logoru
logo

Сәрсенбі, 25 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Ұлыбритания ханзадасынан COVID-19 табылды - БАҚ

  • Бөлім:  Әлемде

71 жастағы ханзада Чарльздан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды KAZUS.KZ сарай мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Уэльский ханзадасының коронавирусқа тесті оң нәтижені көрсетті", - делінген басылымда.

Басылымның мәліметінше, II Елизаветаның ұлы Уэльский ханзада Шотландиядағы үйінде оқшауланып, бірнеше күн бойы қашықтан жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, одан ауру белгілері жеңіл түрде байқалып жатқаны хабарланды.

Оның жары Камилла, Корнуольская герцогиниясына да талдау жасалды, коронавирус анықталған жоқ.

Толығырақ ...

Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтырды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 


"25 наурыз күні сағат 16:40-та Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді", - делінген хабарламада. 

Сонымен, қазіргі уақытта Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырды. Елордада - 41, Алматыда -31, Қарағандыда - 2, Шымкентте - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 жағдайдан тіркелді.




Толығырақ ...

Қазақстанда 2 пациент коронавирустан жазылып кетті

  • Бөлім:  Қоғам

Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінене ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды KAZUS.KZ


«Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл - біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл - дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы - өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», - деді Дәурен Абаев.



Толығырақ ...

Қазақстанда бір күнде 725 мың медициналық маска өндірілді

KAZUS.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазіргі таңда Қазақстандағы фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының бәрі толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн данаға дейін маска өндіре алатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек 2020 жылдың 23 наурызында барлық масканың күндік көлемі 725 мың дананы құраған. Оның 221 мыңын фармацевтикалық компаниялар өндірсе, 504 мыңын тігін компаниялары шығарған. Қоймаларда қазіргі таңда 584 мың дана маска бар.

«Ақпарат алдымен медициналық маска сататын «СК-Фармация» ЖШС-ге беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімдерді елдің өңірлері бойынша таратады. Дәкелі мен маталы маскалар жергілікті билік органдарымен келісімшарт негізінде сатылады. Бүгінгі күні медициналық бетперделер шығару бойынша жұмыстарды тәулік бойы отандық кәсіпорындар жүргізуде. Олар: «Dolce» ЖШС (Алматы облысы), «Super-pharm» ЖШС (Жамбыл облысы), «Mega Pharma» ЖШС (Жамбыл облысы), «Medical Active Group» ЖШС (Алматы), «Мерусар» ЖШС (Павлодар), «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе). Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп маска өндірісіне 70-тен астам тігін кәсіпорны, атап айтқанда «Dalatеx» ЖШС (Қызылорда), «Большевичка» ЖШС (Қостанай), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау), «КазЛегПром» ЖШС (Алматы), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау облысы) компаниялары тартылды», - деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметінен.

Тігін және фармацевтика кәсіпорындарын маска өндіруге арналған шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік «Azala Textile» ЖШС-мен бірге дәке өндірісін бастау туралы мәселені пысықтаған. Қазіргі таңда қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың қума метр болатын 3 станок іске қосылған. «Бүгінгі күні барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорнының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн данаға дейін маска өндіруге мүмкіндік береді. Отандық тігін кәсіпорындары мақта-мата маталардан (дәке, бөз, миткаль) көп реттік 4,8,16 қабатты маска шығарады», - деп хабарлайды министрліктен.





Толығырақ ...

Елордада қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтатылуы мүмкін

  • Бөлім:  Қоғам

Карантин салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгереді, деп хабарлайды KAZUS.KZ CTS компаниясына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штаб шешімімен 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қоғамдық көліктің жұмыс кестесі өзгереді. Автобустардың жұмыс кестесі енді 21:00-ге дейін емес, 19:00-ге дейін болады. Сонымен қатар, 28 наурыздан бастап карантиндік аймаққа кіретін қала маңындағы барлық бағыттар тоқтатылады. Олар: Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы. Алтынсарин, Нұрлы ауылдары (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326). Оған дейін, 21 наурыздан бастап карантин аймағына кірмейтін қала маңындағы Ақмол, Қабанбай батыр, Р. Қошқарбаев, Максимовка, Воздвиженка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевка, Малотимофеевка және Шұбар (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 315, 316, 317 және 318) ауылдарына жүретін автобустар тоқтатылды. Шектеу шаралары мен өзгерістер карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

«Бүгінгі күні автобуста қолма-қол ақысыз төлем жасау - 98 пайыз. COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында жолаушыларға ақысыз төлемге өтуге кеңес беріледі. Барлық тариф жоспарларын және көлік карталарын біздің кассаларымыздан, RTVM-автоматтарынан, лезде толтыру пунктерінен және City Transportation Systems қашықтық сервистерінен толықтыруға болады. Қашықтан толтыру орындарын, сонымен қатар SMS және QR талаптары www.transcard.kz сайтында көрсетілген. Карантин қатаңдатылған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқпасына қарсы жедел штаб қоғамдық көлікті толықтай тоқтату туралы мәселені көтеруі мүмкін», - деп атап өтеді компаниядан.




Толығырақ ...

Құрлықтық хоккей лигасының қалған бөлігі өтпейтін болды

  • Бөлім:  Спорт

Құрлықтық хоккей лигасының қалған бөлігі өткізілмейтін болды. Бұл шешім әлемді алаңдатып отырған COVID-19 дертінің өршуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды KAZUS.KZ  лига сайтына сілтеме жасап.

Қазірге дейін плей-офф сатысының жартылай финал ойындары өткізілді. Ал жартылай финал кейінге шегерілген болатын. Шешім ойыншылар, жанкүйерлер, клуб қызметкерлері және өзге де азаматтардың қаупсіздігі үшін қабылданған. Бұл шешімді қабылдау үшін тиісті мамандармен кеңес жүргізілді. Нәтижесінде мамандар тарапынан осындай ұйғарым жасалды. Коронавирус дертінің жағдайына байланысты бірқатар клубтар жарысты жалғастырудан бас тартты. Олардың қатарында Финляндияның «Йокерит» және қазақстандық «Барыс» командалары бар. Сондай-ақ, дерттің өршуінен кейбір шетелдік хоккейшілер Ресей аумағына келуден бас тартты.





Толығырақ ...

Бразилияда COVID-19-дан көз жұмғандар саны 46-ға жетті

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. 2247 науқас қауіпті кеселді жұқтырған, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі вирустан келетін өлім-жітім қаупі 2%-ті құрағанын мәлімдеді. Оның басым бөлігі тұрғындар ең көп шоғырланған қала Сан-Паулуда тіркелген. Тағы 6 инфекция жұқтырушы Рио-де-Жанейрода анықталған. Тұрмыс-тіршілігі төмен отбасыларға жеке гигиена заттары таратыла бастады.

Мария Хосе Альвес, жергілікті тұрғын:

- Менің қыздарыма жұмысқа келмей, үйде отырыңдар деген тапсырма берді. Дегенмен, жалақыларын тоқтатып тастаған. Үкімет сонда нені ойлап отыр. Бідің азық-түлік, дәрі-дәрмек алуымыз керек. Ал жұмыстары болса, тоқтап қалды. Ақша жоқ.

Бұл арада Латын Америкаға саяхаттап келген туристер әуежайда қамалып қалды. Өйткені елдің барлық өңірлері дерлік карантин жариялады. Ал еліне қайтайын десе, әуе билетінің құны шарықтап кеткен.

Айта кетейік, Колумбия, Эквадор, Аргентина, Чили, Венесуэла және Перу бірнеше аптаға шекараларын жауып тастады. Жалпы барлық Латын Америка елдерінде коронавирусты 6 мың адам жұқтырған. 95 науқас індеттен ажал құшты.


Толығырақ ...

Израильде коронавируспен күреске арнайы қызмет өкілдері жұмылдырылды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Израильдің арнайы қызмет мамандары коронавируспен күрес бойынша төтенше өкілеттілікке ие болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Енді олар сот ордерінсіз адамдарды аңдуға мүмкіндік алады. Бірақ бұл шешім құқық қорғаушылардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ал, билік өкілдері «бұл шара тек коронавирус жұқтырғандарға қатысты болады», дейді

. Израиль қауіпсіздік қызметіне коронавируспен ауырғандарды телефоны арқылы бақылап, олармен байланыста болған адамдарды өзінше анықтауға рұқсат берілді. Заң бойынша арнайы қызметтердің тек екі жағдайда ғана ұялы байланыс компаниялардың мәліметтерін пайдалануға құқығы бар. Терроризмге қарсы күресте және соттың арнайы рұқсаты болғанда ғана. Ал енді үшінші себеп – коронавируспен күрес бағыты қосылды, ол үшін тіпті сот ордері де керек емес. Мамандардың айтуынша, тек науқастардың телефондары тексеріліп, соңғы екі аптада кімдермен қарым-қатынаста болғаны ғана анықталады. Мәлім болған дерек тек Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылып, министрлік өз кезегінде әлгі азаматтарға науқаспен байланыста болғанын дәлелдеп, екі апта үй карантинінде болуды міндеттеп хабарлама жібереді.

Лиор Табанский, арнайы қызметтер жұмысы жөніндегі сарапшы:

- Бұл шешім ең алдымен дүрбелеңге жол бермес үшін қабылданған. Қажет ақпаратты көпшілікке жария етпей, тек нақты тұлғаларға хабарлаймыз. Өзге адамдардың зәресін текке ұшырмау амалы дер едім.

Қатал шараларға қарамастан, індеттің таралуына әлі тосқауыл қойылған жоқ. Күн сайын 20-25 адам індет жұқтырады. Әскерилер де қалыс қалмай, қорғаныс саласы енді өз қатарына қосымша 300 мың адам шақыртып, полицияға дезинфекция жасауға көмектесіп жүр.

Лиоз Шахар, тыл қызметінің офицері:

- Батальонымызды Гедера қаласындағы қарттар үйіне жіберді. Біз қызметкерлеріне көмектесіп, барлық бөлмелерді залалсыздандырып жүрміз.

Израиль флотындағы кемелерге барлық экипажымен теңізге шығуға бұйрық берілді. Жағаға жақындамай, қажетті заттар тік ұшақтармен жеткізіліп, жөндеу жұмыстарын өз күшімен атқаратын болды. Әскери базаларға да ешкімді жібермей, жауынгерлерді де сыртқа шығармайды.


Толығырақ ...

Жұбаныш Жексенұлы бұрын-соңды болмаған концерт өткізді

KAZUS.KZ. Карантиндегі жұлдыз! Күні кеше Жұбаныш Жексенұлы онлайн ән кешін ұсынды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Коронавирусқа байланысты  республика бойынша той-томалақ пен концерттер өткізуге тыйым салынғаны белгілі. Бірақ отандық әншілер тығырықтан шығар жол тапқан сыңайлы. Енді шоу-бизнес өкілдері онлайн концерт беруге көшті. Қашықтықтан алғаш ән кешін берген Жұбаныш Жексенұлы.

 «Шынымызды айтсақ, мұндай концертті бәріміз де басымыздан бірінші рет кешіп отырмыз. «Карантиндегі жұлдыз» концертіне қош келдіңіздер! Сыртқа құлақ түріп, үйден шыға алмай отырған кезде әрине, осындай іс-шаралар өте маңызды», – деді Жұбаныш Жексенұлы.

Иә, әнші біршама уақыт бойы жұрт назарынан жырақтап, сахнаға да сирек шығатын болған. Қалың жұртшылықпен дәл осылай жүздесуге Жексенұлы жүрексінгенін де жасырмайды.

«Карантин туралы, Қазақстандағы әртүрлі жаңалықтар туралы ойымды айтқым келіп, күні бойы дайындалып жүргенмін. Бірақ эфир басталғанда бәрі есімнен шығып кетті. Көрерменнің алдына көптен бері шықпағаннан ба, сондай бір қобалжу бар», – дейді әнші.

Кеш барысында өнер иесінің репертуарындағы ең таңдаулы туындылары мен жыр-термелер де шырқалды. Сондай-ақ, Абайдың 175 жылдығын жадынан шығармаған Жұбаныш мырза, ұлы ақынның өлеңін де тарту етті.

«Дайындығымыз аз болса да, біз сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз. Уақытша қолайсыз жағдайда қалсақ та, үйде күнімізді мазмұнды өткізіп, осы концерт сияқты қызықты сәттерімізді бөлісіп отырғаныма қуанамын», – дейді өнер иесі.

Life форматта өткен ән кеште, өнер иесінің ұлы Әбілхайыр Жексен де бой көрсетті. Індеттің таралуы тоқтап, әдеттегі өмірге қайта оралған бойда Жұбаныш Жексенұлы да шығармашылығына білек сыбана кіріспек. Өнер иесі гастрольдік сапарлар мен  тыңдарманмен қауышатын күнді күтіп жүр.

«Менің шығармашылығымда, әншілік жолымда біршама уақыттар өтті. Біраздан бері көрінбей қалдым, естілмей қалдым деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның барлық қаласын, ауылын аралап, концерт беремін деп жоспарлап отырғанмын. Бірақ осы жағдайларға байланысты ол кейінге қалып тұр. Дүрбелең басылып, бәрі орнына келсе деген тілегім бар», – деді Жексенұлы.

Толығырақ ...

Берлин - Алматы чартерлік рейсіндегі жолаушылардың көбі коронавирус жұқтырған

  • Бөлім:  Қоғам

Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсінің алты жолаушысы мен бір бортсерігінен коронавирус расталды, - деп хабарлайды KAZUS.KZ. Бұл туралы Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифингте айтты.

12 адам болған чартерлік рейс Германиядан 12 наурыздан 13 наурызға қараған түні келген. Экипажды қоса алғанда, барлық жолаушы жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланды.

 "Осы 12 адамның әрқайсысы, яғни тоғыз жолаушы мен экипаждың үш мүшесі жеке-жекеден оқшауланды. Диагноз 6 жолаушы мен бір бортсерікте расталды", - деп түсіндірді Молдағасымова.

Қаланың бас санитар дәрігері бұл рейстің тұрғындар үшін қауіпі жоқ екенін айтты, себебі ондағы адамдар дер кезінде карантинге жатқызылды. 

Еске салайық, соңғы деректер бойынша, Қазақстанда жалпы 79 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу