logoru
logo

Жұма, 13 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Құнанбай қажыға арналған мұражай құрылысы басталады

KAZUS.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Бөрілі ауылын абаттандырып, жолын жөндеуге 48,7 миллион теңге бөлінбек. Бұдан бөлек Семейдегі ақын атындағы театр ғимараты да 198,8 млн. теңгеге ғылыми-реставрациялаудан өтеді, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл жөнінде кезектен тыс шақырылған облыстық мәслихаттың отыз алтыншы сессиясында белгілі болды.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіміне енгізілген өзгерістерді баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұманова баяндады.

Абай ауданының Қасқабұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан Ақшоқыда жатқан Құнанбай Өскенбайұлына арналған мұражай құрылысы да басталады. Бұған қазынадан 276,7 млн. теңге бағытталып отыр, - деді ол.

Толығырақ ...

"Жағдайымызды жасап отыр": Марат Омаровтың бірінші әйелі алғаш рет сұхбат берді

KAZUS.KZ. Отандық танымал әнші Марат Омаровтың бірінші әйелі Шаттық Назарова қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет сұхбат берді. Ұлының басына түскен дауға байланысты бағдарламаға келген ол өзінің отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Белгілі композитордың бұрынғы жары онымен ажырасқан сәтін есіне алып, сүйіктісінің екінші және үшінші рет үйленгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "NUR.KZ "

Шаттық Назарова бұған дейін еш жерде сұхбат беріп, Марат Омаровтың бірнеше мәрте отау құрғанына қатысты пікір білдіріп көрмеген.

Белгілі композиторге үш бала сыйлаған бірінші жары бүгінде оның басқа некеде туылған перзенттерімен жақсы араласып тұратынын айтты.

"Реніш те болды. Оның барлығы артта қалды, өтіп кетті. Мен рұқсатымды бердім. Екінші әйел алды. Одан бір қызы бар. Аты - Зүлфия. Ол мені "дау мама" деп атайды. Заринаға ұқсайды. Зүлфия қызым маған тойларда, жақсылықтарда келіп тұрады. Марат еш уақытта балаларынан, бізден оқшау кетіп, жағдайымызға қарамай қойған жоқ. Ол үйді де, жайды да жасап беріп, барлық уақытта бала-шағасына, жағдайымызға қарап отырған азамат. Сондықтан, ер азаматтар, атам қазақ алты әйел алып, алты отау тіккенде ешқандай әйелдің жаны шығып кетпеген. Сол себепті, бақытты болсын, бәріміз бақытты болайық. Онда тұрған ештеңе жоқ сияқты" , - деді композитордың бірінші әйелі.

Марат Омаров пен Шаттық Назарова некеде 11 жыл бойы бірге тұрған. Олардың ортақ үш баласы бар.

Шаттық Назарова жолдасымен өткізген шағын еске алып, еріксіз көзіне жас алды.

"Маратпен 11 жыл бірге тұрдым. Ең алғашқы қыздай қосылған әйелімін. Марат ол кезде 22-де, мен 21 жаста едім. Екеуміз де Мәдениет институтын бітіріп, 1982 жылы Зарина қызымыз, 1984 жылы Мадина қызым дүниеге келді. Ең кішкентай ұлым, Алладан сұраған ұлымыз ғой. Мәкеңнің үш қатын алғандағы жалғыз ұлы осы Азамат. Сазгерлік қабілетім бар. Мәкең екеуміз бірге ән жазатынбыз. Біз Азамат 6-7 жаста болған кезде ажырастық .Заринам 10 жаста, Мадина 8 жаста еді. Мен өмірімді, барлық махаббатымды, бар әдемілігімді мен жастығымды осы үш балма арнаған бақытты анамын. Сол кезде өкпе де, наз да болды. Бірақ, бәрі өтті де кетті. Қазір бақытты анамын, бақытты әжемін", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, соңғы кезде Марат Омаровтың есімі ел аузынан түспейтін болған.

Бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Одан кейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Кейіннен соңғы болып, Азамат Омаровтың өзі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әншінің ұлы өз шындығын баяндады.

Азамат Омаров аталмыш жағдайдан кейін отбасылық өмірінде қиындықтар туындағанын мойындады. Ол әйелінің сенімін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын жеткізді.

Толығырақ ...

Сауда орталықтарындағы ойын алаңдары жабылды - министр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстандағы сауда орталықтарындағы ойын алаңдары коронавирустың тарауына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сонымен қатар, сауда орталықтарында инфекция тез тарайтындықтан және балалар жабық алаңдарда жүретіндіктен ойын алаңдары жабылды", - деді Елжан Біртанов ОҚК брифингінде. 

3 наурызда Алматыда Германиядан келген екі қазақстандықтың (1974 жылғы ер адам мен 1984 жылғы әйел адам) коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқастар Алматыдағы жұқпалы ауру стационарына жатқызылды. 

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр. 

Толығырақ ...

Атырау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытгүл Хаменова тағайындалды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. ҚР Президент әкімшілігінің келісімімен  Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына Бақытгүл Хаменова тағайындалды, деп хабарлайды baq.kz.

Бақытгүл Хаменова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Атырау мұнай және газ институтында мұнай және газ инженері мамандығын оқыған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және бизнес бакалаврын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты және саясаттану бейіні бойынша доктор.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау облыстық телерадиосының редакторы қызметінен бастаған. 

 2001-2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, 2002-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, 2004-2005 жылдары "Рахат ТВ" Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті, кейін  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті мен журналистика кафедрасының оқытушысы, 2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры қызметтерін атқарған. 2016 жылғы 24 наурыздан бері алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Бақытгүл Қайыржанқызы тәжірибелі маман ретінде бұл лауазымға лайықты деп есептеймін, - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Толығырақ ...

Жағдай ушықса балабақшалар жабылуы мүмкін - министр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа байланысты жағдай қиындап кетсе балабақшалардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мектеп бойынша шешім қабылданды. Ал балабақша туралы қабылданған жоқ. Бәлкім, ата-аналардың өзі белгілі бір шешім қабылдайтын болар. Олар жұмыс кезінде балаларын бір жерге қалдыруы керек қой. Егер жағдай қиындап кетсе, қажет шараны қабылдауымыз мүмкін. Ал аудан әкімдері өздері шешім қабылдауға құқығы бар", - деді Біртанов ОҚК брифингінде. 

Елжан Біртанов қазақстандықтарды адам көп жиналған жерлерге, жиындарға бармауға кеңес берді. 

"Мәселен, тойларда, ең дұрысы - оқшаулану. Бізде ондай жағдайлар сирек кездеседі. Біз қажетсіз байланыстардан аулақ болып, әсіресе балаларды қорғауымыз керек. Ешқандай шара қажет емес. Бөлменің ауасын тазартып, қызуыңызды бақылаңыз, әсіресе қарттарға назар аудару керек" - деді министр.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанда 1974 және 1984 жылғы адамдар коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар Германиядан 9 наурызда және 12 наурызда келген. Ал кеше білім және ғылым министрді Асхат Аймағамбетов балабақшалар жұмысын жалғастыратынын хабарлаған. 

Толығырақ ...

Көкшетауда «Ана үйінде» тұратын әйелдер медициналық маска тігуде

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Көкшетаудағы «Аналар үйінде» тұрып жатқан аналар дәкеден медициналық маска тігуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

«Ана үйі» үйлестірушісі көпбалалы ана Құралай Жұмабекованың айтуынша, дәкеден медициналық маска тігумен тағдыр тәлкегіне түскен алты ана айналысуда.

«Маска тігеміз деп мүлде ойлаған жоқпыз. Мектепте мұғалімдер балаларымнан маска әкелуді талап етті. Ол дәріханаларда болмаған соң өзіме қолмен тігуге турал келді. Кейін сұраныс түсе бастады. Осылайша, Ана үйіндегі алты ана жаппай тіге бастады.», - дейді Құралай Жұмабекова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 600 масканы обыс орталығындағы әлеуметтік мекемелер мен жеке адамдар сатып алған.

«Маска тігуді қолға алмас бұрын ТЖД-дан масканың стандартын алдық. Алты қабат дәкеден тұратын масканы бірнеше рет қолдануға болады. Бүгінгі күнге дейін қаладағы әлеуметтік мекемелер мен жеке адамдарға 600 масканы саттық. Мұндағы бір масканың құны 120 теңге. Тағы 3 мың маскаға сұраныс түсті, әлі де сұраныс түсуде. Өзіміз үлгермейтін болғандықтан, үйде бала күтумен отырған аналарды жалдадық. Бұдан бөлек, дәкені қиып көмектесіп отыруға 50 еріктіні жалдадық», - деп толықтырды Құралай Жұмабекова.

Оның сөзінше, қолдан тігілген масканы сатып алған адам өзін вирустан қорғап қана қоймайды, «Ана үйінде» тұрып жатқан ана мен балаға қолдау көрсетпекші.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында тұратын «Күміс алқа» иегері Құралай Жұмабекова туған балаларына ғана емес, өзгенің балаларына да жетерліктей аналық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі. Алты баланы дүниеге әкеліп, тағы бес баланы бауырына басқан ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда.

Толығырақ ...

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар қалай емделеді?

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың қалай емделетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз бастапқыда-ақ мұның жаңа коронавирус екенін айтқан болатынбыз. Біз мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан аламыз, инфекция тіркелген елдердің денсаулық сақтау министрліктерінен аламыз", - деді Біртанов.

Министрдің айтуынша, науқастардың көбінде вирустың белгілері байқалмайды. 

"Көп елдердің хаттамаларында, яғни коронавирус жұқтырған елдерде науқастар карантинге жатқызылады. Яғни, аса белгілер болсама ауруханаға жатудың қажеті жоқ. Бұл арнайы ем қажет еместігін білдіреді", - деді министр.

Біртановтың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар ауруханаға жатқызылды.

"Вирустың орта және ауыр деңгейлері болады, көбіне созылмалы ауруларға байланысты болады. Сондықтан да біз қазақстандықтарға қатты уайымдамауға кеңес береміз... Вирустың ауыр деңгейі болса вирусқа қарсы препараттар қолданамыз, олар бізде бар. Ал пневмония ретінде асқынса антибактериал препараттар қолданамыз. Жансақтау бөлімі де жеткілікті", - деді министр.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгені хабарланған болатын.

Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

Біз үш ай коронавируспен күрес жүргіздік. Барлық қажетті іс-шаралар аурудың еніп кетуіне жол бермеу үшін қолға алынды. Бүгін біз екі азаматтың сынамасынан вирус расталғаны туралы мәлімет алдық. Олар Германиядан келді, олардан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға орналастырылды. Бұл адамдардың клиникалық белгілері жоқ, жағдайы жақсы. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деген еді Біртанов.

Толығырақ ...

Сенатта Қазақстандағы медиацияның проблемалары талқыланды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Сенатта «Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасы: жай-күйі, проблемалары және жетілдіру бағыттары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация мәселелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі заң жобасын әзірленген сенаторлармен құжатты талқыға салды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Сафинов Қанатбек дөңгелек үстелді аша келіп, бүгінгі күні елімізде құқықтық дауларды сот арқылы шешуге баса назар аударылатынын атап өтті.

«Бүгін соттарда қаралатын істердің көбеюі, бір жағынан, сотқа деген сенім дәрежесі жоғары екенін білдіреді, екінші жағынан, бұл қоғамдағы қарама-қайшылықтың көптігінің белгісі. Қазіргі таңда сот қарауында болмауы тиіс істер көбеюде», – деді Қ.Сафинов.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ұлбосын Сүлейменова өз сөзінде Қазақстанда 90-нан астам медиаторлар ұйымы жұмыс істейтінін айтты және елімізде медиация институтын дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысындағы жаңа бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ұ.Сүлейменова сонымен қатар «Медиация туралы» заңның кейбір баптарына бірқатар түзетулерді, сондай-ақ Жер, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы, Азаматтық іс жүргізу, Еңбек кодекстеріне өзгерістерді қарастыруды ұсынды. Олардың арасында отбасы мен неке институтын нығайтуға ықпал ететін рәсімдер де бар.

«Некені бұзу туралы істер жөніндегі қолданыстағы редакция бойынша сотқа арыз қабылданған сәттен бастап 1 ай өткенше сот еш әрекет жасамайды. Тараптар отбасын сақтап қалуды тағы да ойластыру үшін бұл мерзімді 3 айға дейін ұзарту ұсынылады», – деді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин медиация институтын кеңінен дамыту мен қолданылуын тежейтін мәселелер туралы айтты. Оның ішінде медиация рәсімдері туралы халықтың хабардарлығы әрі оларға деген сенімнің төмендігі, тиісті ұйымдардың кәсіби медиаторларды даярлау сапасына мемлекет тарапынан бақылаудың болмауы туралы да айтылды.

«Ұлттық медиаторлар палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Светлана Романовская Қазақстандағы медиацияны жетілдіру туралы айта келіп, жоғары оқу орындарында оқытудың тиісті стандарттарын әзірлеу және «медиатор» мамандығын мемлекеттік мамандар тізіліміне енгізуді ұсынды. Сонымен қатар ол тұтынушылар құқығын қорғауда, еңбек және отбасылық дауларда медиацияның міндетті болуы маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Жанділда Жақыпов елімізде медиация институты жүйесіз дамып келе жатқанын, медиаторлар ұйымдарының саны көптігі мен олардың арасында бірыңғай үйлесім жоқтығын айта келіп, реттеуші орган құруды ұсынды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков отырысты қорытындылай келіп, елімізде ұлттық заңнаманың дамуына байланысты халықаралық тәжірибені назарға ала отырып, татуласудың медиация секілді түрі Қазақстан жағдайында өмірге қайта енгенін атап өтті.

«Осы сала үшін халықаралық тәжірибе, тиімді даму тәсілдері жеткілікті және өз тәжірибеміз де бар. Біздің өмір салтымызға, мәдениетіміз бен ой-өрісімізге ең жақынын қабылдау ғана қалып отыр. Кәсіби тұрғыда жан-жақты зерделеу және өзара тығыз іс-қимылдың арқасында ғана нәтижеге қол жеткізетініміз әрі медиация институты Қазақстанның құқықтық кеңістігінде өз орнын алатынына күмән жоқ», – деп атап өтті В.Волков.

Толығырақ ...

Павлодарлық кәсіпкерлер елордаға 40 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі

KAZUS.KZ.14-15 наурызда "Аспан базар" сауда үйінде Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май ауданының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды baq.kz.

Павлодарлық кәсіпкерлер жәрмеңкеге 40 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып келеді. Республикада және шетелде танымал "Рубиком" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Сүт" АҚ, "Кренделъ" ЖШС брендтері және басқа да кәсіпорындар елорда тұрғындарына қол жетімді бағамен азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген түрлерін ұсынатын болады. 

Жәрмеңкеде картоп, пияз, сәбіз - 85 теңгеден, қырыққабат - 100 теңгеден, сиыр еті - 1800 теңгеден сатылады. 

 Айта кетсек, осындай жәрмеңкелер наурыз және сәуір айының соңына дейін аптаның әр сенбі-жексенбі күндері өтетін болады.
Толығырақ ...

Абай-175: Мажарлық Сегед университетінде Абай оқулары өтті

KAZUS.KZ. Мажарстанның Сегед қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған Абай оқулары өтті, деп хабарлайды "baq.kz".

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара барысында осы жылы 1150-жылдығы аталып өтетін ғұлама, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің де мұрасы талқыланды.

Сегед университетінің Алтаистика кафедрасында өткізілген іс-шараға профессорлық-оқытушылық құрам, университеттің мажарлық және қазақстандық студенттері, сондай-ақ аталған университетте дәріс беретін отандасымыз Р. Мукушова қатысты.

Өз сөзінде елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын, ағымдағы жылы Қазақстанда Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фарабидің мерейтойларын бірге атап өтетінін жеткізді.

Мажар тарапынан Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, проф. З.Дьенге және Алтаистика кафедрасының меңгерушісі, проф. И.Зимони сөз алып, ақын мен философтың әлемдік мәдени мұраға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Іс-шара барысында мажар тілінде жарыққа шыққан Абай туралы кітаптар және Қазақстан тарихы туралы басқа да кітаптар Сегед университетінің кітапханасына сыйлық ретінде берілді.

Іс-шара аяқталған соң елші Ж.Әбдрашов Сегед университетінің Халықаралық және қоғамдық істер жөніндегі вице-ректоры П.Закармен
кездесті.

 
Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу