logoru
logo

Сенбі, 08 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Еуропада жалақысы ең жоғары футболшы неше алады

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. «Барселона» капитаны Лионель Месси – Еуропада жалақысы ең жоғары футболшы, деп хабарлайды Prosports.kz Eurosport сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, каталониялық клубпен келісімшарт бойынша аргентиналықтың жалақысы салық төлегенге дейін айына 8,3 миллион еуро құрайды.

Жер шарындағы ең көп төленетін футболшылар тізімінің екінші сатысында - Криштиану Роналду. Португалиялық «Ювентусте» айына 4,5 миллион еуро табады. Үшінші орында - Пари-Сен-Жермен Неймар, айына 3 миллион еуро. Сондай-ақ алғашқы бестікке  «Барселона» шабуылшылары, Луис Суарес және Антуан Гризманн кіреді, олардың әрқайсысы айына 3 миллион еуродан сәл аз алады.

Англиядағы ең көп жалақы төленетін ойыншы - «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Дэвид де Хеа (айына 1,76 миллион еуро), Германияда - «Бавария» ойыншылары Роберт Левандовски және Филипп Коутиньо, олар айына 1,66 миллион еуро табады.

Толығырақ ...

Қордайда жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін белгілі болды

Қазақстан дүңгендер қоғамының мәліметі ішкі істер министрлігінің ақпаратымен сәйкес келеді - Қордайда сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZUS.KZ Sputnik сайтына сілтеме жасап.

 Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады.

1. Исыров Баху, 1988 жылы туған

2. Чонтей Абдула, 1986 жылы туған

3. Харсанов Рам

4. Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі

5. Шисыр Рахим

6. Хишанло Сулейман

7. Лохаш Лугмар (Бұлан Батыр ауылы)

8. Киров Исхар (Бұлан Батыр ауылы)

"Жерлеуді ұйымдастыруға көмектесу бойынша өтініштер түсіп жатыр", - деп хабарлады Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы.

 

Толығырақ ...

Масанчидегі оқиға туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қордайдағы жағдайға қатысты жалған ақпар таратып, ел ішіне ірікті салғандар міндетті түрде жауапқа тартылады, деп жазады "Хабар 24"

Бұл туралы арнайы брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәрен Абаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бір ауылдың деңдейінде басталған жанжал әлеуметтік желіні дүрліктіріп, жағдай одан сайын ушыққан. Сондықтан министр ақпаратты таратуда абай болуға шақырды. Қазіргі таңда ғаламтор, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мониторинг жүріп жатыр. Ондағы барлық бейнежазбалар мен хабарламалар жіті тексерілуде.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Қазірдің өзінде бірнеше қолданушылар анықталып отыр. Олар  ұлтараздықты қоздыратын хабарлар таратқан, дезинформация тудыртқан. Ол мәліметтер құқық қорғау органдарына беріледі. Бұл жанжалды бастағандар да, оған қоса барлық провакаторлар да барлығы жауапқа тартылады.

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің басшысы қызметінен босатылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Анар Қайырбекова жұмыстан босатылды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек кодексін, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы« Заңын және «ОҚМПУ« КЕАҚ Жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР БҒМ бұйрығымен 7 ақпанда Анар Қайырбекова қызметінен босатылды. Өкінішке орай, жұмысты ұйымдастыру барысында А. Қайырбекова тарапынан кемшіліктерге жол беріліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен белгіленген міндеттер орындалмаған. Бос лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы аяқталғанға дейін проректорлардың бірі басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды», - делінген министрлік ақпаратында.

Еске сала кетсек, тамыз айында ҚР БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова аталған ведомствоның жауапты хатшысы Арын Өрсариевті, вице-министрлер Рүстем Биғари мен Фатима Жақыповаларды қызмет көрсету туралы келісімге қол қоюда жемқорлыққа жол берді деп айыптаған болатын.

Толығырақ ...

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Жамбыл облысының Масанчи ауылында қақтығысқа әлеуметтік желілердегі арандатушылар заңсыз әрекеттерді жасауға шақырып, нәтижесінде шамамен 300 адам, соның ішінде көрші ауылдардың тұрғындары қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

ОҚК брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Масанчи ауылындағы оқиға хронологиясын айтып берді. 

 "7 ақпанда кешкі 19:00-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке жуық наразы тұрғын жиналды, олардың арасында бұзақылық ниетпен топтық ұрыс басталды. Оқиға орнына қордайлық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келді. Арандатушылар мен оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық ұрысқа қатысушылар санының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келді", - дейді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, Масанчи ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция жасақтары жіберілді.

"Жанжалға қатысушылар полицияға белсенді қарсылық көрсетіп, олардың заңды талаптарын дөрекі түрде орындамаған. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруларын қолданған. Кейінірек Ауқатты және Бұлан-Батыр ауылдары да қақтығыстарға ұшырады. Елді мекендер мен жолдарға кіретін периметрдің айналасындағы жолдарда бөгеттер қойылды", - дейді министр.

Айта кетейік, Жамбыл облысында болған оқиғада 8 адам қаза тапты. 

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген. 

Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімдеме жасаған. 

Толығырақ ...

Қордай ауданындағы жағдай бойынша Тоқаевтың мәлімдемесі (видео)

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын айтты. Сонымен қатар, Үкімет комиссиясын құруды тапсырды. Оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

"Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды. Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады", - деді Президент.

Бұған дейін Тоқаев оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген. 

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп жазды Президент.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу