logoru
logo

Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Симеоне әлемдегі ең табысты бапкер

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. «Атлетико» футбол клубының бас бапкері Диего Симеоне әлемдегі ең табысты бапкер атанды, деп жазады prosports.kz.

Рейтингті әлемдік атағы бар France Football басылымы жасады. Рейтингті жасау барысында бапкердің жалақысы ғана емес оның жеке табыстары да есептелген. 
Диего Симеоне 40,5 миллион еуро табысымен бірінші сатыға жайғасты.

«Интердің» бас бапкері Антонио Конте 30 миллион еуромен екінші орынға тұрақтаған. Үздік үштікті «Манчестер Сити» бапкері Пеп Гвардиола түйіндеп тұр. Ол бір жылда 27,5 миллион еуро пайда тапқан.

Толығырақ ...

Кәмшат Жолдыбаева желіні тағы да шулатты

KAZUS.KZ. Қос қаладағы карантинге байланысты үйде отырған Кәмшат Жолдыбаева, TikTok желісінің жұлдызына айналмақ, деп хабарлайды Shownews.kz 

Әлемді жайлаған аты жаман індет, отандық шоу-бизнес өкілдерінің шабытын оятып, жаңа қырын ашқан сыңайлы. Той-томалақ пен концерттерден қолы босаған өнер иелері, түрлі челленджерде белсенділік танытуда. Ал Кәмшат Жолдыбаеваны үйде құр қамалып отыру қажытса керек,  әнші TikTok желісіне тіркеліп, бейнеролик түсіруге көшкен.

Алайда дәл осылай ешбір қатесіз тик-ток таспалау, апалы-сіңлі Жолдыбаеваларға оңайға соқпаған. Анығында сәтті бейнеролик үшін қос бикеш біраз тер төккен көрінеді.

«Қымбатты қазақ елі! Әз наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Көріп отырғандарыңыздай біздің бүкіл күніміз, түніміз осы  шаңырақтың астында өтіп жатыр. Оған ешқандай шағым жоқ. Себебі жанұямыздың, жақындарымыздың жанында болатын керемет сәт. Осы кезді пайдаланып, көңіл-күйді түсірмей, өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін елдің қауіпсіздігі үшін үйде отырайық», – деді әнші.

Иә, TikTok бүгінде дүниежүзін жайлаған вирус сынды тез таралуда. Аталмыш бейнехсотинг Қытай компаниясына тиесілі. Қазіргі уақытта қосымшаны жершарындағы 150 мемлекеттің  500 миллион тұрғыны тұтынады. Ал отандық әншілер арасында Абай Бегей, Салтанат Бақаева, Айқын Төлепберген, Бонапарт, Айдана Меденовалар көш бастап тұр.

Толығырақ ...

Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды

KAZUS.KZ. Алматының маңындағы блок-бекеттерді айналып өтпек болған тәртіп бұзушылар 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды sputniknews.kz Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның үш азаматы және бір шетелдік азамат қала маңындағы блок-бекеттерді айналып өтіп, карантиндегі Алматыға кіруге тырысқан. Оларды Ұлттық ұланның әскерилері ұстады.

"Ұсталғандардың арасында болған 20 жастағы Қырғызстан азаматының құжаты жоқ болып шықты. Сондай-ақ, Алматы облысының екі тұрғыны мен Түркістан қаласының 44 жастағы тұрғыны бар. Олардың бірі Ақсай өзені арқылы қалаға кіруге тырысса, қалғандары Покровка ауылының маңындағы өткізу пунктінде ұсталған", – деді Қарасай ауданының полиция басшысы Асхат Данияр.

Әкімшілік соттың шешімімен қазақстандық құқық бұзушылар 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал шетелдік қыз кім екені айқындалғанға дейін қабылдау орталығында болады.




Толығырақ ...

Нұр-Сұлтанда қолданылған маскалар мен қолғаптарды жинау үшін 80-ге жуық контейнер орнатылды

  • Бөлім:  Қоғам

Елордада қолданылған маскалар мен қолғаптарды жинау үшін 80-ге жуық контейнер орнатылды, - деп хабарлайды KAZUS.KZ  Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, пайдаланылған медициналық қорғану құралдарын дұрыс әрі қауіпсіз жою мақсатында қалада қалдықтар (маскалар, қолқаптар, антисептиктер) тастайтын арнайы контейнерлер қоятын орындар анықталды. Бұл карантин жағдайында жұмыс жасап тұрғаны және азаматтар ең көп баратын супермаркет, гипермаркет және сауда үйлері.

Контейнерлердің жалпы саны 77 дейді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасындағылар. Нақты қай жерлерде орнатылғанын мына жерден көруге болады.

Толығырақ ...

2020-2024 жылдарға арналған бюджет нақтыланады - Мамин

KAZUS.KZ. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов және мемлекеттік органдардың басқа да басшылары баяндама жасады. 

 

Кеңеске қатысушылар 2020 жылға арналған бюджет параметрлерін және мемлекеттік сатып алу саласында қабылданып жатқан шараларды талқылады, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тізілімін жасау және арнайы мемлекеттік сатып алу режимін енгізу, қамтамасыз ету жарнасын немесе банк кепілдемесін ұсыну қажеттігін алып тастау болды. 

"Валюта нарығын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті салықтық ынталандыру, несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және сыйақы төлеуді тоқтата тұру, жұмыс берушілерді, әсіресе, ШОБ-ты қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға әлеуметтік төлем жасау, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін тегін азық-түлік жиынтығын үлестіру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ карантин кезеңінде коммуналдық қызметтерге төлемдерді төмендету шаралары қарастырылды.

Тест жүйелерімен, өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғыларымен, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді", - делінген премьер-министрдің сайтында. 

Премьер-министр Үкіметтің қысқа мерзім ішінде 2020-2024 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізетінін атап өтті. 

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді әрі жедел іске асыру бойынша нақты шараларды қабылдауды тапсырды. 

Толығырақ ...

«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды

  • Бөлім:  Қоғам

Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп жазады  KAZUS.KZ үкіметтін ресми сайтына сілтеме жасап

Бұл туралы «Birgemiz» Қоғамдық қоры хабарлайды,

Жиын барысында Қордың қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланып, оған белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кірді. 

Қор құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша Мемлекет басшысының ұсыныстары ескеріле отырып, Қамқоршылар кеңесінің құрамына: Қамқоршылар кеңесінің төрағасы - «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Қамқоршылар кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай, кеңес мүшелері – Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Волонтерлер лигасы» Қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Ұлттық волонтерлар желісі» Заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Вера Ким,  «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Мұқашова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Юрий Пя және «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов кірді. 

Қордың жоғары басқару органы – Құрылтайшылардың жалпы жиналысының төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов болды. 

Қордың құрылтайшылары – «Ардагерлер ұйымы» (Бақтықожа Ізмұхамбетов басқарады) және «Мир через духовность» қоғамдық бірлестіктері (Сәуле Мұқашова басқарады).

«Birgemiz» Қорының Басқарма төрағасы Руслан Сакеев қорға «Nur Otan» партиясының жан-жақты көмегі қажет екендігін атап көрсетті. Өйткені осынау қоғамдық бірлестіктің әрбір өңірде филиалдары жұмыс істейді, қажетті материалдық-техникалық базаға ие және «Jas Otan» жастар қанатының кең ауқымды волонтерлар желісі бар. 

«Бірінші отырысты біз «Nur Otan» партиясының қабырғасында өткізіп отырмыз, өйткені оның мүмкіндіктеріне сүйенгіміз келеді. Елбасының қолдауымен қорға қаражат түсіп жатыр, ал халықтың ауқымды бөлігімен тиімді жұмыс жүргізу үшін бізге инфрақұрылым, зор ұйымдық тәжірибе және адамдар қажет. Бұл аталғандардың басым бөлігі бүгінде тек партияда ғана бар» - деп атап өтті Руслан Сакеев. 

Бүгінде жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдері $40 млн-нан астам қаражатты топтастырды. Бұл қаражат Қамқоршылар кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жүмыс басталды. 

Өз кезегінде Бауыржан Байбек Қамқоршылар кеңесі атынан Елбасы үндеуіне қолдау көрсеткен бизнесмендерге алғыс айтып, қазақстандықтардың бірлесе отырып, кез келген дағдарысты еңсеретініне сенімділігін білдірді. 

«Елбасы, «Nur Otan» Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз өзіміздің барлық ұйымдық және медиа ресурстарымызды қордың тиімді жұмыс істеуі үшін ақысыз негізде ұсынамыз», - деді Бауыржан Байбек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясы аясында «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары желісі бойынша халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек көрсету қор құрылғанға дейін басталып кеткенін атап өткен жөн. 

Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлді. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күреске Елбасының шешімімен Тұңғыш Президент Қоры тағы да 200 млн теңге бағыттады. 

Бүгінде «Jas Otan» волонтерлары мен партия белсенділері халықтың әлеуметтік осал санаттарын антисептика және гигиена құралдарымен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен байланыссыз тарату жолымен қамтамасыз етуде. Тек соңғы төрт күнде бүкіл ел көлемінде 7 мыңға жуық отбасыға 130 млн теңге сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді. 

Толығырақ ...

Air Astana 29-наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды қайтаруды тоқтатады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Air Astana" әуе компаниясы 29 наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды қайтаруды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 


Әуе компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, коронавирустың кеңінен таралуына байланысты бірқатар елге кіріп-шығуға шектеу қойылды. Соған қарамастан, "Air Astana" әуе компаниясы 1-23 наурыз аралығында 37 500-ден астам қазақстандықты шетелден қайтарды. Осы айдың соңына қарай елге әкелінетін Қазақстан азаматтарының жалпы саны 40 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

"22 наурыздан 14 сәуірге дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантинге және елдегі төтенше жағдайға байланысты рейстердің 95%-і тоқтатылды (2863 орнына 140 рейс орындалады), және 22 наурыздан бастап барлық ішкі рейстер тоқтатылды, 29 наурыздан халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада. 

Халықаралық рейстердің кестесі airastana.comсайтында жарияланып тұрады.16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. Cоңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті. Оның 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.




Толығырақ ...

Үкіметте президент тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды

  • Бөлім:  Cаясат

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды, деп хабарлайды KAZUS.KZ Үкіметтін ресми сайтына сілтеме жасап

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә. Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М. Әбілқасымова, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов және мемлекеттік органдардың басқа да басшылары баяндама жасады. 

Кеңеске қатысушылар 2020 жылға арналған бюджет параметрлерін және мемлекеттік сатып алу саласында қабылданып жатқан шараларды талқылады, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тізілімін жасау және арнайы мемлекеттік сатып алу режимін енгізу, қамтамасыз ету жарнасын немесе банк кепілдемесін ұсыну қажеттігін алып тастау болды. 

Валюта нарығын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті салықтық ынталандыру, несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және сыйақы төлеуді тоқтата тұру, жұмыс берушілерді, әсіресе, ШОБ-ты қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға әлеуметтік төлем жасау, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін тегін азық-түлік жиынтығын үлестіру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ карантин кезеңінде коммуналдық қызметтерге төлемдерді төмендету шаралары қарастырылды.

Тест жүйелерімен, өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғыларымен, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.   

Премьер-Министр Үкіметтің қысқа мерзім ішінде 2020-2024 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізетінін атап өтті. 

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді әрі жедел іске асыру бойынша нақты шараларды қабылдауды тапсырды. 

Толығырақ ...

Лукашенко шетелге кеткен азаматтарын әкелмейтінін айтты

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ.  Беларусь елінде соңғы бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны он пайызға өсіп, 76 адамға жетті. Алайда үкімет әлі күнге дейін карантин жариялаған жоқ. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Жеке меншік компаниялар өз бетімен қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырып жатыр. Студенттер оқуға бойкот жариялап, сабаққа барудан бас тартпақ. Сарапшылардың пікірінше, Беларусьте карантин осы аптада жариялануы керек. Алайда билік мұндай қадамға баруға асықпай отыр.

Осыдан 10 жыл бұрын басылымдар Беларусьті Еуропадағы соңғы диктатура деп атайтын. Алайда пандемияға байланысты бүкіл әлем қоршау орнатып жатқанда, бұл ел демократия үлгісін көрсетіп отыр. Шекаралары ашық, ірі фестивальдар мен спорт жарыстары өтіп жатыр. Ал вирус туралы әңгімені ресми деңгейде әбігерге салыну және арандатушылық деп есептейді. 

Адамдарды өздері және жақындары үшін жауапты болуға үйрететін кез келді. Егер жөтеліп немесе түшкіріп жүрсең сыртқа шықпай, өзгелерге жұқтырма. Бар мәселе осында,- Беларусь президенті.Александр Лукашенконың бұйрығы бойынша, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде індет туралы жалған мәліметті таратып жүргендерді іздеуге кірісті.

Сондай-ақ, елден кетпеу ескертуіне құлақ аспай, шетелге барған азаматтарға қарсы қатал шара қабылданбақ. 

Біз шетелге бармауды талай рет айтқанымызбен бәрібір тыңдамайды. Ескертуімізден кейін шетелге кеткендерге чартер жібермейміз. Енді пандемия біткенше, сонда қала берсін, - дейді Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Ал осы кезге дейін сыртқы істер министрлігі қабылдаған шаралар арқасында екі мыңдай азамат отанына оралды. Қазір елден тыс жерде Беларусьтің бірнеше жүздеген тұрғыны бар. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың бәрі жақын арада үйіне оралады.  

Ұлттық әуетасымалдаушы компанияның жоспарланған рейстерінен бас тартуға ниеті жоқ. Еуропалық Одаққа да қатынап, Беларусь азаматтарын Минске жеткізуін жалғастырады, - деді Беларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анатолий Глаз.

Ресми статистика бойынша ауруды жұқтырғандар саны көп болмағанымен, дүкендерде ұн, макарон мен қант қалған жоқ. Қытайдан елге коронавирусты анықтайтын мыңдаған экспресс-тест жеткізілді.

Толығырақ ...

Коронавирус Африканы жайлап барады

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Коронавирус Африка құрлығын да айналып өтпеді. Қазір аймақта жұқпалы дерт кең етек жайып барады, деп жазады Хабар 24.

Осыған орай Оңтүстік Африка Республикасының президенті елде 21 күнге жалпыұлттық карантин жариялады. Аймақта биліктің қойған талаптарының  орындалуын полиция ғана емес жергілікті әскерилер де қадағалайтын болады. Ал Гаитиде КОВИД-19-дан алтыншы адам көз жұмды. Өңірде төтенше жағдай жарияланып, кешкі сағат 8-ден бастап, таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілді. Аймақтағы әуежай, мектептер, фабрикалар мен кемежайлар жұмысын уақытша тоқтатты. Доминикан Республикасында да 75 адам осы вирусты жұқтырып, 3 адам қайтыс болды.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу