz.

Бұрындары жеке шығармашылығына аса көңіл бөлмейтін Сәкен Майғазиев бүгінде ұстанымын өзгерткен. Осыдан екі жыл бұрын Алатау баурайындағы зәулім сарайда өткен жеке кеші әншінің шабытын оятқан секілді.

«Бір күнде үш концерт бердім. Бұндай жағдай сарайдың тарихында ешқашан болмаған. Құдайға шүкір, сол концерттен кейін ұсыныстар көп түсті. Жеке ән кешіммен бүкіл Қазақстанды аралап шықтым. Шынымды айтайын, күмән көп болды, күдік көп болды. Себебі, ол кезде жеке шығармашылықпен айналысып көрмеген болатынмын. Алдағы уақытта қандай кемшін тұстар болуы мүмкін. Бір күнде үш концерт берген адам басқа залды неге толтырмайды деп қолдау білдіргендер көп болды. Сол концерттерді 2018 жылы бүкіл Қазақстанға жасадым. Ал биыл ұйымдастырушылар Орал мен Ақтау қалаларына жасауға ұсыныс тастады», – дейді Сәкен Майғазиев.

Топтағы ағалар аймақтағы әнсапарға аттанудың қамына кіріссе, Кенжебектің жеке орындаушы ретінде жоспары тым басқа.

«Менің өз жоспарым бар. Астанада өткен концертімді Алматыда қайта бір дүркіретіп өткізу ойымда бар. Сол ойымда бар. Өзімнің директорым мен жанымдағы қос қанатым қолдап, қоршап Алматы беремін деген жоспарым бар», – дейді Кенжебек Жанәбілов.

«Енді ел таныған кезде концертті дер кезінде берген дұрыс. Өйткені біздің Кейін қартайғанда деген түсіністіктен арылуымыз керек. Құдай біледі ғой, одан кейін не болатынын. Жас кезде өткізсең жақсы естеліктер қалады, таспаға түсіріледі», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Топтың тағдырына алаңдаған тыңдарманға жеткізер «Музарт»  ұжымының жақсы жаңалығы бар. Келер көктемде әйгілі ансамбль 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.

 

Толығырақ ...

Мемлекеттік қызметтегі басшылықта әйелдердің үлесі 40%-ды құрайды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдіктің сақталуы туралы әңгімеледі, деп жазады Baq.kz.

Гендерлік теңгерімді заңмен қамтамасыз ету үшін "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Заңда мемлекеттік органдардың басшылары ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті екені белгіленген.

МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев Агенттікте өткен брифингтегі сөз сөйлеуінде мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 9,5 мыңнан астам әйел қызмет ететіндігі туралы ақпарат берді. Бұл басшылардың жалпы санының 40%-ын құрайды.

Бұл ретте әйелдердің лауазымдар бойынша ұсынылуы: министрлердің орынбасарлары – 14,3%, өңір әкімдерінің орынбасарлары – 7,1%; орталық мемлекеттік органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен департаменттердің директорлары – 29,2%; орталық мемлекеттік органдардың аумақтың бөлімшелерінің басшылары – 12,8%; облыстық басқармалардың басшылары – 15,3%; қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары – 15,1%, - делінген таратылған ақпаратта.

Спикердің айтуынша, Агенттік конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде, бұл мемлекеттік қызметке түсуге тең мүмкіндік жасаудың маңызды шарты болып табылады.

Мемлекеттік органдарда әңгімелесулердің барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі, сонымен қатар кандидаттар да жазу құрылғыларын пайдалана алады.

Кандидаттардан конкурстық комиссияның шешіміне шағым түскен жағдайда заңнаманың сақталуы тұрғысынан тексеру тағайындалады.

2019 жылы жүргізілген конкурстарға 52 144 адам қатысқан, бұл ретте мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлердің 24 028-ы әйелдер. Конкурс нәтижесінде тағайындалған әйелдердің үлесі – 46,2% (22 520-дан 10 397).

Жалпы ел бойынша 50 мыңға жуық әйел мемлекеттік қызметті өздерінің кәсіби қасиеттері мен мансаптық үміттерін іске асыру саласы ретінде таңдаған. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 55% құрайды және Италия, Бельгия немесе Испания сияқты ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсеткішінен асып түседі.

МҚІА өкілі бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер отбасылық міндеттерін мансаптық мақсаттарымен қоса атқара алады, сондай-ақ өзін-өзі дамыту мен шұғылдануға уақыттарын бөле алатындығын атап өтті. Бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдарда икемді жұмыс кестесі енгізілді. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметте еңбек уақытынан тыс жұмыс істеу айтарлықтай қысқарды.

Мемлекеттік қызметтің қолданыстағы моделі қызметшілерді дамыту және олардың біліктілігін арттыру, қажетті білім мен дағдыларды арттыру үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді ұсынады.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру барысында гендерлік тақырыпқа назар аударылады. Мысалға, мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімдерінің басшыларын оқыту жүйесіне халықаралық оң тәжірибе негізінде әзірленген жұмыс пен отбасын байланыстыру бойынша тақырыптық сабақтар енгізілді. "Мансап және отбасы: теңгерімді қалай сақтауға болады?" тақырыбында шетелдік сарапшыларды тарта отырып семинар өткізілді. Өңірлерде "Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясатты іске асырудың тұжырымдамасы", "Гендерлік және жастар саясатының іске асырылуы", "Отбасы және гендерлік саясат: өңірлік аспект" тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары жүргізіледі.

Толығырақ ...

Сапасыз вакцина үшін соттайтын заң шығару ұсынылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елде вакциналар мәселесі өткір болып тұр. Сол себепті вакциналардың сапасын бақылайтын өкілеттіктерді күшейту, өміріге қауіп төндірілген жағдайлар үшін жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке дейін тарту туралы ұсыныс жасалмақ. Бұл туралы Денсаулық кодексін талқылау кезінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кодексті талқылау барысында депутат Татьяна Яковлева заң жобасына сәйкес, вакциналардың сапасы, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы өнімдерге қатысты тексерулер кәсіпкерлік туралы кодекс талаптарына сәйкес жүргізілетінін атап өтті. Депутаттың пікірінше, бұл тәжірибе тосын тексерулерге тосқауыл болып, тексерудің мәні жойылуда.

Іс жүзінде бақылаушы орган тексеру туралы бір тәулік бұрын ескертуге міндетті, тексеру туралы Бас прокуротураға тіркетуі тиіс. Оның өзі 1 күннен 3 күнге дейін созылуы мүмкін. Ол уақыт ішінде заң бұзушылыққа жол бергендер барлық кемшіліктерін тып-типыл қылып жойып, келген инспекторлар ешқандай дәлел таба алмайды. Мұндай жағдайда тиімді бақылау туралы қалай айта аламыз? - деді депутат.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінде Комитет дәрі-дәрмек айналымы және медициналық көмек сапасы саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзінің бақылау функцияларын екі бағытта – азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексеру және белгілі бір кәсіпорындағы қауіп-қатер деңгейіне байланысты жоспарлы профилактикалық тексерулер жүргізетінін еске салды.

Мемлекеттің бақылау функцияларын күшейтуге бағытталған қосымша нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, лицензия берілгеннен кейінгі кейінгі бақылау бар. Сонымен қатар, жекелеген салаларда, атап айтқанда, акушерлік көмек саласында арнайы тәртіппен тексеру мүмкіндігі күшейтілді. Жалпы, осындай тексеруді күшейту шаралары қарастырылған, - деді Біртанов.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов бұл мәселенің қарастырылғанын және Кәсіпкерлік туралы кодексте тексерулер жүргізудің арнайы тәртібі бар екенін түсіндірді.

Тіркелетін жоспарлы тексерулер үшін субъект 30 күн бұрын ескерту алуы тиіс. Біз оны алып тастаймыз. Жоспардан тыс болса – тексеруден бір күн бұрын ескеріледі. Осы жерде вакциналарды әкелуге, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға қатысы бар субъектілер үшін тексеру туралы ескертуді мүлдем алып тастау ұсынылады. Біз қоғамның алаңдаушылығын түсінеміз. Егер біз вакцинацияны міндетті етсек – онда вакциналардың жоғары сапалы болатынына, сақтау, тасымалдау және пайдалану талаптарына сай болуына кепілдік беруіміз керек, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызмет сапасы және қауіпсіздігі комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға қарата айтқан сөзінде Нығматулин вакциналардың сапасын, тасымалын және вакцинаға қатысты барлық мәселелерді қатаң бақылау қажет екенін атап өтті.

Мәселен, оның ақпаратынша, вакцинациядан бас тартқан адамдардың 65%, оның ішінде балалар да елдегі вакциналардың сапасына сеніңкіремейді. Ол сонымен қатар 2003 жылы Қазақстанға вакциналардың Шығыс Еуропадан әкелінгені мен соның салдарынан адамдар зардап шеккенін еске салды.

Біз күшейттік. Қоғам білсін: депутаттар бірінші бөлімде вакциналарға қатысты тендер өткізуге жауапты органдардың жауапкершілігін күшейту туралы мәселені көтерді. Енді заңға жеке бас жауапкершілігі енгізілді. Екіншіден, егер өмірге қауіп төндірген жағдайда вакциналарды жеткізетін ұйымдар үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді. Енді вакцина жеткізушілерге заң қатал болады, - деді Нығматулин.

Тағы бір маңызды мәселе, жеткізілген вакциналардың сақталу жағдайын және сапасын тексеруге мүмкіндік беру. Ол депутаттардың талаптарды қатайтып қана қоймай, бақылаушы органдардың өкілеттіктерін кеңейту керек деген мәселені бірнеше рет көтергенін еске салды.

Біз мекемелерге, олардың қызметкерлеріне қатаң талаптар қоямыз. Вакциналарға келетін болсақ, біз оларға осы мүмкіндікті беруіміз керек. Бір жағынан оларға талап күшейді, егер олар халық денсаулығына зиян келтірсе – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Вакцинация мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі. Егер вакциналардың сапасы жақсарса, халықтың вакциналарға деген сенім артады деп ойлаймын. Сондықтан мен комитеттің өкілеттіктерін күшейту туралы норманы енгізуді ұсынамын, бұл комитет қызметкерлеріне меншік нысанына қарамастан медициналық мекемелер мен вакцина жеткізушілерге тікелей кіріп баруына мүмкіндік береді. Олар тасымалдаудың, сақтаудың және вакциналардың қолданылуын тексеруге құқылы, - деп түйіндеді Нығматулин.

Толығырақ ...

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

MMA Junkie ақпараты бойынша, қазақстандықтың қарсыласы Джордан Эспиноза болады. Америкалық спортшы UFC-де үш жекпе-жек өткізіп үлгерген: 2019 жылы бірінші кездесуінде жеңіп, кейінгі екеуінде жеңілді. Айта кетейік, ек жеңіліс те "сабмишенмен" болды. Ал жалпы ММА-де 14 жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген екен. 

Жұмағұлов - Эспиноза жекпе-жегі UFC ұйымының Қазақстандағы ең алғашқы турнирінде өтеді. Бұл шоу 13 маусым "Астана Аренада" өтеді деп күтілуде.
Толығырақ ...

Шипажайда баланы ұрып-соққан бейне таралды

KAZUS.KZ. “Facebook” әлеуметтік желісінде тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан бейне жарияланды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-әрекет Ақтөбе облыстық “Чайка” балалар санаториясында орын алғаны анықталды. Аталған факті бойынша Алматы ауданының №4 полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дене жарақаттарының болуы мен ауырлығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды.

Толығырақ ...

Ақтауда Халықаралық әйелдер күні тойланбайтын болды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ақтауда коронавирустың бүкіл әлемде таралуына байланысты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт қойылмайтын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Амал мен Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде теңіз жағалауында өтеді. Бұл туралы Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Құсайынова хабарлады.

Ақтауда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараларды Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткізу жоспарланған. Коронавирустың бүкіл әлемде таралуына байланысты қауіпсіздік мақсатында концерт болмайтын болды. Амал мен Наурызға арналған мерекелік шаралар ашық жерлерде ұйымдастырылғандықтан өтетін болады, - деді Құсайынова Ладаға берген түсініктемесінде.

Дәстүр бойынша, 21-22 наурыз аралығында теңіз жағалауында киіз үйлер тігіледі. Наурыз мейрамы кезінде жағалауға орнатылатын әр киіз жанына қол жууға арналған диспенсерлерді орнату жоспарланған.

Сондай-ақ, киіз үйлер желдетіліп, жоғарыдан түндігі ашылып қойылады.

Толығырақ ...

Қазақстанда электронды темекіге құмар жасөспірімдердің саны артуда

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы балаларды электронды темекіден қорғау жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Электронды темекі (вейп) - бұл тартуға арналған, дисперсті түтін шығаратын құрылғы. Оның пішіні мен көлемі әртүрлі болып келеді. Кейбірі әдеттегі шылым, сигара немесе түтік сияқты болса, кейбірі қалам, флешка және басқа да тұрмыстық, әдетте жастар пайдаланатын заттарға ұқсас. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қандай бола да, электронды темекі жастар үшін қауіпті екенін ескертеді.

Орталық Қазақстанда электронды темекіні тұтыну статистикасымен бөлісті. Кейінгі деректер бойынша, жасөспірімдер арасында электронды сигареттер - ең жиі пайдаланылатын темекі өнімдерінің біріне айналған. 11-15 жас аралығындағы балаларға орталық жүргізген зерттеу қазіргі электрондық темекіні тұтынушылар саны жас өсе келе артып келе жатқанын анықтаған. Бұл әсіресе ұлдар арасында байқалады.

«Осылайша, электронды темекіні тұтынушылар, ауыл балаларымен салыстырғанда, қала балалары (4%) арасында екі есе көп. Қыздармен (1,6%) салыстырғанда, ұлдар (4,6%) арасында тіпті үш есе артық. Электронды сигаретті тұтынушылар саны 15 жасқа қарай (5,2%) екі жарым есе ұлғайып отыр. Қазақстандық жастар арасында электронды шылымның танымалдығы кейбір жағдайда әдеттегі темекіні тартудан асып түседі. Келешекте никотині бар өнімдердің осы жаңа түрін пайдаланудың өсімін күтуге болады», - деп хабарлайды Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығынан.

Мысалы 2014 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстанда 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында электронды темекіні тартудың қарқынды өсімі байқалған. Ұлдар үш есе, қыздар екі есе осы өнімдерді жиі пайдалана бастаған. «Электронды шылымның көпшілігінде никотин болады. Көптеген электронды темекіден жағымды манго, жемістер мен кремнің дәмі шығып тұрады. Әйтсе де электронды темекідегі аэрозоль зиянсыз емес. Құрамында никотин, канцерогенді химикаттар, ұшпа органикалық қоспалар, өкпе ауруына байланысты хош иістендіргіштер, никель, қалайы және қорғасын сияқты ауыр металдар болуы мүмкін. Жастар арасында вейпинг кең тараған АҚШ-та электронды темекіні тартудың кеселінен 68 өлім жағдайы тіркеліп, 2806 адам өкпе ауруына шалдыққан», - деп хабарлайды орталықтан. Балаларды электронды темекіден қалай қорғау керек? Ол үшін орталық темекіден таза орта құру жөніндегі кешенді саясатты енгізіп, бағаны арттырып, осындай өнімдердің маркетингін шектеу керектігін хабарлайды.

Толығырақ ...

Атырауда бес қабатты тұрғын үй өртке оранды

KAZUS.KZ. Атырау облысы өрт сөндірушілері бес қабаттағы үйден шаққан өрттің алдын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 3 наурызда Атырау қаласында А. Құнанбаев көшесі, 30 «А» үй мекен-жайында орналасқан бес қабатты үйдегі өрт сөндірілді. Өрт балконға өту арқылы пәтерлердің бірінде орын алды, өрт аумағы 14 шаршы метрді құрады. Қалған үйлер зардап шеккен жоқ.

Шақыру сағат 16: 14- те келіп түсті, сағат 16: 54-те өрт толығымен жойылды.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің кәсіби және уақытылы іс-әрекеттерінің арқасында үш иінді сатының көмегімен 12 адам құтқарылды, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала,ең кішісі 1 жыл болды және ең үлкен баласы 7 жаста болды. Баспалдақпен 37 адам эвакуацияланды (оның ішінде 7 бала).

Шақырту орнына Атырау облысы ТЖД 5 бірлік техника мен 20 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Әр адам өз өмірі үшін жауапты екенін атап өту керек. Үйде өрт болмауы үшін: кереуетте, балкондарда темекі шегу, бірнеше қуатты тұрмыстық техниканы бір розеткаға қосу арқылы электр желілерін шамадан тыс жүктеуге жол бермеңіздер, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, сіріңкемен ойнауға, электр мен газ құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз. Қосылған электр және газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Бұл қарапайым ережелерді сақтамау қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.


Толығырақ ...

Кеңсені вирустан қалай тазарту керек – эколог кеңесі

  • Бөлім:  Советы

Ауа ылғалдандырғыш пен желдеткіш арқылы вирустардан қорғанудың қажеті жоқ. Бұл туралы Ресейдің экологиялық лаборотория директоры Антон Ястребцев айтты, деп жазады "24 хабар" life.ru сайтына сілтеме жасап.

«Желдеткіш кеңседегі микроорганизмдер мен вирустарды жоюға әсер етпейді. Керісінше, жағдайды нашарлатуы мүмкін. Ультракүлгін лампалары бар ауа тазартқышты немесе бактерицидті лампалары бар ауа рециркуляторын қолдануды ұсынамын», - деді сарапшы.

Дегенмен, мұндай құрылғыларды орнатуды арнайы мамандар жүргізуі керек. Маманның айтуынша, кеңседе ауаны ғана емес, есіктердің тұтқаларын, ыдыс-аяқтарды және компьютер пернетақталарын жиі тазартып отыру керек.

«Кеңселерді тазалаған кезде есік тұтқаларына, үстел үсті мен пернетақталарға ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ кеңседе басқа адамдардың ыдыстарын пайдаланбаған жөн. Қолды жиі жуу керек», - деп қорытындылады эколог.

Толығырақ ...

Сенат Төрағасы: Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады

KAZUS.KZ. Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда қазіргі уақытта 1071-ден 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы ғана жұмыс істеп тұр. Яғни, жеңіл өнеркәсіптің әдеттегі кәсіпорны - бұл тігін немесе аяқ киім фабрикасы емес, ателье және артель. Кейбір салаларда 1 ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Бұл ретте барлық кәсіпорындардың орташа қуаттылығы 26 пайыздан сәл асады. Саладағы қызметкерлер тізімі 12 700 адам, ал шынайы түрде – 9 300. Бұл көрсеткіш кеңестік уақытында 200 000 болған», - деді Д. Назарбаева Сенатта еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттағаннан гөрі, 17 есе көп импорттайды.

«Қазіргі кезде Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отыр, солардың есебінен кәсіпорындар жұмысын жалғастыруда. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, ассортиментті кеңейтуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады. Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Нәтижесінде, бюджет қаражаты елден шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытуға демеуші болады», - деді Сенат төрағасы.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу