logoru
logo

Жұма, 07 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

ҰБТ кезінде бір сұраққа 1 мың АҚШ долларын ұсынған

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов журналистерге сұхбат берген кезде хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Мен халыққа ашық болайын деп өз телефонымды әлеуметтік желіге жазып қойған едім. Алайда өкінішке қарай ҰБТ кезінде маған өтініш айтып, көмек сұрағандар көп болды. Пара ретінде соғым да, жылқы да ұсынды, менің банк картамды сұрап, ақша салғысы келгендер де болды. Мен әркез өз ұстанымымнан таймайтынымды айтып, жауап беретінмін. Ең көп ұсынған ақша  ҰБТ-ның бір сұрағына 1 мың АҚШ долларын ұсынған азаматтар да болды, - деді Дидар Смағұлов.

Осыдан кейін орталық басшысы ҰБТ кезінде түрлі айла қолданып, тест тапсырғысы келетіндерге қандай жаза қолданылатын түсіндіріп кетті. 

Жалпы ҰБТ-ны жылына төрт рет (қаңтар, наурыз, шілде және тамыз) тапсыруға болады. Шілдеден басқасында азаматтар ҰБТ-ның коммерциялық бөлімге түсу үшін тапсырады. Шілде айында тест мемлекеттік грант тағайындау үшін өткізіледі. Егер қаңтар айындағы тест барысында адам өз орнына басқаны жіберіп, қулық жасап ұсталса, онда ол бір жыл бойы емтихан тапсыра алайды. Демек бір жыл уақытын зая кетіреді. Бұл ұялы телефон алып кіргісі келетіндерге де қатысты. Егер ол қаңтарда бір, наурызда екінші рет ұсталса, онда ол да емтиханнан бір жылға шеттетіледі. Осылайша біз тест кезінде алдауды, көшіруді тоқтатқымыз келеді. Себебі мұндай әрекеттер арам өмірдің бастамасы, - деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

Толығырақ ...

Тәуекел Мүслім тұңғыш рет жары жайлы сұхбат берді

KAZUS.KZ.Бойдақтықпен қоштасып, шаңырақ көтергелі жеке өмірі жайлы тіс жармаған өнер иесі, алғаш рет келіншегі туралы ашып айтты, деп хабарлайды Shownews.kz.

Тәуекел Мүсілім отандық шоу-бизнестегі сүрбойдақтар санатынан жылдар бойы түспей келген серілердің бірі еді. Талай қыздың арманына айналған актер, былтыр  жүрегінің жартысын жолықтырды. Мешітте ақ некесін қиып, заң алдында да ерлі-зайыпты атанған-ды.

«Бір көргеннен ұнаттым. Әрі қарай таныса келе, сөйлесе келе үлкен сезімге ұласты.  Жарымның адамгершілігі, тәрбиесі, кең жүректілігі баурап алды. Адамдарды жақсы көріп, әрдайым көмектесуге дайын тұрады. Екеуміздің өмірге деген көзқарасымыз да бір», – дейді Тәуекел.

Актердың таңдауы қостанайлық Махаббат есімді аруға түскен. Жастар Алматыда өткен кастингтердің бірінде жолығыпты. Тіпті алғаш таныстығы туралы сұрап, қызығушылық танытқан әлеуметтік желідегілерге актердың жары арнайы пост жариялағаны бар.  Бүгінде медицина саласында оқитын ару, бос уақытында тырнақ сәндеумен айналысады.

«Қазір жетінші курста оқып жатыр. Биыл бітіреді. Әрі қарай арнайы маман болу үшін тереңірек оқысам ба деген ойы бар. Ол жағын осы жеті жылдығын бітіргеннен кейін көре жатамыз. Ал тырнақпен тек хобби ретінде айналысып жүр. Болашақта дәрігер болып жұмыс істейді», – дейді актер.

Мүсілім Махаббаттың таңдауына үнемі қолдау білдіретінін алға тартты. Сәйкесінше жарынан да  актерлығына сыйластық танытуын талап етіпті. Бұған дейін бірқатар отандық кино-клиптерде бой көрсетіп, тіпті Жанар Дұғалова, Гүлназ Жоланова сынды  серіктестерімен ашық сахналарды сомдаған Тәуекел, әрі қарай да бикештермен бірлесе өнер көрсетуден бас тартпайтынын айтты.

«Бұл жөнінде Махаббатапен сөйлесіп, алдын ала айтып, келісіп қойдық. Егер менде түсірілімдер басталса 12 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейде түсте басталса, таңға жуық бір-ақ бітуі мүмкін деп оның бәрін ескерттім. Сол себепті ол жағынан қиындықтар жоқ»,  – дейді Мүсілім.

Бүгінде Тәуекел анасы, жары үшеуі бір шаңырақ астында тұрады. Сүрбойдақ шағында дос-жаранымен сауық кештерде көңіл көтеріп, қалтасындағы қаржысын да емін-еркін жұмсайтын актер, бүгінде үйіне асығатын болған. Табысын оңды-солды шашуды да қойыпты.

«Үйленгелі бәрі басқаша, бұрынғыдай жеңіл оймен жүре алмайсың. Ертерек үйге барайын, анамды көрейін, әйелімді құшақтайын деген сияқты», – дейді актер.

Орда бұзар жастан сәл асып, теңін тапқан Тәуекел бүгінде тойдың қамына кіріскен. Актердың әулеті қуанышты жиынның қонақтар тізімін де түгендеп қойыпты. Жаз айына жоспарланған дүбірлі кешке 400-ден аса адам шақырылмақ.

«Тойға дайындық басталды. Қазір адам санын түгендеп қойдық. Енді мейрамхананы іздейміз. Махаббаттың көйлегін де қарастырып жатырмыз. Ал безендіру тағы қалған ұсақ-түйегін тойхана тапқан соң ойластырамыз. Қуанышыммен ортақтасуға өзіме ең жақын адамдарды, туыстарымды, ағайын-бауырларымды, өнердегі жүрген барлық әріптестерімді шақырамын. Мен үшін бастысы сол», – дейді өнер иесі.

Актердың жары бүгінде әлеуметтік желіде белсенді. Мүсілім де келіншегінің қалың жұртшылық назарында жүруіне қарсы емес. Жақында Махаббатпен жарнама ролигінде төбе көрсеттті. Сүйіктісін киноәлеміне жолатпаса да, бейнебаянға түсуіне оң қабақ танытып отыр.

Толығырақ ...

«Үшеуміз бірігіп шығайын деп жатырмыз!» Ninety One тобының құрамы өзгермек пе?

KAZUS.KZ. Жеке шығармашылыққа белсенді кіріскен Ninety One тобының орындаушылары Мәскеу сахнасын бағындыруды көздеп жүр, деп хабарлайды Shownews.kz.

Былтыр Ninety One уандықтарға Беделхан жеке шығармашылықты өрбітуге ресми түрде рұқсатын берген еді. Ең бірінші дебют алған топтың көшбасшысы A.Z. Азаматтың алғырлығынан болар, аздаған уақыт ішінде алғашқы альбомының да тұсауын кесіп үлгерді.

«Альбомның ішіне әзірге сегіз өлеңімді жүктеп қойдым. Толықтай емес. Тағы да бір сегіз өлеңім бар. Олар кейін шығады. Бұл жеке ән жинағымда түрлі жанрдағы әндер бар», – деді A.Z.

Ән қоржынын жеке орындауындағы әуенмен әрлеуді әдетке айналдырған тек Азамат емес. ZaQ та топтан бөлек жиі сахнаға шығып жүр. Дулатқа жалғыз өнер көрсеткен ұнаса керек, бұл кеште A.Z-дің ізін суытпай ол да алғашқы туындысын ұсынды.

«Мен әзірге альбомды әзірлеу үстіндемін. Сол үшін бүгін шет жағасын көрсеткім келді. Негізі жалпы дайындық жақсы. Қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта көрсетемін деп ойлаймын», – деді ZaQ.

Алғашқыда бірінен соң бірі сахнаға бөлек шыққан жігіттерді топтан кетті деп ойлады жұрт. Алайда, A.Z мен ZaQ жеке шығармашылықтарын өрбітуге белсенді кіріскенімен ұжымдағы жұмыстарын ұмытқан емес. Бірақ, тоқсан бірдің өзге орындаушылары әріптестеріне ренжулі көрінеді.

«Дым ақылдаспайды бізбен. Өздерімен-өздері жаза береді. Біздің қатысымыз жоқ қой. Біз жәй ғана вокалистерміз ғой. Мысалға үшеуміз бірігіп алып 91 деген топ болып шығайын деп жатырмыз.«ДЖВ» деген Ninety One жынды вокалистері деген топ ашамыз», – дейді ACE.

Иә, бұл жігіттердің жәй ғана қалжыңы еді. Шындығына келгенде A.Z да ZaQ та әр қадамын жігіттермен ақылдасып, әрекет етуді жөн санайды. ALEM, ACE, және BALA оларға қолдау көрсетуге әрдайым әзір.

«Шындығына келген кезде әрине иә ақылдасады ғой. Осындай тақырыпта ән жазайық деп жатырмыз. Қалай қарайсың деп өлеңді тыңдатады. Мына жерде былай-былай қосқан дұрыс па, деген сияқты. Әрине, кішкене ақылдасамыз. Алайда, толықтай альбомды жазып шыққан өздері. Бізде өз ойымызды айтамыз мына жері жақсы деген сияқты деп», – деді ALEM

Жігіттер жеке шығармашылыққа бет бұрды, тоқсан бірде тоқырау деп ойламаңыз. Nynety One жақында Ресейде өтетін «My musictaste» жобасына қызу дайындық үстінде. Отандастарымыз алдағы уақытта Мәскеу сахнасын да бағындыруды көздеп жүр.

«Мәскеу деп жатыр енді. Біз әлі Ресейге барып көрген жоқпыз. Бірақ, болашақта қадам басатынымызға күмәніміз жоқ», – дейді BALA.

Отандық орындаушыларға сәттілік серік болса, көршілес Ресей мемлекетіндегі тыңдармандарымен қауышып, тың туындыларымен тәнті етуді жоспарлауда. Тіпті, жігіттер дәл осы іс сапарында топ репертуарына орыс тілінде тректерді қосса, таңғалмаңыз!

«Ресейге барғаннан кейін біз толықтай концерт қоямыз. Ал қалғанын орысша жазамыз ба, жазбаймыз ба оны ойлағанда жоқпыз. Мүмкіндік болып жатса, жазамыз көреміз. Болашақ көрсете жатар», – деді жігіттер.

Толығырақ ...

Азаматтың барлық құжаттарын eGov мобильдік қосымшасына енгізу ұсынылды

KAZUS.KZ. Цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Baq.kz.

"ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мемлекеттік орган өкілдеріне азаматтардың мобильдік қосымшаға енгізілген құжаттарының тізімін кеңейтуді ұсынды.

Бүгінгі күні азаматтар eGov мобильдік қосымшасынан өзінің жеке куәлігін көре алады. Егер өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы болмаған жағдайда, мобильдік қосымшадағы құжатты пайдалана алар еді. Дәл осындай принциппен диплом, жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат және басқа да құжаттарды орналастыруға болады - деді Әсет Тұрысов.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы, цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиев бұл идеяны жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Біз өз тарапымыздан мемлекеттік органдарға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Азаматтың барлық құжаттарының бір қосымшада орналасуы өте ыңғайлы болар еді. Осыған орай, мемлекеттік ұйымдардың цифрлық құжаттарды түпнұсқамен тең дәрежеде қабылдау мәселесін шешу қажет, - деді министр.

"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева өз кезегінде, ХҚКО-да азаматтар жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбай-ақ, оны eGov қосымшасы арқылы көрсете алатынын айтты.

Комиссия отырысында сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шараларын мерзімінен кешіктірмеу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін уақтылы интеграциялау қажеттігі айтылды.

Цифрлық комиссарлар көтерген мәселелер де талқыланды. Атап айтқанда, комиссия жеке куәлікті онлайн ауыстыру қызметіне баса назар аударды. Қызметті онлайн көрсетуден бас тарту көрсеткішінің 80%-ы пайдаланушылардың сапасыз фото ұсынуына байланысты. Осы орайда, Асқар Жұмағалиев қызмет көрсетушіге бұл мәселені шешу
жолдарын "ҰАТ" АҚ-мен бірлесе пысықтауды тапсырды.

Әріптестер, егер 100 өтінімнің 80-і фотоның сапасыз болуына байланысты қабылданбайтын болса, онда бұл мәселені шешу қажет, анықтау керек, - деді Жұмағалиев.

Бұл ведомствоаралық комиссияның 57-отырысы екенін айтып өткен жөн. Комиссия қабылдаған шешімдер мен мемлекеттік органдар жүргізген жұмыс нәтижесінде 231 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды және оңтайландырылды. Осының есебінен талап етілетін құжаттардың орташа пакеті 30%-ға азайып, қызмет көрсетудің орташа мерзімі 3 есе (31 күннен 10 күнге дейін) қысқарды

Толығырақ ...

Абайдың 175 жылдығы: Елордада республикалық айтыс тың форматта өткізіледі

KAZUS.KZ. Ертең елорданың Астана-концерт залында «Адамзаттың алыбы – Хакім Абай» республикалық айтысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертеңгі айтыс – Абай бабамыздың 175 жылдығына орай өтетін шаралардың бірі. Айтыс сағат 14.00-де басталады. 16 ақын қатысады. Айтыс Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Жалпы, министрлік пен партия өңірлерде осындай айтыстарды өткізуді жоспарлауда. Бұл- биылғы жылдың басты айтысы болады», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның айтуынша, айтыс алдында ақындардың рейтингі жасалған.

«Жалпы, кейінгі жылдары табиғи қалпынан шығарып алдық па деген қауіп бар. Сонау күні Оралда «Алтын домбыраның» алдындағы тимбилдингте 60-70 ақын бас қосып ақылдасып, айтыстардың шынайылығына қол жеткізу шарасын қолданайық деп шештік. Ертеңгі айтыс қалай өтеді екен деп, өзіміз де қобалжып отырмыз. Өйткені, айтыстың суырып салма қасиетіне бұрылайық деп отырмыз. Жасыратыны жоқ, ақындарды бұрын жұптап қоятынбыз. Дайындалып келетін де, қанша ақын байқатпаймын дегенімен, кішкене жаттандылық бар екенін сіздер де, біз де жақсы білдік. Соған жол бермеу үшін халықтың алдында бірінші рет жұптайық деп отырмыз. Яғни, кіммен кімнің айтысатынын ешкім білмейді», - деді ол.

Жүрсін Ерман жәшік қойып, соның ішіндегі шардың ішінде салынған 16 ақынның есімімен жұптар белгіленетінін жеткізді. Залдан кез келген көрермен шығып, шарды суырып, жұптарды белгілейді. Жалпы айтыстың жүлде қоры – 10 миллион 400 мың теңге.

«Жаттанды айтысқа жол бермейміз. Үш-төрт шумақпен қайымдасып, жауаптасып айтысады. Жеті төреші (қазылар алқасының төрағасы – Несіпбек Айтұлы) бұрынғыша ұпай арқылы дауыс бермейді. Әр қазының алдында екі батырма тұрады. Қай ақынға көбірек көк шам жанады, сол сөзсіз айтыстың келесі айналымына өтеді. Сондықтан, ақындардың шынайы қабілетін көрсетсек дейміз», - деді Жүрсін Ерман.

Айтыста Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан қатарлы белгілі ақындар өзара бақ сынасады.

 

Толығырақ ...

Қазақстанның Бас мүфти сайланды

  • Бөлім:  Қоғам

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады.

«Наурызбай қажы Тағанұлы менің бірінші орынбасарым ретінде көптеген игі жобаларды жүзеге асырды. Діни салада тәжірибесі мол. Наурызбай қажы Тағанұлының Діни басқарма жұмысын жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін», – деп атап өтті.

Құрылтайға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Серікбай қажы Ораздың 2017-2020 жылдары атқарған жұмысына оң баға беріп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, діни саладағы ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға ниеттестік білдірді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында:

«Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300 делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар. Өздеріңіз білесіздер, 2020 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Осы мерейтой аясында 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың, соның ішінде әл-Фараби мен Абайдың есімін беруді, 30 елді-мекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесіне оң ықпал етуді, 30 отбасыға қайырымдылық жасауды, 30 студентке грант тағайындауды, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізуді, т.б. игі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап қойдық. Барша жамағатты сауапты істі бірлесе атқаруға шақырамын», – деп атап өтті.    

Айта кетсек, Наурызбай қажы Тағанұлы осыған дейін ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

ӨТПЕНОВ НАУРЫЗБАЙ ТАҒАНҰЛЫ 

1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген. 

Білімі

1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.

1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтын оқыған.

2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.

2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған. 2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

2017 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда.

Еңбек жолы:

1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған.

2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.

2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы.

2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы.

2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі,  Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.

 Еңбек жолындағы жетістіктері:

Наурызбай Тағанұлының тікелей жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына үлес қосқан. Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі», «Мазһабсызбен сұхбат» атты кітаптардың авторы.

 Марапаттары:

«Құрмет» орденінің иегері, Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, Қазақтан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Жеке өмірі:

Отбасылы, 4 баланың әкесі.

Толығырақ ...

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған адам ұсталды

KAZUS.KZ. Шымкенттік полицейлер автобус жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтарда Қаратау ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында жолда туындаған жанжалда автобус жүргізушісін ұрған адамды ізін суытпай анықтап, ұстады.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, «Volkswagen Golf» маркалы автокөлік пен «Кіа Comby» маркалы автобустың жүргізушілері өзара жолды бөлісе алмай, салдарынан жанжал туындаған. «Volkswagen Golf» автокөлігінің жолаушысы автобус жүргізушісінің бетінен бірнеше рет соққылап, жеңіл көлік жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнынан асығыс кетіп қалған. Жәбірленуші болған жағдайды тез арада полицияға хабарлаған.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалған.

Ұсталған азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Әрекеттің онша ауыр еместігін есепке ала отырып, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға, жол қозғалысының қатысушыларын құрметтеуге шақырады.

Толығырақ ...

Месси жаттығу кезінде тағы бір командаласымен төбелесті

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Аргентиналық форвард Лионель Месси мен германиялық қақпашы Марк-Андре Тер Штеген жаттығу кезінде төбелесіп қалды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

El Pais мәліметі бойынша, футболшылар жаттығу барысында допқа таласып, дауласып қалған. Ұжымдағы жағдай команда "Валенсиядан" (0:2) жеңілгеннен кейін ушыға түскен. 

Ақпанның басында Месси жаттығуда қорғаушы Жерар Пикемен жанжалдасқан еді. Бірақ футболшылар жаттығу кезінде татуласқан болатын. 

Бұған дейін Месси "Барселонаның" спорт директоры Эрик Абидальмен дауласып қалғаны хабарланған. Жанжалға функционердің экс-бапкер Эрнесто Вальверденің клубтан кетуіне қатысты пікірі себеп болған. 

Сондай-ақ испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, Месси "Барселона" президенті Жозеп Бартомеудің отставкаға кетуін қалайды. Осы маусымда 32 жастағы аргентиналық Ла Лиганың 17 матчында 14 гол соққан.

Толығырақ ...

Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумы басталды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың «QAZFORUM 2020» шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналды. Форумның тақырыбы - «Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты». Онда қазақтілді БАҚ дамуының жаңа тенденциялары талқылаланады деп күтілуде.

Сондай-ақ, аталған шарада сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контентті жасаушылар қазақ тіліндегі контенттің өзекті мәселелерін ортаға салады.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеологиялық шабыт беруші - Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы.

Осы жылы бұл шараны «Air Astana» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «BI Holding» АҚ қолдаған.

«Қазақта «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген мақал бар. QAZFORUM осы көрініске сай - маңызды тенденцияларды ескеруді, жаңа кәсіптік білімнің көкжиектерін зерттеуді, алдағы сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын болуды басшылыққа алатынына сенімдімін», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х. Мозер форумның ашылуында.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу