logoru
logo

Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Жазира мен Жанболат алғаш рет қыздарын көрсетті

KAZUS.KZ. Отандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова алғаш рет Дара есімді қыздарын көрсетті. Олар тұңғышы Қазбекті туған күнімен құттықтап, желіде қос перзентінің фотосын жариялаған. Бұған дейін кенжесінің түрін жауып келген ерлі-зайыптылар енді оны халыққа көрсетуге дайын болған көрінеді, деп хабарлайды "NUR.KZ".

Жазира Байырбекова Дараның суретімен Instagram желісінде бөліскен. Ол ұлы Қазбекті туған күнімен құттықтап, оның балалық шағы жайлы жазба жариялаған. Жұлдызды ана аталмыш жазбаға туған күн иесі мен оның қарындасы Дараның фотосын қосып қойған.

Суретте Қазбек анық көрінсе, Дара оның артқы жағында гүлге толы себетте отырғанын байқауға болады. Алайда, желі қолданушылары жұлдызды жұптың қызын бірден аңғарып, оған қатысты пікірлерін қарша жаудыра бастаған.

Олардың басым көпшілігі қуыршақ сияқты отырған сәбиге тәнті болып, өзінің жылы лебізін білдірген.

"Қандай тәтті қызыңыз" , "Үндемей, байқамай қалады деп отырған сияқты" , "Тәтті балапан, нағыз қуыршақ қой өзі" , "Дара қызыңыз өсіп қалыпты. Көз тимесін балапанға" , "Гүлдердің арасында өзі де гүл болып отыр" , - деп жазуда көпшілік.

Толығырақ ...

Коронавирусқа байланысты Қазақстандағы ірі спорт шаралары өтпейтін болды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңесі бойынша еліміздегі спорт федерациялары жоспарланған бұқаралық спорттық шаралардың бәрін кейінге қалдырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі барлық бұқаралық спорттық шараны өткізбеу жөнінде кеңес берген еді. Қазақстандағы спорт федерацияларының бәріне осындай хат жолданған. Себебі ондай ірі спорттық шараларға шетелден де спортшылар келеді. Осыдан кейін ресупбликалық спорт федерациялары ірі шаралардың бәрін тоқтатып жатыр», - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

Сонымен қатар, комитеттің баспасөз хатшысы лицензиялық турнирлердің (2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына) басқа уақытқа ауыстырылып жатқанын хабарлады.

 

Толығырақ ...

Мектеп директорының еңбекақысы аттестациялау нәтижесіне байланысты болады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп, колледж және балабақша директорларына неліктен жаңа талаптар қойылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды "Хабар 24".

«Бұйрыққа өзгеріс енгізудегі негізгі мақсат – мектеп пен колледж, балабақша, қосымша білім беру мекемелерінің басшыларын неғұрлым сапалы деңгейде дайындау. Сондықтан үміткерлерге алдағы уақытта жоғары талап қойылады. Осы мекемелердің басшысы боламын деген адамдарға қойылатын талаптар бойынша тиісті құжат бекітіледі. Бастысы – білім сапасы. Білім сапасына әсер ететін әрі жақсартатын бірден-бір адам – басшы. Сондықтан, ары қарай да келесі нормативті құжатта біз осы білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындаумен қатар, олардың атттестаттау тәртібін де өзгертетін боламыз», –  деді Шолпан Каринова ведомствоның отырысында.

Вице-министрдің айтуына қарағанда балабақша, мектеп немесе колледж болсын – барлығының директорының еңбекақысы аттестаттау нәтижесіне байланысты болады.

«Бүгінде олар нәтиже бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі басшылар болып бекітілген. Олардың әрқайсысының біліктілік талаптары айқындалған. Осы талаптарға сай келген жағдайда және тиісті ұлттық санақ тестілеуінен өткен кезде, екінші кезеңінде мектеп, колледждің даму жоспарын бекітіп, іске асырылуының нәтижесін көрсете білген жағдайда – аттестаттау қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Мұның барлығы – бүгінгі күні білім саласының алдына қойылып отырған талаптардың өте жоғары екенін көрсетеді», – деді ол.

 
Толығырақ ...

Қордайдағы қақтығысқа байланысты қанша адам ұсталғаны ресми түрде айтылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ.  Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев тілшілерге Қордай қақтығысынан кейін қанша адам ұсталғанын айтты, деп хабарлайды "baq.kz".

Қордай оқиғасы бойынша, бес адам ұсталды. Оның ішінде екеуі бұзақылық жасап, қарт адамды ұрғаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл БАҚ-та кеңінен жарияланды. Адам өлтіру, әдейі өрт қою фактілеріне қатысты тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп, - дейді Болат Дембаев. 

Оның айтуынша, бейнематериалдар қаралып жатыр, осыдан кейін ғана шешім қабылданады  екен.

Айта кетейік, 2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында жаппай төбелес болған еді. Ішкі істер министрлігі жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқанын айтты. Осы оқиғадан 11 адам көз жұмды, жүзден астам адам жарақат алды.

Мемлекет басшысы облыс әкімін ауыстырды.

 

Толығырақ ...

Коронавирус: карантиннен қашқан тараздық оқшауланды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Әйелдің жағдайы тұрақты, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды, деп хабарлайды "baq.kz".

Жамбыл облысында Оңтүстік Кореядан келіп, карантинге жатудан бас тартқан әйелді оқшаулады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында жазылды.

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасында 8 наурыз күні карантинге жатудан бас тартқан әйел туралы хабарлама түсті. Ол Оңтүстік Кореядан келген. Екі сағаттың ішінде онымен байланысқа шығып, түсіндірілді және карантин режимін сақтау керектігі туралы айтылды, - делінген хабарламада.

8 наурызда медициналық қызметкерлер Т. есімді азаматшаны 14 күндік карантинге жатқызды. Бүгінде жағдайы қалыпты, дене қызуы көтерілмеген және аурудың клиникалық белгілері жоқ. 

ДСМ карантин мерзімінде (14 күн) карантинге жабылған мекемеден кетуге болмайтынын атап өтті. Режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Толығырақ ...

ЕО коронавирусқа қарсы 25 млрд еуро көлемінде инвестициялық қор құрмақ

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Еуроодақ коронавирустың экономикаға кері әсерін бәсеңдету үшін барлық шараны қолға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты одаққа мүше елдер қазір Брюссельде індеттен зардап шеккен бизнес-компанияларға өтемақы төлеу жағын қарастырып жатыр. Қаржылай көмек кеселден ең көп зардап шегіп отырған Италияға да берілмек. Бұған қоса, кеселдің жолын кесу үшін ғылыми зерттеулерге 100 миллион еуро бөлу көзделіп отыр. Жалпы алғанда, Еуроодақ елдерінің басшылары қатерлі вирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында 25 миллиард еуро көлемінде инвестициялық қор құрмақ ниетте.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

Коронавируспен күресу үшін инвестициялық қор құрмақпыз. Ол денсаулық сақтау саласы мен шағын және орта кәсіпорындарды, сондай-ақ еңбек нарығын қолдауға негізделеді. Жалпы бұл қорға 25 миллиард еуро құю көзделген. Бастапқыда оған 7,5 миллиард еуро бөлінеді.

Толығырақ ...

"Жасына сай емес": Иығы ашық көйлек киіп шыққан Жеңіс Ысқақова сынға ілікті

KAZUS.KZ. Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова ел алдына иығы ашық тұратын көйлек киіп шығамын деп жұртшылықтан оңбай сөз естіді. Көпшілікке өнер иесінің жаңа образы ұнамай қалған. Олар эстрада жұлдызын жасына сай киінбегені үшін сөгіп тастады "KAZ.NUR.KZ".

Иығын жалаңаштап тұратын көйлекпен жүрген Жеңіс Ысқақованың видеосы Instagram желісіне тарап кетті. Аталмыш бейнежазба бірден халықтың қызу талқысына қалды.

Онда киіну бөлмесіне кіріп келген әнші өнердегі әріптесі Шахизадамен құшақтасып жатқан. Оған қоса, Ысқақова отандық танымал актриса Айгүл Иманбаевамен сөз таластырып тұрғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл образын аса ерсі санап, оның өз жасына сай киінбегенін бетіне басуға кіріскен.

"Жеңіс ханым қалжыныңыз жарасса да, көйлегіңіз тым ерсі екен", "Осы жасқа келіп, иығын ашып жүрген қалай ерсі көрінеді" , "Атан түйе ойнаса жұт болады" , "Қартайған шағында бұл кісі де құтырды. Ақыры болды, шеше салмадыңыз ба" , "Жеңіс мектеп бітіруші қыздар киіетін көйлек. Сізге мүлдем жарасып тұрған жоқ. Тіпті жиіркенішті екен" , "Жасыңызға сай киінсеңізші, масқара болмай" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші қыздарға шүйліккен болатын.

Толығырақ ...

Гүлжан Қарағұсова: Несие алып, оны төлемейтіндерге күйініп жүрмін

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. «Біз бен сіздің есебімізге өмір сүріп жатыр!» Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың несиелерінің бюджет есебінен кешіріліп жатқаны Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованың ашуына әбден тиіпті. Мәжілісмен бүгін Үкіметтің бұл әрекетін сынға алды, деп хабарлайды "ktk.kz".

Гүлжан Қарағұсова, Мәжіліс депутаты:

Өмірімде бір рет ипотека, екінші рет несие алдым. Бәрін уақытынан бұрын жаптым. Неге олай жасағынымды білмеймін. Өйткені менің де қарызымды қазір жауып беретін еді. Мен несие алып, оны төлемейтіндерге күйініп жүрмін. Үкіметтің саясатымен келіспеймін.

Гүлжан Қарағұсованың сөзінше, мемлекеттің салық төлеушілердің есебінен несиелік қарыздарды кешіруі дұрыс емес. Әсіресе төлемді үнемі жасайтындар үшін үлкен ауыртпалық. Бұл туралы депутат Мәжілістің салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланған отырысында айтты. Жиында шенеуніктер салықты жаңа жолмен төлеуді ұсынды. Ұлттық экономика министрлігі бос жатқан жерлердің салығын 20 есе арттырмақ.

Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар бірыңғай төлемге біріктірілмекші. Яғни, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу сияқты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Ал көпқабатты үйлердің тұрғындары жер салығынан босатылуы мүмкін.

Мәди Тәкиев, ҚР ұлттық экономика вице-министрі:

Жеке тұлғаларға салық салу бойынша, біз көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауды ұсынамыз. Бұл салық сомасының мардымсыздығын көрсетті. Есептеудің күрделілігі мен әкімшілендірудің айтарлықтай шығындарына байланысты.

Толығырақ ...

Алты баланың анасы халықтан жәрдем сұрайды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ.  Алты баланы жалғыз өзі асырап отырған Бағила Наренбаева халықтан жәрдем сұрайды. Кенжесі жақында ғана қырқынан шыққан бұл отбасы Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында ескі үйді жалдап тұрып жатыр. 36 жастағы Бағила 18 жыл бұрын Қарақалпақстаннан Алматыға көшіп келген, содан бері балаларымен пәтерден-пәтерге көшіп күнелтуде, деп хабарлайды "bag.kz".

Жаңа сөзіңізде АӘК алу үшін Іргеліден осында көшіп келдім дедіңіз, соны түсіндіріп айтып беріңізші?

Бұған дейін осы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында пәтер жалдап тұрып келдім. Былтырдан бері 5 балама атаулы әлеуметтік көмекті сол жердегі әкімдіктен алып жүрдім. 2020 жылдың 3 қаңтарында алтыншы балама босандым. Содан 13 қаңтар күні сол жердегі әкімдікке АӘК үшін құжат жинап апардым. Бір апта өткен соң сондағы қыздар "сіздің құжатыңыз өтпейді" деді. Не үшін дегенімде "сіздің тіркеуіңіз Қошмамбет ауылында екен, Заң бойынша сіз сол ауылға немесе жанындағы Жамбыл ауылына баруыңыз керек" деді. Мен қырқынан шықпаған баламен қалай ол жаққа барамын, бұған дейін осында алып келдім ғой деп едім, олар қоярға қоймады. Осылайша қаңтар айындағы жәрдемақыдан қағылдым. Тым болмаса келесі айдағысын алайын деп қыс қырауында кішкентай баламды қолыма көтеріп жүріп Жамбыл ауылына келіп пәтер іздедім. Алты балам бар десем ешкім пәтерін бергісі келмейді. Содан мына үйді таптық, иесі бұл үйді сатуға қойған екен. Уақытша болса да тұрыңдар деп келісті. Содан Алтын орда базарына барып ГАЗель жалдап, ақыры көштім. Үлкен ұлым 9 сыныпта оқиды, көшірісуге соның достары келіп көмектесті. Қазір бұл үйге айына 20 мың теңге төлеп тұрып жатырмыз. Алғашында пеші дұрыс істемейтін, әкімдіктегілер құбырын жөнге келтіргендей болды. Оның үстіне жоғарыға шығып су құйып отыру керек екен. Қазір от жағып отырғаным жоқ, екі бөлмеге тоқпеш қосып жылытып отырмын. Көшіп жүргенімде аздаған жиһаздарым бар еді олар да бүлінді. Құрастыруға жарамай жерде жатыр.

 

бал1.jpg

Көшіп келген соң әкімдіктегілер құжатыңызды қабылдады ма?

Жамбыл ауылдық округінің әкімдігіне бардым. Үйдің, балалардың жағдайын көрсеттім. Бұл жерде су жоқ, көрші көшеден тасып әкелеміз. Олар аздап азық-түлік пен көмір әкеп берді. Арасында 30 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Содан АӘК-ке құжат дайындап, өткіздім. Бірақ жәрдемақы кешігіп келеді, мәселен ақпан айының ақшасын наурыздың 6-на қарай алдық. Алты балама 105 мың теңге алдым.

 

Неше балаңыз білім алып жатыр, олар мектепке орналасты ма?

Көшер кезде кішкентай балаларды Ұлан ауылындағы ата-анамның қасына апарып тастадым. Олар сонда бір кісінің малына қарап күнелтіп жүр. Балаларды осында алып келіп едім үстілері бөртіп, ветрянка шығып кетті. Содан 20 күн сабақтан қалды. Үш балам сабаққа барады, үлкені 9 сыныпта, 8 және 9 жастағы екі баламды бірге бергенмін, олар қазір екінші сыныпта оқиды. 6 толған тағы бір балам келесі жылы сабаққа барады. Одан кейін 1,5 жастағы қызым мен екі айлық балам бар.

бал3.jpg

Балалардың қазіргі денсаулығы қалай?

Шүкір жақсы. Алғаш көшіп келгенімізде үй қатты суық болды. Сол кезде аздап тұмауратты. Үй қазір де суық, дегенмен жылы киіндіріп қоямын. Кейде аш қаламыз, тамаққа ақша таппай қаламын. Дүкендерге қарызбын. Жалпы балаларым сабақ оқығанды жақсы көреді, бұрын мектептен бір күнде қалдырмайтынмын. Маған өкпелі өздері "неге жақсы жерде тұрмаймыз, қашан өзіміздің үйіміз болады" деп сұрайды. Армандап, әдемі үйлердің суретін салады.

Бұл балалардың әкесі қайда, неге көмектеспейді?

бал4.jpg

Алғашқы балам бірінші некемнен, ол кезде 18 жаста едім. Күйеуім ішіп алып қол көтеретін. Екі жыл бірге тұрған соң ажырасып кеттік. Содан жеміс-жидек сатып, арасында ыдыс жуып өз күнімді өзім көрдім. Жеті жылдан кейін басқа еркекпен көңіл жарастырдым, одан үш балам бар. Ол кісі үлкен ұлымды жақтырмады. Басында жақсы болып жүрді, кейін тисіп, сөйлеуді шығарды. Ол кісімен де ажырастым. Кейін намаз оқимын, медреседе оқығанмын деген соң үшінші еркекке тұрмысқа шықтым. Соңғы екі баламның әкесі сол. Ол мені төрт баламмен қабылдай алмады. Оның үстіне шешесі бар, содан шыға алмайды. Сонымен қазір алты баламен шарасыз күйде қалып отырмын. Ешқайсысы алимент төлеген емес, соңғы қызымды өз атыма жаздырдым.

Көпбалалы ана ретінде үйге құжат тапсырдыңыз ба?

бал5.jpg

Қарасай ауданында үй кезегіне тұрдым, қазір 1481-ші адам болып тұр екенмін. Бұл кезек қай кезде келетіні белгісіз. ХҚКО-та отырғандар да білмейді, мүмкін он, мүмкін он бес жылдан кейін келуі мүмкін. Жамбыл ауылының әкімі мені уәде берумен алдап келе жатыр. Өткенде саяжайдан бір жер берем деген, соны әне-міне деп созып жүр. Ол жерге барған күннің өзінде де балалар ол жерден мектепке қатынай ала ма, тағы белгісіз. Оның үстіне бос жерге менің үй салатын жағдайым да жоқ. Мына үй ертең сатылады, сонда мен қайда барамын. Бұл жерде де балаларға еншқандай жағдай жоқ. Ұлым 17 жасқа келіп отыр, осы уақытқа дейін мен ешкімнен қолымды жайып көмек сұрап көргенім жоқ. Әкімдікке де барып көрмегенмін. Балаға беріліп келген жәрдемақының бірде-біреуін алып көрмегенім бұл уақытқа дейін. Тіптен, оралман ретінде берілетін квотаны да алғанмын. Тек атаулы әлеуметтік көмек қалай шықты содан бастап қана мемлекет тарапынан көмек алып жатырмын.

Әкімдік жауабы

Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Дастан Рахметұлов бұл отбасының жағдайы таныс екенін айтады.

Бағила Наренбаева бізге келген, ол кісінің жағдайымен таныспыз. Бізге қарасты Қошмамбет ауылында тіркеуде тұр. АӘК-тің берілу жолы бойынша тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына немесе әкімшілікке барып өтініш қалдырса болғаны. О баста тіркеуіңіз бізде бола берсін, бірақ тұрғылықты жеріңіз бойынша құжатты тапсыра беріңіз деп айтқанбыз. Бірақ Іргелідегі әкімдік қызметкерлері Жамбыл ауылына көшіп бар деп жатыр дегенді айтты. Олар не себепті айтқаны белгісіз,- дейді ол.

бал2.jpg

Әкім орынбасары бұл отбасы көшіп келген соң үйіне барып, хал-жағдайларымен танысқандарын, шамалары келгенше жәрдемдескендерін жеткізді.

Осында келіп үй жалдап тұрып жатқанын, күйеуі жоқ жалғыз басты ана екенін айтты. Содан біз азық-түлігін, көмірін апарып бердік. Үйіп-төгіп апарып тастамасақ та осы жердегі демеушілердің көмегінің арқасында жәрдемдестік. Үйінің пештері жарылып қалған екен, оны да жөндеп бердік. Бірақ бұл кісі бізге міндетсініп қарайды. Апарған азықтың ішінде анауы-мынауы жоқ деп өзімізді сөгеді. Үйім жоқ деген соң көпбалалы ана ретінде құжат тапсырыңыз дедік. Жерге кезекке тұрам десеңіз оған тұрыңыз, әрбір Қазақстан азаматына кезекке тұруға болады дедік. Ол кісі кезекті ұзақ уақыт күте алмаймын, қолдарыңыздан келгенін көмектессеңіздер деп өтінді. Оған да көндік, осындағы жекеменшік иелеріне шығып ол кісінің жағдайын түсіндіріп едік. Бір кісі жағдай осылай болып тұрса жер жағынан көмектесейік деді. Құжаттарын бәрін беріп қойғанбыз. Бұл бір күнде дайын бола қалмайды ғой. Оған ана кісі қашан болады деп шыдамдық танытпай отыр. Алты бала үшін көмектессек деп шапқылап жүрміз,-дейді ол.

Сөз арасынада ол балалардың жәрдемақы құжаттарын бәрін дайындап, өткізіп бергендерін жеткізді.

Қаңтар айындағысы өтпей қалыпты, соны сендер әдейі ұстап қалдыңдар деп бізбен ұрсысып жүр. Біздің ауылда қазір 500-ден аса көпбалалы ана бар. Олардың 360-ның жағдайы төмен. Барлығына қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз, - дейді Дастан Рахметұлов. 

Толығырақ ...

Түркістандықтар Наурыз мерекесін этноауылда бес күн тойламақ

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ортағасырлық шығыс базары, шеберлер көшесі, көшпенділер ауылы, хан ордасы, көшпенділер асханасы және сарбаздар ауылы. Бұл кереметтің барлығын Түркістандағы жаңадан салынған этноауылдан көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыстың ұлы күні – Әз наурыз мерекесін Түркістан жұрты осы этноауылда 5 күн бойы тойламақ.

Бұл – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген «Этноауыл» алаңы. Мұнда орта ғасырдан бастап, көшпенділер дәуірі, қазақ хандығы мен кешегі 19-ғасырға дейінгі қазақ халқының өмір сүру салты мен тұрмыс-тіршілігі толық көрініс тапқан. Этно ауыл 7 бағыт бойынша орналасқан. Алғашқысы көшпенділер ауылы, шеберлер көшесі, шығыс базары, көшпенділер асқанасы, сарбаздар ауылы және хан ордасы сияқты жеке-жеке алаңдардан тұрады.

Жандос Жұмабек, тілші:

 Біз қазір ортағасырлық шеберлер ауылында тұрмыз. Мұнда 40-қа жуық он саусағынан бал тамған ағаш ұсталары мен темірден түйін түйген шеберлер, тері илеп, кілем тоқитын ісмерлер отырады. Олар келген қонақтарға ұлттық бұйымдардың қалай жасалатынын көрсетіп, технологиясымен таныстырады.

Ал көшпенділер асханасында халқымыздың ғасырлар бойы тұтынып, бүгінде ұмыт болған ас-ауқат түрлері қайта жаңғыртылып, халыққа ұсынылады. Көшпенділер тұтынған тағам түрлері мен олардың жасалу жолдары этнограф-ғалымдардың көмегімен қалпына келтірілмек.

Айко Төкен, ұйымдастырушы:

Мұнда көшпенділер тұтынған тағам түрлерімен танысуға болады. Олар қандай ас ішті, қалай тамақтанды? Бүгінге дейін ұмыт болған 80-нен аса ас-ауқат түрі көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, көшпенділер асханасының құпиясымен бөлісеміз. Сондықтан барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесін Түркістанда қарсы алуға шақырамыз.

Сондай-ақ хан ордасы мен сарбаздар ауылында көшпенділердің салт-дәстүрі дәріптеліп, ат құлағында ойнаған батырлардың қалай шыныққаны көрсетіледі. Ал шығыс базарында шеберлердің қолынан шыққан дүниелер саудаға шығарылады. Бірегей жоба Наурыз тойына келген қонақтар мен шетелдік саяхатшылар үшін тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

Рашид Аюпов, қала әкімі:

Жыл сайын бұл жерде этноауыл тігіледі. Жалғыз киіз үй емес, форматын өзгертейік деген ой келген болатын. Этноауылда арнайы актерлер болады. Олар біздің тарихымыз бен мәдениетімізді таныстырады. Бұл жерде 14-15, 19-ғасыр да бар. Мақсатымыз – келген қонақтарға, тұрғындарға сол замандағы өмірді көрсету арқылы туристерді тарту.

Меймандар наурыз күндері көне ғасыр кейпіндегі саз балшықтан тұрғызылған үйлерді аралап, ағаштан құрастырылған қоршаулар мен мұнараларды өз көздерімен тамашалай алады. Құрылыс нысандары тарихи талаптар бойынша жүргізіліп жатыр. Өткен мыңжылдықтан сыр шертетін қазақ ауылы 15 наурызда ашылады деп жоспарланған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу