logoru
logo

Сәрсенбі, 05 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Желіні шулатқан «Жол қозғалысын реттеуші оқушы» Полиция департаментіне шақыртылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Шымкентте жол қозғалысын реттеуші жасөспірім марапатталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «жол қозғалысын реттеп тұрған оқушы» туралы бейнежазба Шымкент қаласы Полиция департаментімен зерттеліп, бейнежазбадағы жасөспірім Сайрам елді-мекеніндегі № 114 мектептің 7-сынып оқушысы Дастан Өміртаев екені анықталды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтың атынан орынбасары полиция полковнигі Алмас Әмзеев Дастан Өміртаевты арнайы шақырып, өзінің және департаменттің жеке құрамы атынан алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыстады.

Дастан Сайрам елді-мекеніндегі көшелердің қиылысында көлік кептелісін байқап, жүргізушілерге көмек көрсету мақсатында жол қозғалысын реттеуге шыққан. Автокөлік жүргізушілері оның белгілеріне бағынып, кептелістен шығуға көмектескені үшін алғыстарын білдірген. Алмас Әмзеев Дастанға азаматтық ұстанымы және осындай жағдайға бей-жай қарамай көмекке келгені үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды.

Алайда, Дастан мен оның ата-анасына мұндай әрекеттер жолда авариялық жағдайлар тудырып, ең бастысы оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін ескертіп, есте сақтауын сұрады.

Сондай-ақ, мұндай жағдайларда «102» нөмеріне хабарласып, полицейлерді шақырған жөн екені ескертілді.

Осы орайда, Дастанға Жол қозғалысы ережелерінің кітапшасы сыйға тартылды. Жас жеткіншектің болашақта полиция қызметкері болам деген ниетін ескере отырып, департамент қызметкерлері Дастанды Патрульдік полиция полкінің саптық жиынына қатыстырып, жол қозғалысын реттеуші полицейдің жұмысын көрсетіп, полиция қызметкерінің күнделікті тыныс- тіршілігімен таныстырды.

Толығырақ ...

Түркістан облысында семсерлесу спортының орталығы ашылды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Түркістан облысында алғашқы семсерлесу орталығы ашылды. Жаңа нысан Шардара қаласындағы армспорт клубының жанынан бой көтерді, деп жазады "24 хабар".

Спорттың бұл түрі оңтүстік өңірде кеңінен танымал болмаса да аудан басшылығы мен жанашыр азаматтар жаттықтырушыларды Шымкент қаласы мен басқа облыстардан алдыртқан. Осылайша, Шардаралықтар қол күресінен ғана емес, семсерлеруден де әлемді бағындырмақ ниетте. Қазірдің өзінде қанында бар өнерге жасөспірімдердің қызығушылығы басым. Мамандардың айтуынша, ерекше өнерге ынта танытқан жеткіншектер қазір шағын залда жаттығуда, болашақта оларға үлкен кешен салып беру жоспарланып отыр. Шардара облыстағы спорт саласы ең жақсы дамыған аудан. Жергілікті қол күресшілер халықаралық жарыстардың алдын бермей келеді. 

Ерасыл Омар, жаттықтырушы:

Ауылдың балаларынан болашақта олимпиада чемпиондарын шығару ниетімен Шардара қаласына келдім. Семсерлесу тобына жеке нысан салып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, осындай мүмкіндік бергені үшін Арман Қонысбайұлына рақмет. 

Бауыржан Шомпиев, Шардара ауданы әкімінің орынбасары:

Семсерлесу біздің тарихымызда бар, қазақтың өзі қылышпен айналысқан халық қой. Біз бұны ашқанда 20-30 адам болатын шығар деп едік, қазір көрдіңіздер 60 адам жазылды. Демек, қызығушылық бар. Біз тағы да қосымша үлкен алаң салып бермекпіз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту Олимпиада шыңына шығатын  алаңға айналуы керек деген Жолдаудағы мақсаты біздің ауданда жүзеге асып жатыр.

Толығырақ ...

Түркияда таудан құлаған көшкін 5 адамның өмірін қиып кетті

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Түркияның шығысында көшкін кезінде кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпрат NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 4 ақпан кешкісін Ван-Бахчесарай тасжолында Ван провинциясында болған. Жолда қар тазалайтын көлік жұмыс істеген, оның артынан жолаушылар мінген автобус келе жатқан. Кенеттен тауда көшкін жүріп, қар тазалайтын техниканы көміп қалған және шағын автобусты 40 метрлік жардан құлатып жіберген.

Алдын ала дерек бойынша, жолаушылар көлігінде 10-15 адам болған. Провинция губернаторы Мехмет Эмин Бильмездің айтуынша, құтқарушылар төрт жолаушының мәйітін тапқан және қар үйіндісінің астынан бес адамды құтқарып қалған.

Бильмез кейінірек тағы екі адамның құтқарылғанын, олардың бірі алған жарақатынан көз жұмғанын хабарлады. Билік қар астында тағы да адамдар бар деп есептейді. Құтқару операциясына 200 адам қатысып жатыр.

Қар тазалайтын көлік жүргізушісінің айтуынша, автобуста балалар болған.

 

Толығырақ ...

Әлеуметтік желіде лотерея ойынын жарнамалағандар жауапқа тартылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Лотерея және лотереялық қызмет туралы заң жобасы Instagram-да лотерея өткізуге заңды түрде тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасында бар. Лотерея операторынсыз (Операторы "Сәтті жұлдыз" АҚ), оператордың лотерея ойнату туралы келісімінсіз жүзеге асырылған кез-келген ойындар заңсыз деп саналады және лотерея деп саналмайды, - деді Райымқұлова.

Ол бүгінде блогерлер ара-тұра өткізіп қоятын лотереяларды мұндай терминмен атауға болмайтынын, әрі ондай шараны жарнамалағандар жауапқа тартылатынын жеткізді.

Мұны заңмен лотерея деп атауға болмайды, яғни лотерея деп аталатын, бірақ іс жүзінде лотереяға жатпайтын шараның жарнамасы үшін жауапқа тарту, жазалау көзделген. Ұтыс ойындарын лотерея деп атауға болмайды. Бұл мүлдем басқа түсінік, - деді министр.

Сонымен бірге, Мәдениет және спорт министрлі кейде нақты лотерея болмаса да, лотерея белгілері кездесетін жайттар бар екенін түсіндірді.

Егер лотереяның операторы болса және оған ақша салатын лотерея қатысушысы болса – бұл лотереяның негізгі белгісі. Ол ақша жинақталып, аппараттық кешенде ойнатылады және ол ақшаны біреу ұтып алады. Егер мұндай белгілер болмаса, ол лотерея деп танылмайды, - деп түсіндірді Ақтоты Райымқұлова.

Толығырақ ...

Үш балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы берілмейді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамай төленіп жатыр. Себебі бұған дейін Үкімет 4-7 баласы бар көпбалалы отбасыларға 42 500-73 370 теңге аралығында жәрдемақы тағайындады. Ал 8, 9, 10 баласы бар көпбалалы отбасылар 7 балаға төленетін мемлекеттік жәрдемақыны қанағат тұтуға тиіс болды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтан неге бұлай деп сұрағанда:

"Мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасына беріледі. Әр балаға орта есеппен алғанда 10 600 теңге төлеу жоспарланған. Қазына қаржысының мүмкіндігін ескере отырып, әзірше 7 және одан көп баласы бар отбасыларға 73 370 теңге төлеген дұрыс деп отырмыз", – деп жауап берді.

Министр "әзірше" деген сөзді келер күннен үміттеніп айтқан сыңайлы.

Себебі таяуда ол бала саны жетіден асатын отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы қайта есептелетінін мәлімдеді.

"Қаңтар айынан бастап көпбалалы отбасыларға сараланған мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Әр балаға 10 600 теңгеден қарастырылды. Көпбалалы отбасы деген ұғымды 7 баламен шектемеу мәселесін депутаттармен бірлесіп талқылаған кезде осыған дейін қабылданған заңға өзгеріс енгізу бастамасын қолдадық. Үкімет тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін, құжат Парламенттің қарауына ұсынылады. Жобалап айтатын болсам, алдағы уақытта 8 балаға - 85 мың, 9 балаға - 96 мың, 15 балаға - 160 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Тиісті қаражат қарастырылды", – деді Біржан Нұрымбетов.

Оның сөзінше, елімізде көпбалалы 343 мың отбасы бар. Олардың 61%-ы - төрт, 27%-ы - бес, 9%-ы - алты, қалған 3%-ы - жеті және одан көп бала тәрбиелеп отыр.

Министр мәлімдегендей, Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 15 баласы бар отбасы өмір сүреді. Олардың күнкөрісіне 7 балаға тағайындалған мемлекеттік жәрдемақы жетпейді.

Естеріңізге салайық, қаңтар айынан бастап кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде 23 жасқа дейін студент балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге болып бекітілді.

Біржан Нұрымбетов 1-3 баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу мәселесі талқыланғанын, бірақ шешілмегенін айтты.

"Қазір 370 мың көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы беріліп жатыр. Оның 125 мың аз қамтылған отбасы. Министрлікке бір, екі, үш баласы бар отбасылар хабарласып, дәл сондай көмек талап етуде. Біз түрлі тәсілдерді талдау барысында бұл қадам бюджетке ауыр салмақ салатынын анықтадық", – деді ол.

Министрдің дерегінше, елімізде бір, екі және үш балалы 2 млн 904 отбасы бар.

"Бір, екі және үш баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мәселесін шешу қиын болып тұр. Олардың арасында әлеуметтік жағдайы жақсы адамдар да жоқ емес. Мұндай адамдарға мемлекеттік жәрдемақы қажет пе? Бұл да үлкен сұрақ. Сондықтан бұл мәселеде ешқандай шешімге келген жоқпыз", – деді Біржан Нұрымбетов.
Толығырақ ...

Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамытуды тапсырды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында түйені көбейтуді, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеді, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Ойсыл қара тұқымымен өзге өңірлермен бәсекелес болатындай қауқары бар ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың есебінде айтылды. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Ауданда 400 мыңға жуық мал басы өсірілуде. 2018 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара, жылқы мен түйе саны өскен. Облыс басшысы Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.

«Түйе шаруашылығын дамытуға ауданның табиғаты қолайлы, сондықтан осы кәсіпті мықтап қолға алу керек. Бұл мәселені дұрыс жолға қойып, ішкі нарықты қамтуға қауқар жетеді, деп ойлаймын», - деді Өмірзақ Естайұлы.

2019 жылы Созақ ауданы жергілікті бюджетке 6 млрд. теңге қаржы түсіріп, жоспарды артығымен орындаған. Аудан экономикасына өткен жылдармен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі 125%-ға артып отыр. Үдемелі Индустриалды Инновациялық Даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасы тізіміне 6 жаңа жоба енгізілген.

Шолаққорған ауылынан 120 га жерге жобалық құны 50 млн. АҚШ долларын құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электро станциясын салу құрылысы аяқталған. Алдағы уақытта онда тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады. Өткен жылы ауданда бірнеше жаңа мектеп ашылған. Жаңа магистралды газ құбырының құрылысы мен ауыз сумен жабдықтау жұмыстары басталған. 2 саябақ салынып, 20 шақырым жолды асфальттау жүзеге асқан. «Қамқорлық» жобасы аясында тұрмыс тауқыметін тартқан 30 отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр.

Жиын соңында Өмірзақ Шөкеев аудан азаматтарын қабылдады. Созақ ауданының тұрғыны Қабылбек Еспенбетов Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газбен жабдықтау мәселесі мен жолдарға асфальт төсеу жұмыстарының жалғасуы бойынша өтінішін айтып келді. Өмірзақ Естайұлы бұл мәселелердің жүзеге асуын өз бақылауына алды.

Толығырақ ...

Коронавирустан көз жұмғандар саны 490 адамға жетті

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Жаңа коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны сәрсенбі күні 490-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирустан алғашқы адам мерт болғанын естігеннен кейін америкалық екі әуе желісі Гонконгқа ұшуын тоқтатты. Жапондық круиз кемесінде 10 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Кеме қазір карантинде.

Қытайдың Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының хабарламасына сәйкес, сейсенбі күні 65 адам мерт болып, құрлықтағы қаза тапқандардың жалпы саны 490-ға жетті. Олардың көпшілігі вирус пайда болған Ухань қаласы мен оның аймағында тіркелді.

Толығырақ ...

Google бірінші рет YouTube хостингінің жарнамадан түскен қаржысын жариялады

KAZUS.KZ. Alphabet холдингі өзіне тиесілі YouTube видеохостингі қанша табыс табатыны туралы мәліметтерді жариялады. Компания сайтында жылдық есеп жарияланды, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Alphabet - Google-дың бас компаниясы. Олар 2006 жылы YouTube желісін 1,65 миллиард долларға сатып алған болатын. Содан кейін холдинг жарнамадан түсетін табысы туралы жазбаған. 

2019 жылы YouTube жарнамадан 15 миллиард доллар табыс тапқан. 

Осы қызмет түрі компанияға бүкіл табысының (162 миллиард доллар) 10 пайызына жақындаған. Alphabet табысы бір жылда 18 пайызға өскен. 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу