logoru
logo

Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Наурыз айында қазақстандықтар қалай демалады?

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Наурыз айында қазақстандықтарды екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз күтіп тұр, деп жазады 24 kz.

8 наурыз жексенбіге тура келгендіктен, 9 наурызда, яғни дүйсенбі күні де демалыс болады.

Ал Ұлыстың ұлы күніне орай қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында демалады. Сондай-ақ 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні. Бұл ресми мереке болмағандықтан, демалыс берілмейді.


Толығырақ ...

Қазақстанда коронавирус күдігімен 89 адам ауруханаға жатқызылған

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 6 қаңтардан кейін Қытайдан оралған тұрғындардың денсаулығы жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 қаңтардан кейін Қытайдан оралған қазақстандықтардың 90%-мен байланыс орнатылды. Олардың арасында 89 адам дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түсті. 43 адам емделіп шықты және 46 адам стационарда қалды», - деді Жандарбек Бекшин Қазмедиа орталығында өткен брифингте.

Бас дәрігер бұл бақылаудың барлық тұрғындарға емес, 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендерге ғана қатысты екенін еске салды.

«Барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша зерттеу үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберіп жатырмыз. Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалайтын Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген. Егер шетелден келсеңіз, денеңіздің қызуын бақылаңыз. Күдік туған жағдайда барлық емхананы аралап, шаршамаңыз. Бірден 1406 нөміріне хабарласыңыз», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Ухан қаласынан эвакуацияланған азаматтардың жағдайы туралы айтып берген еді.

Сондай-ақ, 4 ақпаннан бастап, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы тоқтайды.

Дүниежүзінде бүгін түске дейін вирус жұқтырғандар саны 17 459 адамға жетті. Одан 362 адам қайтыс болды және 483 адам толық жазылып шықты. Өлімге әкеп соққан 96 пайыз оқиға аурудың ошағы болған Хубэй провинциясында тіркелген.

Толығырақ ...

Министр көпбалалы отбасыларға әлеуметтік топтама қашан берілетінін айтты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Көпбалалы отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама қашан берілетіні белгілі болды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәртібі қолданысқа енгізілді. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 97,5 мың отбасы немесе 504 мың адам жергілікті атқарушы органдарға өтініш берді. Оның 64 пайызы балалар, 41 пайызы көпбалалы отбасылар. Қазіргі уақытта 2 260-тан астам учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр. 47 мың отбасыға немесе 237 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама да беріледі. Ол жаңа тәртіп. Бұған қатысты жұмыстың бәрін атқардық. Жергілікті атқарушы органдармен бүкіл тетігін пысықтадық. Бұл жерде мемлекеттік сатып алу тәртібі жүреді. Оған ел Президенті өзінің тиісті тапсырмасы мен рұқсатын берді. Дәл осы аз қамтылған отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы бір көзден сатып алу жөнінде Үкімет өз тарапынан әкімдіктердің ұсынысы бойынша 543 жеткізушіні белгіледі», - деді ол.

Осы ретте министр бұл көмек түрі қай уақыттан бастап берілетіндігін нақты айтты.

«Біздің жоспарымыз бойынша ақпан айының 5-іне дейін келісімшарт жасалып бітеді. Атаулы әлеуметтік көмекке қаңтарда өтініш берген азаматтардың тізімі белгіленді. Атаулы әлеуметтік көмекке ие болған азаматтар кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға да ие болады. 10 ақпаннан қаңтар айының атаулы әлеуметтік көмегі төлене бастайды. 15 ақпанға қарай әлеуметтік топтама да халыққа жеткізіледі», - деді Біржан Нұрымбетов.

 

Толығырақ ...

Зейнеткерлер зейнетақы жинағының 50 пайызын бірден алуы мүмкін

KAZUS.KZ. Зейнет жасындағы азаматтарға зейнетақы жинағының 50 пайызын бірден алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зейнетақы жинағымыздың бір бөлігін тұрғын үй немесе басқа қажеттілікке пайдалану жөніндегі тапсырмаға қатысты Үкіметте топ жұмыс істеді. Жұмыс тобының басым пікірлерін Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қарап, тұжырымдамалық ұсыныстар берілді. Президент Әкімшілігі оны қарап, Мемлекет басшысына ұсынды. Президент жалпы ұсыныстарды қолдап, оны іске асыру жөніндегі тетіктерін ары қарай пысықтау тапсырмасын берді», - деді ол.

Осы ретте министр зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты қандай ұсыныстар болғанын тарқата айтып берді.

«Бірінші, жұмыс істеп жүрген азаматтар өздерінің жинақталған жарналарынан ең төменгі, жеткілікті шектен асатын сомасын алуына болады. Ал жеткілікті шек дегеніміз не? Жеткілікті шек дегеніміз әр азаматтың жинақтаушы зейнетақы қордағы жинағының кем дегенде өмір бойы ең төменгі зейнетақы мөлшерін алуға жеткілікті сома. Ол есептелінетін сома, ешкім белгілемейді. Екіншісі – зейнет жасына жеткендерге қатысты. Қазіргі уақытта жинақтаушы қорында ақшалары бар азаматтар заңға сәйкес оны ай сайын ғана алады. Ал біздің ұсынысымыз ол жинақталған сомасының 50 пайызына дейін ала берсе дейміз. Бір ғана шарты бар. Ол азаматтың жинақтаушы зейнетақы қордағы қалған ақшасы және мемлекет тарапынан алатын базалық зейнетақысы мен еңбек зейнетақысы қосқан кезде табысының 40 пайызынан төмен болмауы керек», - деді Біржан Нұрымбетов.

Толығырақ ...

Қазақстанда бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу ұсынылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қаралып жатқанын мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Еңбек министрлігі бала күтіміне берілетін жәрдемақыны өсіру туралы бастама көтергісі келеді. Қазір ондай жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ғана төленеді. Біз бала бір жарым немесе үш жасқа  толғанша жәрдемақы төлеуді созу мәселесін көтеріп, тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді. Қазір елімізде 387 мың ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады», - деді ол.

Айта кетейік, Қазір Қазақстанда босанған әйелге баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік  жәрдемақы (ай сайын 16 мың теңге шамасында - авт) және жұмыс істеген аналар үшін бұрынғы жалақысының 40 пайызы бала бір жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы ретінде төленіп отырады.

Толығырақ ...

Үкімет ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді пайдалану ережелерін бекітті

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Қазақстан Республикасына тасымалдануы және Қазақстан Республикасы азаматтарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 31 қаңтардағы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат көлік өндірушілердің (импорттаушылардың) ауқымды міндеттемелерін орындау ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылдың 1 наурызына дейін төленеді делінген онда.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін көлік құралдарын алғашқы тіркеу кезінде көлік өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын растайтын құжат 2020 жылғы 1 наурызға дейін жол қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға тапсырылады.

2020 жылдың 1 наурызына дейін ҚР Ішкі істер министрлігіне аталған көлік құралдарын тіркеу бойынша шаралар қабылдау және көрсетілген көлік құралдарының санатын тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімін 2021 жылдың 1 наурызына дейін белгілеу тапсырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 наурызына дейін қолданыста болады.

Толығырақ ...

Қазақстанда шетел көлік иелеріне салынған айыппұлдардың саны белгілі болды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда соңғы үш айда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 20 мыңға жуық айыппұл салынған. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ресми жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ведомство мәліметінше, Бас прокуратура комитеті мен Ұлттық банк жүйесіне қарасты Мемлекеттік несие бюросының бірлескен жұмысы нәтижесінде құқық бұзушыларды анықтау мүмкін болған. 

"2019 жылдың 21 қазаны мен 2020 жылдың 27 қаңтары аралығында шетелдік нөмірі бар автомобиль иелеріне 19 920 айыппұл салынған. Фотовидеотіркеу камераларын қолданудың әсері ретінде жол қозғалысы ережелерін бұзу және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталған. Бұл ақпаратты оператор өңдейді - ішкі істер органдарының қызметкері сақтандыру полисінің мәліметтерін ескереді", - деді Бас прокуратура комитетінің өкілдері. 

Былтыр қазан айында шетелдік нөмірі бар жүргізушілерге айыппұл салынатыны айтылды. Төлеу туралы нұсқама жеке тұлға мен көлік туралы барлық қажетті сәйкестендіру мәліметтері көрсетілген сақтандыру полисінің деректері негізінде жасалады. Сол кездің өзінде шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне салынған айыппұлдары саны 60 мыңнан асып кеткен. Полиция қызметкерлері 817 миллион теңгеге айыппұл салған, алайда осы соманың 765 миллион теңгесі төленбеген.

Еске салайық, қазіргі таңда республикаға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік кірген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, мұндай көліктер Қазақстанда жол қозғалысы ережесін 90 мыңнан аса рет бұзған. Айыппұл сомасы - 1,1 миллиард теңге.

Толығырақ ...

Новак Джокович жаңа рекорд орнатты

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Сербиялық теннисші Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open) финалында австриялық Доминик Тимді жеңді, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Лента.ру" сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу 2 ақпанда, жексенбіде болды. Джокович бес сетте жеңіске жетті (6:4, 4:6, 2:6, 6:3, 6:4). Серб спортшысы Australian Open жарысында жеңу бойынша рекорд орнатты: ол осымен карьерасында сегізінші рет жеңіске жетіп отыр. 

Әйелдер арасындағы сайыста америкалық София Кенин жеңіске жетті. Финалда ол испаниялық Гарбинье Мугурусуды жеңді - 4:6, 6:2, 6:2.
 
Қазіргі уақытта Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы рейтингінде Новак Джокович екінші орында тұр. Көшбасшы - испаниялық Рафаэль Надаль.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу