logoru
logo

Сейсенбі, 04 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Қазақстандағы ана мен баланы қолдауға бағытталған жәрдемақылар мен төлемдердің 11 түрі бар

  • Бөлім:  Қоғам

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда Ана мен баланы қолдаудың ұлттық моделі құрылған, ол 8 мемлекеттік жәрдемақы мен 3 төлемнен тұрады. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға 2020 жылы 682,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бала тууды ынталандыру және отбасында балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесу мақсатында 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы енгізілді, оның мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған. Сонымен, 2020 жылы бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 38 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) немесе 100 738 теңгені құрайды, ал төртінші және одан да көп балаға 63 АЕК немесе 167 013 теңге төленеді.

2019 жылы төлемнің орташа мөлшері 109 370 теңгені құрады, оны 43,8 млрд теңгеге 400 022 адам алды. 2020 жылы төлемнің орташа мөлшері 114 788 теңгені құрайды. Бұл мақсатқа 45,2 млрд теңге бағытталады.

2006 жылдан бастап жұмыс істемейтін ата-аналарға бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Ол отбасының табысына қарамастан тағайындалады және оның мөлшері төртінші балаға дейін артып отырады (бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 15 270 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 18 054 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 20 811 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,9 АЕК немесе 23 594 теңге).

Мұндай жәрдемақыны өткен жылдарыы жалпы сомасы 34,7 млрд теңгеге 138 466 адам алды. Төлемнің орташа мөлшері 20 886 теңгені құрады. 2020 жылы аталған жәрдемақыны төлеуге 39 млрд теңге бағытталады, оның орташа мөлшері 22 663 теңгені құрайды.

2008 жылдан бастап жұмыс істейтін ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда төлемдер қарастырылған, бұл олардың табысының 40% құрайды.. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 77,5 млрд теңге сомаға 191,4 мың адам төлем алды. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 86,4 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін ата-аналарға бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтіміне байланысты берілетін төлемдерді 894 млрд теңгеге 434 мың адам алды. Ағымдағы жылы төлемдердің жалпы сомасы 100,1 млрд теңгені құрайды.

2010 жылдан бастап мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналары мен қамқоршыларына 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы енгізілді. Оның мөлшері 2019 жылы 41 578 теңгені құрады. Оның мөлшері 2019 жылы 41 578 теңгені құрады. Аталған жәрдемақыны 85 229 адам жалпы сомасы 38,1 млрд теңгеге алды. Ағымдағы жылы жәрдемақы көлемі 43 657 мың теңгені құрайды, бұл мақсатқа 48,1 млрд теңге бөлінді.

2018 жылдан бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау үшін жаңа ай сайынғы жәрдемақы енгізілді. Оның мөлшері де 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең. 2019 жылы бұл мемлекеттік жәрдемақыны жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 13 692 адам алды. 2020 жылы бұл мақсатқа 8,6 млрд теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, ананы қолдау және ананың беделін арттыру мақсатында 2010 жылдан бастап көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау шарттары өзгертілді. «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп балалары (бұрын – он және одан да көп) бар аналар, ал «Күміс алқа» алқасымен алты баланың анасы (бұрын – сегіз) марапатталады. Сондай-ақ оларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9-дан 6,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2019 жылы аталған жәрдемақының мөлшері 16 160 теңгені құрады. Оны жалпы сомасы 45,7 млрд теңгеге 234 941 адам алды. 2020 жылы аталған жәрдемақыны төлеуге 47,5 млрд теңге салынды, төлемнің орташа мөлшері 16 967 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, базалық деңгейде әлеуметтік сақтандыру төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдер қарастырылған. Аталған жәрдемақы жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты арттырылады. Мәселен, 2019 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 41 578 теңгені, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға: бірінші топ-57 021 теңгені, екінші топ-47 220 теңгені, үшінші топ – 35 638 теңгені құрады. 2019 жылы асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 25 541 теңгеден 76 027 теңгеге дейін болды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған жәрдемақы 5 %-ға өсті. 2020 жылы оны төлеуге 75 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, 2014 жылдың басынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді. 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін 87,8 мыңға жуық әлеуметтік төлем алушылардың жеке зейнетақы шоттарына республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге аударылды. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап барлық кезеңде субсидия көлемі 25,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылы болжам бойынша, жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға, олардың бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде 5,9 млрд теңге бөлінеді.

Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленеді: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге. Ағымдағы жылғы қаңтар айында 369 мың отбасы жәрдемақы тағайындалып, оларға 17 млрд теңгеден астам қаржы төленді.

2020 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдерді төлеуге 682,9 млрд теңге көзделген.

Толығырақ ...

Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіруге қатысты жаңа талаптар айқындалды

KAZUS.KZ. Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат жобасының мақсаты – асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне озық халықаралық тәжірибені енгізуді қамтамасыз ететін заманауи нормативтік базаны құру тұрғысында мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Заң жобасымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңдарына өзгертулер енгізілуде.

Ауыл шаруашылығы вице-мирнистрі Гүлмира Исаева заң жобасының негізгі тұстарына тоқталды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне сәйкес, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнаманы қайталап бұзғаны үшін субъектілер қызметтерін тоқтататын еді. Ұсынып отырған заң жобасында талаптарды бұзу жағдайлары жойылғанға дейін субъектілердің қызметін тоқтата тұруға тәртібіне ауысу көзделген. Осылайша, жазалаудың тым қатал түрлерін белгілеу асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтер секторын дамытуға мүмкіндік бермейтіндіктен, жауапкершілік шараларын жеңілдетеміз», - деді вице-министр.

Ұғымдық ақпаратта «асыл тұқымдық құндылық», «асыл тұқымдық өнім», «ауыл шаруашылығы малдары», «асыл тұқымды мал» және «селекциялық әрі асыл тұқымдық жұмыстар» терминдері Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауыл шаруашылығы малдарына селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге сәйкес келтіріледі.

Жобаның 10-бабында Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикандық палаталармен, асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын және асыл тұқымды өнімді пайдаланатын жеке әрі заңды тұлғалар, бонитерлер, ұрықтандырушы техниктер, эмбриондарды транспланттау жөніндегі мамандармен толықтырылды.

Белгілі болғандай, 13 бапта уәкілетті органның құзіреті келесі өкілеттіктермен толықтырылды:

- асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикандық палатталардың қызметіне әдістемелік жетекшілікті жүзеге асыру;

- малға индекстік бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

- ипподромдарда асыл тұқымды жылқыларды сынау қағидаларын әзірлеу мен бекіту.

«Сонымен қатар, республикалық палатарлардың жауапкершілігін заңды деңгейде бекіту туралы жаңа бап қарастырылуда», - деді Г. Исаева.

 

Толығырақ ...

Түркияда «Абай тағылымы» атты көрме ашылды

KAZUS.KZ. Адамзаттың ақылманына айналған Абайдың мерейтойы Түркияда аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақынның әдеби мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Анадолы жерінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тағылымды шара ұйымдастырды.

Оқу орнының ресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асанның айтуынша, Нийде Өмер Халисдемир университетіндегі Қазақ-түрік мәдени білім беру ғылыми-зерттеу орталығында өткен жиын бауырлас мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты айқын аңғартты.

«Қыздар университетінің делегациясы аталған орталыққа Абайдың шығармалары мен ол туралы іргелі зерттеу еңбектері топтастырылған елу кітапты сыйға тартты. Сондай-ақ қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының бастамасымен «Абай тағылымы» тақырыбында көрме ашылды, - деді Жандар Асан.

Көрменің ашылу рәсіміне түркиялық ғалымдар, қазақстандық делегация өкілдері мен студенттер қатысты.

Игілікті шараны Нийде Өмер Халисдемир университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Иляс Гукхан ашып, Абай қазақтың ұлы ақыны ғана емес, сондай-ақ түбі бір түркі дүниесіне ортақ тұлға екендігін атап өтті.

Сонымен қатар ол ойшылдың адамзаттың асыл мұрасына айналған шығармалары әлемнің 30-дан астам тілімен қатар түрік тіліне де аударылғанын айтты.

«Әкенің баласы емес, адамның баласы болуды мақсат тұтқан ақынның құнды қазынасы өскелең ұрпақпен бірге жасайтын мәңгілік мұраға айналуы тиіс. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай хақындағы мақаласы, ой-толғамы басты бағдаршам болуы тиіс деп ойлаймын. Ол жоспарланған шаралардың барлығы «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» екендігін атап өтті. Біз де өз тарапымыздан ақын мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге атсалысамыз. Бүгінгі шара соның бастауы іспеттес. Түркия жұртшылығы үшін де Абайдың өміршең поэзиясының орны бөлек. Оның әдеби туындыларының астарына үңіліп қарасаңыз үлкен мағына жатыр. Оның пәлсапалық өсиеттері мен шығармалары уақытпен үндес яки қанаттас, – деді Иляс Гукхан.

Жиында сөз алған Қыздар университетінің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабеков ұлы ақынның тағылымына терең бойлау – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие екендігін баяндап, тағылымды іске ұйытқы болғандарға ізгі лебізін білдірді.

«Абайға бет бұру, «өткеннің арты, жаңаның басы едім» деген ұлы ақынның тағылымына терең бойлау – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие. Абай – ұлттық болмыстың айқын үлгісі. Абай – дала даналарының барша жақсы қасиеттері мен асыл мұраларын бойына сіңіре отырып, ұлт әдебиеті мен мәдениетін һәм қоғамдық ойды баға жетпес қазыналармен байытқан дана да дара тұлға. Абай – адамзатқа ортақ тұлға. Ұлы ойшылдың шығармалары әлемдік әдебиеттің алтын қорына енуі бұл сөзімізге айқын дәлел. 75 жылдық тарихы бар университет ұжымы атынан ақын мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараның өтуіне қолдау көрсеткен туысқан түрік бауырларымызға алғысымызды білдіреміз, – деді ол Нұрғали Аршабеков.

Алдағы уақытта Түркияда білім алып жүрген қазақ жастарымен қатар көпшілік қауым Нийде қаласындағы Қазақ-түрік мәдени білім беру ғылыми-зерттеу орталығында Абай мұрасымен кеңінен танысуға мүмкіндік алмақ. Бұл бастама өз кезегінде туысқан халықтар арасындағы рухани сабақтастықтың артуына ықпал ететіндігі рас.

Көрменің ашылу рәсімінде Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының директоры, профессор Хикмет Кораш, Еуразиялық зерттеулер мамандығының басшысы, PhD Турғай Дүйен, Қазақ-түрік мәдени білім беру ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, профессор Мурат Барут сынды сынды ғалымдар да сөз сөйлеп, ниеттестігін білдірді.

 

Толығырақ ...

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында туризм саласы дамытылатын болады

  • Бөлім:  Туризм

Минералды емдік суымен әйгілі Сарыағаш шипажайлары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін жоғарылата түспек, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Былтыр емдік судан шипа іздеп келген туристер саны 123 мыңнан асқан болса, биыл олардың саны 15%-ға артады деп күтілуде. Осы мақсатта нақты жоспарлар бекітілген. Бұл мәселелер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Сарыағаш ауданы әкімінің жылдық жұмыс қорытындысын тыңдау барысында баяндалды. Бүгінде ауданда 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақ үй қызмет көрсетеді. Аудан басшысы Мұхит Отаршиев туризмді дамыту барынша жүзеге асырылатынын айтты.

Сарыағаш ауданының экономикасының негізгі тірегі-ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Былтыр жалпы өнім көлемі 77 млрд. теңгеден асқан. Алдағы уақытта егістік алқабы 65 мың гектарға ұлғайтылып, жылыжай шаруашылығы мен тамшылатып суару әдісін қосымша 400 гектар жерге жаңадан ендіру жұмыстары жүргізілмек. Әсіресе жеміс-жидек өнімдерін өсіруді кеңейту көзделуде. Есептен кейін аудандағы бірқатар қиындықтарды көтерген облыс басшысы оларды шешу жолдарын шұғыл қарастыруды міндеттеді.

«Құрғақ сөз айтатын уақыт кетті. Нақты және нәтижелі жұмыс болсын. Жүктелген тапсырмалар міндетті түрде орындалу керек. Атқарылатын барлық жұмыстарды қадағалайтын боламын», - деді аудан әкімінің есебін тыңдаған аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Сондай-ақ облыс әкімі Сарыағаш ауданының тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Аудан ақсақалдары ауыз су мен суармалы сумен қамтамасыз ету, халық санының өсуіне байланысты мектеп салу секілді мәселелер көтерді. Аймақ басшысы оларға қатысты жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Толығырақ ...

Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей ұсталды

KAZUS.KZ. Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

 Полицейлер өз әріптесін рейд кезінде тоқтатқан. Ер адамнан арақтың иісі мүңкіп тұрған. Құжаттарын тексеру кезінде оның полиция қызметкері екені анықталған. 

"Медициналық куәландыру кезінде оның жеңіл деңгейлі мас болғаны анықталған. Бұл 2 ақпанда болған, кеше ол жұмыстан босатылды. Ол көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Дүйсебаева. 

Осындай жағдай Атырауда да болған. Онда инспектор мас күйде ұсталған. Әкімшілік сот шешімімен аға лейтенант жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 15 тәулікке қамалды және қызметінен босатылды. 

Толығырақ ...

Бокстан олимпиада жолдамалары сарапқа салынады

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Тура бір айдан кейін боксшылар олимпиада жолдамаларын сарапқа сала бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іріктеу турнирі Иорданияда өтетін болды. Қазір ұлттық құрама қызу дайындық жұмыстарына кірісті. Ал бапкерлер құрамы байрақты бәсекеде сынға түсетін боксшылар тізімін жасақтап жатыр. Әзірге белгілісі, ел намысын қорғайтындардың басым бөлігі өткен жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері болмақ. Оның ішінде 81 келідегі Бек Нұрмағамбет өз орнын Бекзат Нұрдәулетовқа беруі мүмкін.

Ал жеңіл салмақтарда Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Зәкір Сафиуллииндер шаршы алаңға шығады деген болжам бар. Қалай болғада да ұлттық құрама барлық салмақ дәрежесінде жолдама алуды көздеп отыр. Бұл мақсат Иорданияда толық орындалмаса, Париждегі әлем чемпионаты мен Венгриядағы халықаралық жарыстарда олқылықтың орнын толтырамыз дейді бас бапкер.





Толығырақ ...

Atlantic Cup: «Астана» – «Брондбю» матчына бейнешолу

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Atlantic Cup халықаралық турнирі аясында «Астана» дат командасы «Брондбюді» 2:1 есебімен жеңді. Prosports.kz назарларыңызға осы матчтың үздік сәттерін ұсынады. 

Елордалық команданың екі голын да хорват ойыншысы Марин Томасов соқты.

Толығырақ ...

Қазақстан Словенияға қарсы матчта жеңісті жұлып алды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Әлем чемпионатының Элиталық кезеңінде Словенияны 4:3 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдегі алғашқы матчтарында қос құрама да ұпайсыз қалған болатын. Жерлестеріміз румындарға есе жіберсе, Словения жарыс қожайындары чехтардан 0:4 есебімен ұтылды. 

Словениялықтар чехтарға сөзсіз тізе бүккенімен, Қазақстанға айтарлықтай қарсылық танытты. Матчтың аяқталуына екі минут қалған кезде, жерлестеріміз 2:3 есебімен ұтылып жатқан еді. Бағымызға орай, Лео 38-ші минутта, Дәурен Тұрсағұлов соңғы 40-шы минутта гол соғып, Кака шәкірттеріне жарыстағы алғашқы жеңісті сыйлады. 

Соңғы матчта Қазақстан екі матчта алты ұпайға қол жеткізген Чехия құрамасымен кездеседі. Бірінші орынға ие болу үшін қазақстандықтар кемі бес доп айырмашылығымен ұту керек. 

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға тұрақтаған құрама Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орынға ие болған команда басқа топта екінші орын алған командамен матч өткізіп, жеңген құрама да құрлық додасында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Соңғы тур алдында Чехия құрамасында алты ұпай. Қазақстан мен Румыния еншілерінде үш ұпайдан. Соңғы орындағы Словенияда ұпай жоқ.

Әлем чемпионаты. Элиталық кезең. D тобы. 2 тур

Гол соққандар: Ақбалықов 18 (0:1), Фидершек 28 (1:1), Фетич 31 (2:1), Дуглас 32 (2:2), Чуец 34 (3:2), Лео 38 (3:3), Тұрсағұлов 40 (3:4)

Толығырақ ...

Сарыағаш ауданында дихандар биыл өнім аз болады деп қиналып отыр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнім көлемі едәуір азаятын түрі бар. Көмір мен табиғи газ бағасының қымбаттауы жылыжайда еңбек еткен дихандарды сергелдеңге салып отыр. Салдарынан Сарыағаш ауданындығы агро кәсіпті жандандырып отырған кәсіпкерлер түгелімен банкротқа ұшыраған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Басты себеп, субсидия тоқтатылғаннан соң диқандар несиеге белшесінен батқанында болып тұр. Жоғары пайызбен үстем ақы төлеу едәуір қиындыққа соқтыруда дейді шаруалар.

Сарыағаш ауданындағы жеке меншік жылыжайлардың бірі. Иесі Асхат Латипов. Шаруа жыл он екі ай көкөніс өсірумен айналысады. Дайын өнімді еліміз бен бірқатар шет мемлекетке шығарады. Алайда, соңғы жылдары мемлекеттен берілетін субсидия жарты жолда тоқтап қалды, дейді.

Асхат Латипов, дихан:

"Бұрын субсидия болған кезде, біраз бізге оңай болған. Судсидия келген кезде көмірдің жарты шығынын жабар еді. Қазір, ол да жоқ. Адамға өте қиын болып кетті қазір жұмыс істеу".

Үкіметтік көмектен қағылған шаруа қазір 60 сотық жылыжайдың тек он пайызын ғана игеріп отыр. Мемлекетке телмірмей, банктен несие алып, еңбек етіп те көріпті. Бірақ, қарыз ақшаның үстемақысы шығынды жабуға да жетпей қалған. Сондықтан, субсидия болмаса да, несиенің пайызын арзандатып берсе дейді. Бұл жалғыз Асхаттың ғана емес - барша сарыағаштық шаруалардың бас ауруына айналған проблема.

Розмат Асулматов, Жартытөбе ауылдық округінің фермерлер одағының төрағасы:

"Қайсыбірінен барып сұрасаңыз да жағдайы жоқ адамдардың. Неге? Себебі, мемлекеттен қолдау жоқ. Кредит деген мәселені қолдап, 4 пайызбен беру керек. Сонда, субсидия болмағанда, содан күн көруі мүмкін".

Жақсылық Дүйсебаев, дихан:

"Жағдайды көріп тұрсыздар. Көмір жоқ. Жұмысшы күшіне, күнделікті беретін ақшамыз да жоқ. Кредит аламыз 18-20 процентпен. Ол кредиттің өзін алу өте қиын".

Сарыағаш ауданы – аграрлы аймақ. Жергілікті тұрғындардың көбі диханшылықпен айналысады. Мұнда 626 гектар жылыжай бар. 12 мыңнан астам адам жұмыспен де қамтылған. Алайда, барлығы өлместің күйін кешіп жүр.

Бұл мәселе облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшылығына жақсы таныс. Мәселенің түйінін шешу үшін мамандар министірлікке хат жолдапты. Бірақ, әзірге жауап жоқ.

Мақсат Сәдібек, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы:

"Бүгінгі таңда жылыжайға нақты берілетін субсидия тоқтаған. Қазір ауыл шарушылық министірлігіне ұсыныс берілді. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруаларды қолдауға. Қазір сол бойынша жұмыстар жүргізілуде".

Сарыағаш ауданында жылына орта есеппен 100 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері жиналады. Оның 90 пайызға жуығы еліміз бен Ресейге саудаланып келген. Диқандар жағдай осылай жалғаса берсе, биыл өнім көлемі анағұрлым аз болады деп қиналып отыр.

Толығырақ ...

Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды KAZUS.KZ Үкімет баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Баға мониторингі және әрекет ету шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығару туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, көтерме сауда нарықтарын дамыту стратегиясы, ҚР-дағы агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары туралы Қазақстандағы АДБ өңірлік өкілдігінің директоры Д. Каппанелли баяндады.

2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4%-ды құрады, барлық өңірлерде шекті бағадан асып кетудің 67 жағдайы тіркелген.

ҚР сауда және интеграция министрлігі әзірлеген бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар пакеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуды, монополияға қарсы заңнама шараларымен сауданың үстеме бағасын келісуді болдырмауды, баға мониторингіне жұртшылықты тартуды, электрондық сауданы дамытуды, тауарды өткізу инфрақұрылымын құруды және өнімді сақтау мен тиімді бөлу үшін қажетті жағдайларды жасауды қамтиды.

Осы жылдың 15 қаңтарында ҚР Премьер-Министрі жанынан Көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін дамыту жөніндегі жаңа жобалық офис құрылды, ол апта сайын мүдделі мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен нарық өкілдерінің қатысуымен отырыстар өткізеді.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға қазақстандықтардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды қамтамасыз ету туралы стратегиялық міндет қойды. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру мәселесі өте маңызды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытта жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өткен жылдың қараша айында бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстағы олқылықтар үшін өңірлер әкімдерінің бірқатар орынбасарлары жауапкершілікке тартылғанын еске салды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша желтоқсан айында әкімдіктер бағаны ұстап тұру бойынша оң өзгерістерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылдың қараша айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның жиынтық өсімі 1,1%-ды құраса, желтоқсанда бар болғаны 0,1%-ды құрады.

«Бұл өңірлерде осы бағытта жұмыс істеу үшін қажетті құралдар бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша біз тағы да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының 0,3%-ға өсуін байқап отырмыз», — деп А. Мамин, әкімдер баға мәселесін ерекше бақылауда ұстап, жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет ету керектігін атап өтті.

Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, бір апта ішінде көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар жүйесін құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру құрылымын анықтауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісін кеңейту үшін қажетті жағдай жасауы керек. Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алу кезіндегі міндеттерінің бірі болуы тиіс», — деп түйіндеді А. Мамин.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу