logoru
logo

Бейсенбі, 06 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Бай болғыңыз келсе онда...

  • Бөлім:  Советы

KAZUS.KZ. Атақты бизнес-кеңесші, 20 шақты белгілі кітаптардың авторы, қызыл сөздің шебері Бодо Шефердің бай болуға арналған кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз.

№1 — табысыңның 25%ын және табысыңнан тыс 50%-ын жеке есепшотқа жинап жүр. Сол ақшаларды инвестицияға сал. Банктер ақшаны инфляциядан сақтайтыны рас. Бірақ, оның пайыздық мөлшерлемесі тиын-тебен ғана болады.

№2 — Үнемде! Бірнеше жыл ішінде миллионер болғың келсе, үнемдей біл. Ысырапшылдықтың жағдайды түзеуге көмектесетін кезі болмайды.

№3 — Біздің бір жаман жеріміз — ақшаға дұрыс қарамайтындығымыз. Ақшаны жақсы көр. Қалай құрту жағынан емес, оны сақтау жағынан жақсы көргейсің. Бұл ретте ешкім саған қалауыңды алма деген кеңес беріп отырған жоқ.

№4 — Өзіңнің алдағы 7-10 жылға арналған жеке қаржылық жоспарыңды жаса. Не нәрсеге ұмытылып жатқаныңды, бір жылдан кейін не он жылдан кейін қанша табыс тапқың келетінін анықтап ал. Ол мақсатта жету жолында не істейсің, оны да ойластыр.

№5 — Арманыңның көлемі үлкен болғаны дұрыс. Ойың ғаламат болсын! Миллиардтарды, үлкен табысқа жетуді ойла (мәнсап жолында, саясатта т.б). Үлкен арманыңды кішігірім мақсаттарға бөл. Сол ғаламат арманға жеткізетін мақсаттардың белесін біртіндеп бағындыра бер.

№6 — Сенің ойлау қағидаларың миллионердің, миллиардердің қағидаларындай болсын.

№7 — Өзіңе сенімді бол. Ақша да, адам да сенімділерге қарай тартылады. Тасың өрге домаламай жатса да, бәрі жақсы болатынына сен. (Бодо Шефер 26 жасында банкротқа ұшырайды. Десе де, өзіне деген сенімділігінің арқасында қайтадан көтеріліп, тағы да миллионер атанады)

№8 — Қиындықтардан қорықпа! Сәтісіздіктер мен туындаған қиын мәселелерге қуана біл. Үлкен мақсаттарға жету жолында үлкен қиындықтар туындайтыны анық. Сол мәселелерді шешу арқылы біз өзімізді қайрай түсеміз.

9 — (8-ережеге қосымша): Құлап, қайтадан тұруға күші жеткен адам — мықты бола түседі. (Мұқият оқып, ойланып көріңіз). Дағдарыстың салдарынан қанаты қайырылғандар үшін өте өзекті ереже.

№10 — Қаржылық жағдайың жақсы болуы үшін қаржылық шектеулер керек және өз шығындарыңды жоспарлай білуге міндеттісің. Қаржылық еркіндік қаржылық шектеу арқылы келеді.

№11 — Сәттілікті биге өзің шақыруың керек!

№12 — Егер сен бір істі қолға аламын деп шешіп, 72 сағат ішінде тым құрығанда бастап кетпеген болса, оны ешқашан жасамайсың деген сөз. Көп жағдайда 85%-ы солай болады.

№13 — Байитындығыңа сенімдісің бе? Мейлі сен, мейлі сенбе, жеке қаражатты басқарудың қарапайым ғана ережелерін ұстанатын болсаң, байисың. Ұзақ дегенде 7-10 жыл уақыт алуы мүмкін. Бүгіннен бастап ақшаңа дұрыс қара.

№14 — 20% күш салсаң, ол 80%-дық нәтиже береді. Сәйкесінше, 80% күш салғанда, 20% нәтижеге әкеледі.

№15 — Бай болу — біздің тумысымыздан берілген құқығымыз. Бай болу үшін бай отбасында дүниеге кел міндет емес. Сол секілді жақсы білім алудың да маңызы жоғары деуге болмайды. Қаражатыңа дұрыс қарай білсең, жеткілікті.

№16 — Өзіңе деген сенімділік пен көтеріңкі көңіл-күй — қаржылық табыстың кілті. Табыс дәптерін толтырып жүр. (Бодо Шефер күн сайын жақсы істеген 5 нәрсені жазып отыруға кеңес береді)

№16-кеңеске қосымша — Бір күнде жақсы жасағаныңның саны 5-ке жетпесе, осы күн несімен ұнағанын жазсаң болады. Бүгінгі күнге не үшін алғыс айтасың, соны жаз.

№17 — Денсаулығыңды күтіңіз. Деннің саулығы болмаса, жұмысың алға жылжымайды. Байлығыңнан не пайда, денсаулығың жарамсыз болса?!

№18: Кем дегенде жарты жыл өмір сүре алатындай қаржылық қорың болу керек. Себебі, жұмысыңнан шығып қалуың, табысыңның төмендеп қалуы, еңбекке жарамсыз боп қалуың немесе т.б жағдайлар туындап қалуы мүмкін. Бірақ, осы ережені табысты бизнесмендердің өздері де естен шығарып жатады.

№19 — Жақсы табыс табу үшін білім керек. Үнемі біліміңді жетілдір, дүниетанымыңдың кеңейт. Ақымақтардың тек құмар ойындарында ғана жолы болады. Жолы болса, әрине.

№20 — Капитализм — «қасқырлар мекенімен» бірдей. Мықты дегені жеңіске жетеді. Капитализм заманында өмір сүріп жатқаныңды ұмытпағайсың.

№21 — Байлық — сенің шығарған шығындарың, барған жерлерің, алған заттарың емес. Байлық — сақтағаның, жиғаның.

№22 — Сенің бағаңа сай ақша төлемей ме? Жоқ, егер сен сол жұмыста жасап жатсаң, құның сондай деген сөз. Бір нәрсе ұнамаса, өмір сүру дағдысын, жұмысты, өзіңізді өзгерт!

Толығырақ ...

Интернет арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған студент ұсталды

KAZUS.KZ. Орал қаласында полицейлер есірткі заттарды сақтады деген күдікпен жергілікті колледждің студентін ұстады, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында бөліп салынған "Альфа ПВП" синтетикалық есірткі заты және гашиш табылды. Есірткі заттарынан басқа ұсталған адамнан бірнеше ұялы телефон, банк карталар, электрондық кір және буып-түюге арналған материалдар алынды, - делінген ІІМ хабарламасында.

Тергеу барысында белгілі болғанындай 19 жасар Орал тұрғыны танымал мессенджер арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған. Сатуға арналған есірткіні ол интернет арқылы тапсырыс беріп, байланыссыз жолмен алып отырған. Содан кейін өз пәтерінде бөліп буып, жасырып таратқан.  

Барлық мекенжайлар, геобелгілер және фотолар ұсталғанның телефонында тіркелген. Барлығы соңғы екі айда Орал және Ақтөбе қалаларында 50-ге жуық жасырылған орын анықталған.  

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе есірткі заттарды, психотропты заттарды өткузі) сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қазір заттарды жасыру функцияларын жүзеге асырған тұлғалар анықталуда, дәлелдемелік базаны бекіту бойынша және ҚР ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша (электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізу) жаңа айып тағу үшін тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізгені үшін жауапкершілік көздейтін қылмыстық заңанамадағы өзгерістер күшіне енді. Ол үшін мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатын болады.

Толығырақ ...

Сенатта инфрақұрылымды жаңарту мәселесі талқыланды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Бүгін Cенаттың жалпы отырысында депутаттар ауыз су құбырлары, электр қуатын тарату желілері, тамтығы қалмаған жол, жөнделмеген көпір туралы Премьер-министрге ұзын саны 14 сауал жолдады, деп жазады "Хабар 24".

90 пайызы инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысты. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Үкімет тез арада инфрақұрылымды жаңартуға күш жұмсауы қажеттігін атап өтті.

Себебі мемлекет ескірген желілердің кесірінен артық су, электр энергиясын жоғалтуда. Өңірлердің арасында коммуникация нашар дамыған, осының барлығын депутаттар толық бақылауға алмаса болмайды. Бүгін Сенат отырысында салықтық келісімдерге қатысты, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының экстремизге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясы туралы, соғыста қолдануға тиым салынған құралдар жайлы хаттамаларды ратификациялау жобалары қабылданды.

Айта кетейік, Қазақстан бактериологиялық және уытты қаруды әзірлеп, оларды сақтауға тыйым салу және жою туралы конвенцияны 2007 жылы ратификациялаған. Енді оны осы сенатта қабылданған Женева хаттамасы толықтырып отыр. Құжат халықаралық қауіпсіздік жүйесінде ерекше мән-маңызға ие.

Толығырақ ...

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі ТОП-20 елдің қатарына енді

KAZUS.KZ. 2019 жылдың қорытындысы бойынша алтын-валюта қорындағы алтын қоржынымыздың көлемі 387 тонна немесе шамамен 19 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Ұлттық банк Телеграмдағы арнасында мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

World Gold Council мәліметтері бойынша, алтын қоры көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатардағы ТОП-20 елдің қатарына кіреді. Алтынды сатып алу бойынша басым құқығын одан әрі пайдалану алтын өндіруші өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Толығырақ ...

Түркіменстан 40-тан асқан еркектерге шаш бояуға тыйым салды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Түркіменстанның шығысындағы Лебап аймағында 40 жастан асқан ер шенеуніктерге ақ шашпен жүруді міндеттеген. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Осылайша мемлекеттік қызметкерлер самайына ақ түскен ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сияқты ақ шашпен жүруі тиіс.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, 1 ақпаннан бастап шенеуніктер, мұғалімдер мен дәрігерлерге шаш боюға тыйым салынған. Шашына ақ түспегендер шаштарын аққа я сұрға бояуы тиіс.

Азаттықтың Түркімен қызметінің дерегінше, егер президент Бердімұхамедов аймаққа келе қалған жағдайда шашына ақ түскен шенеуніктер ғана кездесуге кіргізіледі.

2019 жылы қаңтарда Түркіменстанның мемлекеттік мекемелеріне, мектеп, ауруханаларға Бердімұхамедовтің жаңа портреттерін сатып алу міндеттелген. Жаңа портреттерде президенттің шашына ақ түскені байқалады. Бұған дейінгі портреттерде оның шашы қара болған еді.

Азаттықтың Түркімен қызметі бұл жайтқа байланысты ресми комментарий ала алмағанын хабарлады.

Толығырақ ...

БҚО-да браконьерлер 45 ақбөкенді өлтірген

KAZUS.KZ. Браконьерлер Батыс Қазақстан облысында 45 ақбөкенді өлтірген. Инспекторлар өлген жануарлардың өлексесін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, ақбөкендерді тапқанға дейін бір апта бұрын өлтірілген. Бұл Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы аумағында болған. Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған. 

Осындай жағдай қаңтардың 24-і және 30-ы күндері осы облыста болған, онда 71 ақбөкеннің өлексесі табылған. Браконьерлік факт бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. 

"2020 жылы "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК жанынан жеке қауіпсіздік бөлімі және "Сапсан" жедел тобы құрылды, оның міндеттеріне ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК қызметкерлерінің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ басқа лауазымды тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау кіреді", - деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол сондай-ақ, жедел топ 12 адамнан құрылғанын айтты, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль көлігімен қамтамасыз етілген, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, спутник байланысын қоса алғанда, нысанды киім-кешекпен және табель қарумен жабдықталған.

Жыл басынан бері барлығы 13 құқықбұзушылық анықталып, 73 жануардың өлексесі мен 26 мүйіз, 1 қарақұйрықтың өлексесі, 715 келі балық тәркіленді, 13 адамға қатысты "Охотзоопром" материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде 16 қаңтарда Қызылорда облысында жедел топ ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін "Охотзоопромның" үш инспекторын ұсталған.

Толығырақ ...

Оқушының уақытын бағаламаған ұстаздар күнә жасап жүргенін басып айтты (видео)

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Желіде мұғалімдердің өз жиналысынан түсірілген видео пайда болды. Онда оқушыларды ақылы оқытатын қосымша туралы, нақтысында соның маңайындағы мұғалімдердің заңсыз әрекеттері жайында ащы шындық айтылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодағы әйелдің айтуынша, қосымша ақылы түрде бала оқытып жүргендердікі - қылмыс. Бұл - біздің елімізде бағалана бермейтін баланың алтын уақытын ұрлау, оларды алдап-арбау.

"Сабақтан кейін бала 4-5 сағат қосымшада отырады. Демек, біздің мұғалімдер мектепте түк бітірмейді. Мектептен шыққан мұғалім ана араға барып, қосымшаға кіреді. Қосымшаға барған бала 4 алады, бармаса 4 алмайды екен. Не деген сұмдық? Финляндияда үй жұмысын жасауға арналған қосымша сабақ беретін орталық жоқ. Демек, мектепте мұғалім сабақ оқытпайды. Мына жерде ол үкіметтің ақшасын бос алып жүр. Оған қоса қосымшаға барады, өйткені тағы ақша алады, бірақ ол арада шынымен оқытады. Ұялмай, өзім беретін сыныптан балаларды аламын. Өзім ата-аналарына соны айтамын. Өзім үш қоямын қосымшаға бармаса. Мұндай болмайды. Бұл қылмыс деп аталады. Жарайды, ақшасы кетіп жатыр, бірақ оған қоса баланың уақытын "жеп" жатырмыз ғой біз. 2-сыныпта ма, мынандай әңгіме бар. Эйнштейн ұйықтар алдында қасындағы адамға: "Мен көз шырымымды алып алайын, жарты сағаттан кейін оятыңыз", - дейді. Жарты сағаттан соң әлгі адам қараса, Эйнштейн тәтті ұйықтап жатыр екен, содан оның ұйқысын бұзбай бір сағаттан кейін оятады. Сонда Эйнштейн оған: "Сіз менің жарты сағатымды ұрлап алдыңыз, қайтарыңыз маған", - дейді. Көрдіңіз бе, біз уақыттың құнын білмейміз, бағаламаймыз, онымен санаспаймыз. Ол баланы мектепте 4 сағат отырғызамыз, одан соң қосымшада тағы 4 сағат отырғызамыз. Қылмыс емес пе бұл? Ал бұл уақытқа бала ойнауы керек, дамуы қажет, негізі. Көрдіңіздер ме, бала алдында қандай күнә жасап жатырмыз? Беруге болады қосымшаны, тек физикалық дамуы жағынан, ал қалғанын бала өзі меңгеріп кетуі тиіс, - дейді халықаралық тәжірибе", деп жатыр мына кісі видеода.

Толығырақ ...

Түркияда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Видеоны түріктің DHA ақпарат агенттігі жариялады. 

Pegasus әуекомпаниясының ұшағы Сабихи Гекчен атындағы ыстамбұлдық әуежайға апат жағдайында қонған. 

Видебақылау камерасына түсірілген видеодан лайнердің ұшу-қону жолағымен асқан жылдамдықпен қозғалып келе жатқанын, кейін шетке шығып кетіп, жардан құлағанын көруге болады.

Измир - Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған. 

Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі қолайсыз ауа райы.

 
Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу