logoru
logo

Сәрсенбі, 18 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

КОРОНАВИРУС: Алматы волонтерлері макса таратуды қолға алды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанатының ұйымдастыруымен волонтерлер "COVID-19"  коронавирус инфекциясының таралуына байланысты #Birgemiz челленджін бастады, деп жазады baq.kz.

Челлендж барысында жасотандық волонтер Шербаева Бибінұрдың бастауымен қазіргі уақытта тапшы болып жатқан көп рет қолданылатын 100 медициналық маскаларды тігіп, мұқтаж жандарға тегін таратпақ.


маска2.jpeg

Іс-шараның басты мақсаты – елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде біріге отырып мұқтаж жандарға көмек көрсету, волонтерларды аталмыш акцияны қолдауға шақыру.

макск.jpeg

Ардагерлер жане балалар үйіне кіруге рұқсат жоқ болғандықтан тазалық сақшыларына, автобус жүргізушілеріне және қала тұрғындарына 100 бірнеше рет пайдалануға болатын медициналық маска таратамыз. Екі күн ішінде Шербаева Бибінұрдың бастауымен 100 маска тігіліп, дайын болды. Волонтерлар дайын болған маскаларға резіңкелер тағып, үтіктеп арнайы конверттерге салады. Бәрі медициналық нормаларға сай, таза стерилді түрде дайындалған. Масканы пайдаланып болған соң жуып, үтік буымен басып қайтадан киюге болады, - дейді "Jas Otan" ЖҚ жоба үйлестірушісі Нұрсәулет Сапарбаева.

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтанда маскаларды жоғары бағамен сатқандар ұсталды

KAZUS.KZ. Нұр-Сұлтанда медициналық маскаларды жоғары бағамен сатқандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республикадағы төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан тұрғындары 550 дана масканы жоғары бағамын сатып келген. Оларда ешқандай құжат болмаған. Жалпы сомасы 12 500 000 теңгеге маска сатқан", - делінген комитеттің хабарламасында.

Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылады.

"Медициналық маскалар мен антисептик құралдардың бағасы негізсіз жоғарылағанын байқасаңыздар Қаржы бақылау комитетіне мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78, 8 (7172) 31-61-45", - делінген хабарламада.

Толығырақ ...

Шығыс Қазақстандағы сауда нысандары жабылмайды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елімізде корновирусқа байланысты төтенше жағдай жариялануына орай Шығыс Қазақстандағы сауда нысандары жабылмағанымен, жұмыс уақыттарына бірқатар шектеулер енгізілді, деп хабарлайды baq.kz.

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Шығыс Қазақстан облысының билігі өңір тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытындағы барлық шараларды қабылдап жатыр. Бұл туралы бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізген облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде облыс тұрғындары барлығымызға бірдей төнген қауіпке жұдырықша жұмыла отырып бір адамдай төтеп беруіміз қажет. Өңірдегі сауда нысандарының жабылмайтынын айта кеткім келеді. Осындай кезде біздің басты мақсатымыз - облыс тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Сол себепті, сауда орталықтары, супермаркеттер, гипермаркеттер, базарлар, кіші-гірім дүкендер өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек. Дегенмен, оларға бірқатар сақтық шараларын жүргізу туралы ескертілді. Оларға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, дезинфекциялық шаралар жүргізу міндеттелді. Осы мақсатта жалпы көлемі 1,1 млн шаршы метрді құрайтын 5 мыңнан астам сауда нысандарына, оның ішінде 72 базарға ревизия жүргізілді. Сауда нысандарымен дезинфекциялық құралдар сатып алуға және сауда, қойма орындарында зарарсыздандыру туралы келісім-шарт жасалды, - деді Ержан Әйткенұлы өз баяндамасында.

Аталмыш жұмыстар аясында өңірдегі кәсіпкерлер өздеріне тиесілі сауда орындарында күніне үш мәрте зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізе бастады. Сондай-ақ адамдардың көп жиналатын кезегін болдырмауға бағытталған шаралар да қолға алынған.

Кезек болған жағдайда, адамдар арасындағы арақашықтық бір метрден кем болмауы туралы ескертілуде.

Ірі сауда орындарының иелеріне нысанға адамдарды медициналық маскалармен кіргізу, коронавирустың алдын алу туралы ескертпе қағаздарды тарату, келімді-кетімді адамдардың жағдайын бақылап отыру үшін кіреберістерге тепловизор құрылғыларын орнату сияқты талаптар қойылды. Сонымен қатар, ірі сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс режимдеріне де бірқатар шектеулер енгізілді. Атап айтсақ, олар барлық санитарлық сақтық шараларын жүргізе отырып таңғы сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал азық-түлік  сататын дүкендер, сауда үйлері, базарлар санитарлық сақтық шараларын ұйымдастыра отырып, кәдімгі режимде жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер қапталған күйінде ғана сатылады. Тауар сататын базарлар санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып, күндізгі сағат 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істейді, - деп қосты басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, ел президентінің Жарлығына сәйкес, ірі сауда нысандарындағы ойын-сауық орындары да жабылды. Атап айтсақ, осындай нысандардағы адамдар көп шоғырланатын кинотеатрлар, фитнес залдары, жаттығу залдары, балалардың ойын залдары жұмыстарын уақытша тоқтатты. 

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына да біраз өзгерістер енгізілді. Мысалы, сауда орындарынан бөлек орналасқан осындай нысандардың жұмыс уақыты кешкі сағат 22.00-ге дейін, ал бір уақытта келіп-кететін адамдардың саны 50 адамға дейін шектелмек. Басқарма басшысы сауда-саттық және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлерге қосымша қызмет көрсету терезелерін ашып, осылайша аймақ тұрғындарының қажетті тауарлар мен қызметті қашықтықтан
алуына мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.

Толығырақ ...

Карантинде жатқандарға "больничный" төленбесе не істеу керек?

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ТЖ уақытындағы мемлекеттік қызметкерлердің және жеке меншік кәсіпорындардың еңбек мәселесіне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды baq.kz.

Карантин кезінде жұмыстан босатылғанмен "отпускке" шығыңдар деу қаншалықты заңды? Ондай жағдайда қызметкерлер не істеуі керек?

- Қазіргі төтенше жағдай мен карантин жағдайында жұмыс беруші тарапынан сіздерге ақылы демалысқа шығу ұсынылып жатса, ол керісінше жақсы. Оны пайдалану керек. Жалақы мен жұмыс орнын сақтау шараларымен жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ кейбір мекемелер, шағын мекемелер қаражаты болмағандықтан, жұмысшыларға ақысыз демалысқа шығуды ұсынуы мүмкін. Ол Еңбек кодексі бойынша екіжақты келісім бойынша жасалады. Оған келісу-келіспеу өзіңіздің құқыңызда болады. 

Жаңа жұмыс орындары қай салада ашылуы мүмкін?

- Еліміздегі коронавирус, сыртқы нарықтағы ахуалдың өзгерісі, мұнай бағасының төмендеуі еңбек нарығына да өз әсерін тигізуі ықтимал. Ол жұмыс орындарының қысқаруына, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне алып келуі мүмкін. Қазір жұмыспен қамту жол картасы әзірленіп жатыр. Ол жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді деп күтудеміз. Үкімет тарапынан 200 мыңға дейінгі жаңа жұмыс орындарын құруға тырысамыз. Жұмыспен қамту картасы нені көздейді? 2009-2010 жылдары осындай жол картасы іске асырылған болатын. Бұл жерде жаппай әлеуметтік нысандар, тұрғынүй коммуналдық жүйелер, транспорттық жүйелер, жолдар, елдімекендерді абаттандыру бағытындағы жөндеу жұмыстары, жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Соның арқасында жұмыстан босап қалған азаматтарды тартуға мүмкіндігіміз болады.

Карантинде жатқандардың барлығына бірдей "больничный" төленбеуі мүмкін. Олар бұл жағдайда не істеулері керек?

- ҚР бас санитарының жарлығы бойынша карантинде жатқандар уақытша жұмыс істеуге қабілетсіз деп саналады. Оларға "больничный" қағаз беріледі. Ал жұмыс берушілер оларға "больничный" қағаз үшін ақы төлеуге міндетті. Егер ақы төленбеген жағдай орын алса, жұмысшылар мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгіне алады.

Төтенше жағдай кезінде құрылыс компанияларының жұмыс күні қалай қадағаланады? Олардың жұмыс күні қысқартыла ма?

- Бүгінде бұл әр компанияның өзіне байланысты. Толық жұмыс күнін атқаруға олардың жағдайлары мүмкіндік берсе, онда жұмыс жалғаса береді. Дегенмен жұмыс орнында санитарлық және эпидемияға қарсы шаралар қатаң сақталуы қажет болады. 

Егер жұмысшымен еңбек шарты жасалмай, жалақыны қолма-қол алып жүрсе, жұмыс берушіден ең төменгі жалақыны қалай талап етуге болады?

- Егер де бүгін сіз жұмыс берушімен еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген болсаңыз, онда сіз ең төменгі ақыны талап ете алмайсыз. Бұл мәселе бүгін туындаған жоқ, бұған дейін де болған. Жұмысқа тұратын болсаңыз, Еңбек кодексінің талабы бойынша бірінші кезекте жеке еңбекшарты жасалуы керек. Еңбек кодексі жұмыс берушіге еңбек шарты жасалмаса, жұмысқа пайдалануға да тыйым салады. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жұмыс берушіге де, жұмысшыға да ыңғайлы етіп, құжатсыз қолма-қол қаражат алып жүргендер бар. Бірақ ол азаматтар еңбек заңдылығы жағынан өз құқықтарын сақтап қалуы қиындау болады. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында тиісті еңбек шарты реттелмеген болса, еңбек заңдылығы талаптарын орындау мүмкін емес.

Айта кетейік, бүгін елордада ОКҚ-де өткен онлайн брифингте ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбек қатынасына қатысты азаматтардың сұрақтарына түсініктеме берді.

Толығырақ ...

Коронавирус: блогерлер үйде уақытты қалай тиімді өткізуге болатынына қатысты кеңес берді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Желі белсенділері вирус таралуының алдын алуға байланысты үйде оқшауланып отырған көпшілікке уақытты қалай тиімді өткізуге болатыны жайлы кеңестер беруде, деп хабарлайды baq.kz.

Қытайдың Ухань қаласынан бастау алған індет бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бүгінде әлемнің 150-ге тарта мемлекеті мен үлкенді-кішілі қалаларының құтын қашырған дертке шалдығушылар саны сағат санап өсіп отыр. Осы орайда Самира Валиева есімді әлеуметтік желі белсендісі #сидидома, #stayhome хештегі бойынша видеоүндеу жариялаған болатын. 

Қоғамға пайдамызды тигізіп, індеттің таралмауына әрекет етейік, - деп басталатын үндеуінде Самира сабырға келіп, үйде сүйікті іспен айналысуға шақырған.

Достар, сіздерге маңызды ұсынысым бар. Карантин кезінде ешқайда шықпай, тек үйде болуды ұсынамын. Көптен жоспарлап жүрген кітабыңызды оқуға кеңес беремін және қорқынышқа бой алдырмауды сұраймын, - деп жазба қалдырды Facebook-те Maria Magdalene есімді желі қолданушысы.

Көп ұзамай видеоүндеу қолдау тауып, басқа да желі қолданушылары індетті бірге жеңуге, таралмауына үлес қосуға үндейтін видеороликтер таратып, кеңестерімен бөлісуде.
 
Толығырақ ...

Маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтар арбауына түсіп қалды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды "KAZ.NUR.KZ".

Қазақстанда төтенше жағдай орын алғанын жарияланғаны белгілі. Осы тұста еліміздің әр аймағында маска тапшы болғандықтан, кез келген тұрғынның алаяқтар құрбанына айналып кетуі ғажап емес. Сондай жағдайлардың бірі Өскемен қаласында тіркелді.

Қала тұрғыны ғаламтордағы "медициналық бетперде сатылады" деген жарнамаға көзі түскенін айтады. Масканы сатып алмақшы болған ол сатушының талабына сәйкес, ақшаны онлайн төлем арқылы жіберген. Жәбірленушінің айтуынша, төлем жасалған соң сатушылармен байланысу мүмкін болмапты. Ал тапсырыс жасаған маскасы тұрғынға жеткізілмеген.

Жәбірленуші сатушының жауабын бірнеше күн күткен екен. Алайда олардың алаяқ екеніне көзі жеткен соң 102 нөмірі арқылы құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Бүгінгі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабындағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастап кетті. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті азаматтардан мұқият болуға, ғаламторда, әлеуметтік желі арқылы күдікті келіссөздер жасаспауға кеңес берді. Елдегі жарияланған төтенше жағдайды пайдаланып, алаяқтар арам пиғылын жүзеге асыруы мүмкін екенін жеткізді.

Полиция департаменті облыс тұрғындарын ЕСКЕРТЕДІ:

  • қандай жағдай болмасын бейтаныс тұлғаларға жеке деректеріңізді және шот нөмірлерін хабарламаңыз;
  • әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасасудың қажеті жоқ;
  • ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлемеңіз;
  • жеке басыңыздың ақпаратын ашық түрде әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз;
  • банкоматтардағы қосымша қызметтерді қоспаңыз.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Еске сала кетсек, Коронавирусқа байланысты Бас прокурордың орынбасары мәлімдеме жасаған болатын.

Толығырақ ...

10 мыңнан астам полиция қызметкері қысқартылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің саны 11 пайызға қысқартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "turkystan.kz".

ҚазАқпараттың мәліметінше, Ішкі істер органдарын жаңғыртуға арналған Жол картасын іске асыру бойынша Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында министр: «Ішкі істер органдары н реформалау – уақыт талабы. Осыған орай Елбасы Жол картасын әзірлеу туралы тапсырма берді. 2019-2021 жылдарға арналған бағдарлама өз нәтижесін бере бастады. Алғашқы кезеңде полицейлердің саны 11 пайызға қысқартылды. Профилактиканы күшейту үшін қызметкерлер мектеп, көше, қоғамдық орындарға жіберілді. Шетелден келген қонақтар үшін алты облыста туристік полиция ашылды», – деп атап өткен.

Айта кетейік, аталмыш Жол картасы 9 басты бағытты көздейді, олардың әрқайсысы бойынша былтыр бірқатар жұмыс атқарылды.

«Бірінші бағыт ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыруға негізделген. Осы бағыттың мақсаты – ықшам аппаратты құру. Бұл тұрғыда 100 мың тұрғынға шаққанда полицейлер санын орташа еуропалық деңгейге дейін жеткізу ескерілген. ІІМ және оның ведомстволарының функцияларына талдау жүргізілді, нәтижесінде 106 артық басқару буындары және 1 483 басшылық лауазымдар таратылды. ІІМ қызметкерелері саны 11 пайызға кеміді, яғни 10 592 қызметкер қысқартылды», – деді Е.Тұрғымбаев.

Осы орайда 16 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделді.

Ведомство басшысы: «Нәтижесінде 100 мың тұрғынға шаққандағы полицейлердің саны 471-ден 393-ке дейін азайды. Бұл орташа еуропалық деңгейге сәйкес келеді», – деді.

Толығырақ ...

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасы іске қосылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бүгін Михаил Ломтадзе өзінің ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Kaspi.kz басшысы Kaspi клиенттері  қосымша қандай қолдау алатыны туралы айтты, деп хабарлайды baq.kz.

Kaspi.kz миссиясы "Сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту". Біз жұмысымызда "Біздің клиенттерімізге жақсы, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге  де жақсы", деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың  жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы  төлемді  2 айға шегереміз – деді ол.

Сонымен қатар ол клиенттерді қолдау бағдарламасына қалай өтінім беру керектігін түсіндірді.

Өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады.  Клиенттеріміз ешқайда шықпау үшін ұялы қосымшада жасадық.  Сондай-ақ, сіздерден 3 маңызды нәрсеге назар аударуды сұраймын. Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек. Екіншіден,  18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі. Өтінемін, қаржылық жағдайларыңызды нашарлатпаңыздар. Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.  Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала-алмайды. Біз мұны бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау  мақсатымен жасап отырмыз – деді Михаил Ломтадзе.

Біз мемлекетпен, Қазақстан халқымен біргеміз  және қазіргі қиындықтарды бірге жеңуге көмектескіміз келеді – деген банк басшысы бұл бірінші немесе соңғы сынақ емес екенін айтты.

Біз кез-келген қиын сәтте сүйікті клиенттерімізге барынша қамқорлық жасауға тырысамыз. Kaspi.kz командасының және жеке өз атымнан барлық қазақстандықтарға денсаулық тілеймін. Өздеріңізді, жақындарыңызды қорғаңыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық ұсыныстарын орындаңыздар және қолма-қол ақшаны барынша аз қолданыңыздар. Олар да вирус тасымалдаушы. Сатып алу мен төлемді  Kaspi Gold картасы мен біздің Kaspi.kz  қосымшасы арқылы жасаңыз. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет! – деді ол.

Толығырақ ...

Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

Мемлекеттер басшылары коронавирус пандемиясының таралу жағдайын талқылап, осы індетке қарсы күреске байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат алмасты.

Шавкат Мирзиёев қазақстандық әріптесінің дер кезінде қабылдаған шұғыл шешімдері мен нәтижелі іс-қимылдарын қолдайтынын айтты.

Президенттер жоғары деңгейде ықпалдастық орнату және екі ел Үкіметтерінің жұмыстарын үйлестіру жайын да келісті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Сағынтаев пен Көлгіновке азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауда тапсырды.

Сондай-ақ, президент коронавируспен аянбай күресіп жатқан ақ халаттыларға алғыс айтты.
Толығырақ ...

Алматыдағы ойын алаңдарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қаладағы жолдар мен тротуарларды жуу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 29 млн шаршы метр аумақ тазартылды, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Диас Ахметқалиев брифинг барысында айтты.

WhatsApp Image 2020-03-18 at 14.50.05.jpeg

 

Оның айтуынша, Алматыдағы қоқыс жәшіктері, саябақтар мен скверлерде, балалар ойын алаңдары мен өзге де тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізу жалғасуда.

Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес штаттық режимде тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекциялау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық пайдаланылған медициналық қалдықтарды әрі қарай залалсыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап шығаруларын сұрады.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу