logoru
logo

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Халықтың 21 пайызы ғана митингке шығуға оң көзбен қарайды – Абаев

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Жүргізілген сауалнама бойынша респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстандағы митингтерге оң көзқараспен қарайды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды "baq.kz".

Президент өзінің жолдауында Үкіметтің алдына митингілер туралы заң жобасын жетілдіру міндетін қойды. Осыған байланысты ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "ҚР бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" заңы жобасын әзірледі.  Заң жобасын қоғамдық тыңдау барысында және оны "Ашық дерек" порта­лына орналастырылғалы бері осыған қатысты 261 пікір келіп түсті. Олардың басым бөлігі митингіні өткізуді хабарлама түрінде жүргізуге, арнайы орындарға, бейбіт шерулер кезінде журналистердің құқығына, бейбіт жиынға рұқсат етпеу тәсілдеріне бағытталған. Меніңше, бұған дейінгі заң жобаларында мұндай пікір жазылмаған еді. Қазақстанның 9 қаласында қоғамдық тыңдау өтті. Сондай-ақ Халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері үшін заң жобаларының жеке тұсаукесері ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, біз қоғамдық пікірді, оның ішінде әлеуметтік желілерді зерттедік, әлеуметтік зерттеулер жүргіздік, - деді Дәурен Абаев Мәжілістегі заң жобасының таныстырылымында.

Оның айтуынша, көптеген алуан пікірлер тыңдалған.  

Уәкілетті мемлекеттік орган ретінде барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тепе-теңдікті табу оңай болған жоқ.  Мысалы, DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы неміс Конрад Аденауэр қорының қолдауымен Қазақстан азаматтарының арасында  еліміздің барлық аймақтарында сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі респонденттердің 40 пайызы митингтер елдегі жағдайды тек тұрақсыздандырады деп санайтындығын көрсетті. Олардың 73 пайызы митинг өткізуді билікпен келісу қажет деп есептейді, - дейді министр.

Оның айтуынша, оның айтуынша, респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстандағы митингтерге оң көзқараспен қарайды екен.

Қазақстанның қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік сауалнама барысында оған қатысқан қазақстандықтардың 87,7 пайызы шеруге шыққылары келмейтінін айтты.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша қазақстандықтардың 53,7 пайызы жиналыс өткізуге рұқсат алу жиналысты өткізушілер үшін міндетті болуы тиіс деп санайтындығын көрсетті. Бұл ретте респонденттердің 21,4 пайызы ғана Қазақстанда митингтер өткізу керек деп санайды,- дейді Абаев.

Толығырақ ...

«Реал Мадрид» клубы карантинге жабылды, Ла Лига тоқтады

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. «Реал Мадрид» клубы баскетбол командасының бір мүшесінен COVID-19 вирусы табылуына байланысты клуб түгелдей карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Баскетбол және футбол командалары «Реал Мадрид» спорт қалашығының бір ғимаратында орналасқандықтан, қос команданың барлық мүшесі ойыншылармен қоса карантинге жабылды» делінген хабарламада.

Клубтың бүкіл қызметкері карантинге жіберіледі. Футболдан Испания чемпионаты – Ла Лига тоқтатылды. Лига Twitter аккаунты ресми мәлімдеме жасады. Келесі 28-тур ойындары қашан өтетіні әзірге белгісіз.

 

Толығырақ ...

Мәдениетке саяхат | Копенгаген композиторы Себастьян Завадскидің концерті өтті

KAZUS.KZ.  Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Польшадан шыққан Копенгаген композиторы Себастьян Завадскидің концерті өтті. Пианист-виртуоз өз шығармаларында түрлі жанр мен стильдерді шебер үндестірген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Толығырақ ...

Айырбас пункттері бір долларды 401 теңге 50 тиыннан сатты

KAZUS.KZ. Бүгін АҚШ доллары 3 теңге 85 тиынға қымбаттады. Қазіргі уқытта Қазақстан қор биржасында АҚШ валютасы 398 теңге 60 тиыннан саудаланып отыр. Кеше 394 теңге 75 тиын болған еді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Kurs.kz сайтының мәліметіне жүгінсек кейбір жекеменшік ақша айырбастау пунктері долларды 401 теңге 50 тиыннан сатып отыр. Валюта құны осылай қала ма? Ол жағы KASE-дегі кешкі сессия жабылған соң белгілі болады. Кеше Қазақстан қор биржасында 649 келісім жасалып, сауда-саттықтың көлемі 228 миллион 650 мың доллар болған еді.

Толығырақ ...

"Болашақ" бағдарламасының студенттері елге оралады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. "Болашақ" бағдарламасының студенттері елге оралады, -деп хабарлайды  "Хабар 24".

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде әлемнің 18 елінде Қазақстанның 857 азаматы білім алады. Олардың 19-ы қауіп деңгейі 1-санаттағы елдерде жүр.

"Короновирусқа байланысты шел елдердегі университтердің көбі қашықтықтан оқу жүйесіне көшіп жатыр. Сондықтан студенттеріміздің кейбірі елге қайтады. Бұл жерде олардың келу және кету жол ақысы және степендияны сақтау мәселесі бар. Біз нормативті-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізіп, мәселені шештік", - дейді министр.

Мұның алдында министр ҰБТ мен оқушылардың оқуын жазға қалдыруға қатысты пікір білдірген болатын.

"ҰБТ туралы айтатын болсақ. Сіздер бүгінде ҰБТ жылына төрт рет өтіп жүргенін білесіздер, келесі ҰБТ наурыз айының соңында ақылы түрде өтуі керек болатын. Бірақ біз енді ҰБТ-ны кейінге қалдыра тұруды шештік. Жазда өтетін ҰБТ туралы айтатын болсақ, ол кезге қарай барлығы нақты белгілі болады деп ойлаймыз, яғни елдегі эпидемиологиялық жағдай жайында", - деген еді министр.

Толығырақ ...

Қарапайым заттар экономикасындағы түйткілді мәселелер талқыланды

KAZUS.KZ. Елімізде қарапайым заттар экономикасы қарқынды дамып келеді. Өткен айдың өзінде жаңадан 130 жоба ұсынылған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ал арнайы комиссия қарамағындағы жобалар саны 220-дан асты. Бұл жөнінде Үкімет үйінде өткен жиында белгілі болды. Импортты алмастыру және экспортты дамыту бойынша ведмоствоаралық комиссия отырысында саладағы түйіткілді мәселелер көтерілді. Әсіресе өңірлерде жобалық кеңеселер ашып, олардың жұмысын үйлестіру тетіктері талқыланды. Бұған қоса жаңа жұмыс орындарын ашу мен жалақы көлемін көтеруге қатысты жағдайлар да сөз болды. Үкмет басшысы Асқар Мамин кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар аясы кеңейетінін алға тартты.

Бекнұр Несіпбаев, «Astana Motors» компаниясының бас директоры:

Отандық тауар шығарушыларды қолдау үшін жаңа бағдарламалар енгізіліп жатыр. Мысалы, 6 проценттік несиені 10 жылға дейін беруге болады. Бұло мемлеке тарапынан өте жақсы көмек.

Толығырақ ...

Дене қызбасы CoViD-19 инфекциясына дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады. Онда коронавирус жұқтырған науқас ауруханаға жоғары дене қызуы және бөртпе секілді денге қызбасының белгілерімен түсуі мүмкін екені айтылған, деп хабарлайды "The Straits Times".

Бұл CoViD-19 инфекциясының диагностикасын жүргізуді қиындатып отыр. Диагноздың дұрыс қойылмауы науқастың өзіне ғана емес, қоршаған орта үшін де аса қауіпті.

Сингапурлық дәрігерлер екі мәрте жаңылып, науқастарды денге қызбасынан емдеген. Алайда ем-дом көмектеспегеннен кейін ғана коронавирусқа сынама алынып, ауру расталды.

Жыл басынан бері Сингапурда денге қызбасымен сырқаттанудың 3,6 мыңнан астам дерегі тіркелді. Ал Индонезияда биылғы жылдың алғашқы екі айында бұл дертпен 14,7 мың адам ауырып, 94 науқас көз жұмды.

Толығырақ ...

Коронавирус пандемиясы жарияланды: Қазақстандықтардың өмірі қалай өзгермек

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде вице-премьер Ералы Тоғжановтың қатысуымен брифинг өтті. Ол Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты қабылданатын нақты шаралар туралы айтты, деп хабарлайды "KAZ.NUR.KZ".

Ертеңнен бастап елімізде барлық мәдени, спорт және ғылыми шараларға тыйым салынды. Биыл дәстүрлі Наурыз мейрамы да тойланбайды. Жеңіс күніне арналған әскери шеру де өтпейді.

Қазақстанның барлық мектебінде каникул 16 наурыздан басталып, 5 сәуірге дейін жалғасады. Экскурсия жасауға тыйым салынады.

Ал жоғары оқу орнында білім алушылар 16 наурыздан бастап қашықтықтан білім алуға көшеді. Мектепке дейінгі мекемелер болса, өз жұмысын жалғастыра береді.

Адамдар көп жиылған орындарда және қоғамдық көліктерде міндетті түрді залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Ал қарттар үйі карантинге жабылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарға баруға тыйым салынды.

Елімізде кинотеатрлар мен театрлар да өз жұмысын уақытша тоқтатпақ.Ал ірі сауда үйлері мен базарлар өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Вице-премьер Қазақстанда коронавирус пандемиясы салдарынаназық-түлік жетіспеушілігі болмайтынын айтып, халықты сендіріп отыр.

Одан бөлек, Ералы Тоғжанов той мен туған күндерді, басқа да жанұялық шараларды өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға кеңес берді.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айына жоспарланған ақылы форматтағы ҰБТ кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Әзірге түлектер маусым айында міндетті тестілеуді тапсыра ма, жоқ па- белгісіз.

Бүгінде Қазақстан бірқатар елмен әсіресе Еуропа елдерімен әуе хабарламасын тоқтатты. Рейстер саны аптасына 1-2 -ге дейін қысқарды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, коронавирус пандемиясына сәйкес енгізілген шектеу шаралары қашанға дейін жалғасары белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанда әлемге тараған коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Толығырақ ...

Коронавирус анықталған жағдайда қалай әрекет ету керек

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елімізде коронавирус анықталған жағдайда қандай әрекет ету керектігі «Б» жоспарына енген, деп хабарлайды "ktk.kz".

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз мәслихатында айтылды. 

«Бұл жағдайға байланысты бізде «Б« жоспары бар. Елімізде коронавирус анықталған жағдайда қандай әрекет ететініміз осы «Б« жоспарына енген. Жоспар бойынша, еліміздегі инфекциялық ауруханалардағы төсек саны екі есе көбейтілген. Қосымша 14 мың карантиндік төсек-орындар дайындалды. Осындай дертке шалдыққандарға көмек көрсету бойынша кадр мәселелері қаралуда», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Толығырақ ...

Жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік әрбір рейс сайын тазартылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бұдан бұлай жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің салоны әр рейс сайын тазартылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Әзірге осыған байланысты елордадағы жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар пікір білдірмеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Сондай-ақ тойханаларда өтетін мерекелік шаралады кейінге қалдыру немесе қонақтар санын қысқарту туралы кеңес берілді. Ал вокзалдар мен базарларда санитарлық тәртіп күшейтіледі. 16 наурыздан бастап жоғарғы оқу орындарындағы студенттер қашықтан оқытылады. Олардың стипендиялары сақталады. Концерттер, көрмелер мен семинарларға және экскурсияларға да шектеу қойылады. Шектеулер Ұлыстың ұлы күні Наурызды да айналып өтпеді.

Айта кеткен жөн, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елде коронавирус індетінің тіркелмегендігі туралы айтылды.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу