logoru
logo

Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Әйеліне ерегескен ер адам пәтеріне от қойып, артынан биіктен секіріп мерт болды

KAZUS.KZ. Көкшетау қаласындағы жатақханадан шыққан өрттің себебін Ақмола полицейлері тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның келтерген дерегіне сәйкес, 17 ақпанда сағат түнгі 2-де Көкшетау полициясына Назарбаев көшесі бойында орналасқан жатақхана тұрғынының бірі өзімен ұрсысқан соң күйеуі пәтеріне от қойып, 4-қабаттан терезесінен секіріп кеткендігі туралы хабарлаған.

Кейін 35 жасар ер адам көп салалы облыстық ауруханада көз жұмды.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, өртенген жатақханадан 120 адам, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттен кейін емдеу мекемесіне қаза тапқан адамның жұбайы, сондай-ақ жатақхананың екі тұрғыны иіс тиіп жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі, яғни "Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Толығырақ ...

Қазақстандықтарға 4%-тік микрокредит беріледі

KAZUS.KZ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Министр "Еңбек" бағдарламасының бірқатар тетігі жетілдірілгенін атап өтті.

"Көпбалалы және табысы аз отбасынан шыққан азаматтарға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 4%-тен аспайтын жеңілдетілген микрокредиттер беріледі", - деді Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар, енді қысқа мерзімді оқыту төртжақты келісімшарт жасау арқылы тек жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жаңа тетіктері енгізіліп отыр.

"Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде табысы аз және көпбалалы отбасылар арасында дамытудың маңызы зор. 2019 жылы бес өңірде 204 отбасын қамтыған "Менің кәсібім" жобасы басталды. Биыл "Жасыл экономика" коалициясымен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Министр облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады. Нұрымбетовтің айтуынша, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының еңбек нарығына қосып отырған үлесі зор.

"Егер де бағдарлама болмаса, жұмыссыздық деңгейі қазір 4,8%-ті емес, 7,9%-ті құрайтын еді", - деді ведомство басшысы.

Толығырақ ...

Головкин - Шеремета жекпе-жегі мамырда өтеді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек мамырда өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Головикн мен міндетті қарсылас Шеремета арасындағы кездесу өтетін уақыт бірнеше мәрте өзгерді. 

Алдымен GGG 29 ақпанда шаршы алаңға шығады делінген. Алайда ақпан айының соңғы күні Майки Гарсия мен Джесси Варгас жекпе-жегі өтетіндіктен, Головкинге наурызға дейін күте тұруға тура келген. Одан кейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланды. Бірақ кездесу тағы да кейінге шегерілді. Араға аз уақыт салып Эдди Хирн жекпе-жек 11 сәуірде өту мүмкін екенін айтты. Алайда соңғы ақпаратта бұл кездесудің мамырда өтетіні белгілі болды.

Ал жекпе-жектің өтетін орны ретінде АҚШ немесе Қазақстан қарастырылып отыр. Егер кездесу Қазақстанда өтесе, Бұл Головкиннің өз елінде өткізген екінші жекпе-жегі болмақ. GGG елімізде 2010 жылы 16 желтоқсанда елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Панама боксшысы Нильсон Хулио Тапианы (15-3-1, 11 KO) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын бірінші рет қорғап қалған болатын.

Толығырақ ...

Аса ірі көлемде есірткі тәркіленді  

KAZUS.KZ. Қостанай полицейлері аса ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні құрықтады. 77 грамм есірткі тәркіленді. Бұл салмақ аса ірі өлшем болып саналады.

10-ақпанда Қостанай қаласының аумағында Дзержинский көшесіндегі 51 жастағы әйелдің пәтерінде полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс – шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын тәркіледі. Бөлмелердің бірінде пластикалық ыдыс және ақшыл түсті затпен полимерлі орама табылды.

Химиялық зерттеу нәтижелері бойынша орама мен банканың құрамында салмағы 77,44 грамм героин есірткі құралы анықталды. Бұрын әйел есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Толығырақ ...

Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елімізде қант шығаратын 7 зауыт бар. Бірақ оның үшеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қалған төртеуі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Оның үстіне шикізат тапшы, деп хабарлайды "Хабар-24".

Былтыр 225 жарым мың тонна шекер шығарылған. Оның 99,8 проценті Жамбыл облысының үлесінде. Десе де, мамандар отандық өндірушілердің мүмкіндігі анағұрлым жоғары дейді. Елдегі тәтті өнімнің 28 проценті ғана қант қызылшасынан алынған. Себебі шикізат тапшы. Елімізде қант қызылшасын өсіруге арналған жер телімі мен су жоқ. Қазақстандық өнімді шетелдіктер тұтынбайды, бірақ Ресейдің арзан шекері елдегі дүкен сөрелерінде самсап тұр. Отандық өндірушілер мемлекет қолдауына зәру. Қант қызылшасын өңдеушілер салықтық жеңілдіктен үмітті.

Сондай-ақ шикізатты жинап, тасымалдау бойынша қызмет көрсететін орталықтар қажет. Айтпақшы, отандық қант өндіруші кәсіпорындар тәулігіне 9 мың тонна қызылша өңдеуге қауқарлы. Былтыр ғана қордағы дақылдардан 7 млн тонна қант өндірілген. Бұл - айтарлықтай нәтиже. Орташа баға - 170 теңге шамасында.

Қазір Ақтау, Қарағанды, Атырау, Орал, Көкшетау қалаларында құмшекер осы бағада сатылады. Ендеше нарықтағы қант бағасын саралап көрейік. останайдағы қант құны 153 теңге тұрады. Ал Солтүстік Қазақстанда шекерді 159 теңгеге сатып аласыз. Еліміздің шығысында шекер 200-210 теңге аралығында. Қант өндірісі өрістеп тұрған Талдықорғанда жергілікті өнім 169 теңгеге бағаланған. Алматыда қант 250 теңге.

Еліміздің оңтүстігіне келсек, Тараз бен Түркістан дүкендерінде қант 210-220 теңгеден сатылады. Ең арзан қант Ақтөбе дүкендерінде сатылып жатыр. Мұндағы баға - 150 теңге. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматыда құмшекер құны 280 теңгеге дейін барады.

Қытай банктері несиені қарыз алушының әлеуметтік желідегі сандық дерегі бойынша береді. Кейбір қаржылық ұйымдар жаңашылдық нәтижесін байқаған сыңайлы. Шағын және орта бизнестің тәуекелдігін бағалауға арналған бастама онлайн режимде жүзеге асады. Яғни қолданушының сандық іздері бірқатар ақпаратқа көз жеткізуге мүмкіндік береді екен. Сандық платформа құрылғанда маржиналды шығындар жойылады. Және несиеге өтініштер лезде қаралады. Бар-жоғы үш минутта онлайн-өтініш толтырылып, қабылданғаннан кейін ақша қарыз алушының Алипейдегі есепшотына түседі. Жаңашылдыққа көшкен үш ірі банк жыл сайын 10 млн несие береді. Ал кешіктірілген қарыз үлесі 1 процент деңгейінде.

Жалпы қазір аспан асты елінде 40 млн шағын және орта кәсіпорындар бар. Экономика бәсең, бірақ қаржыландыру тетігін тапса, қарқын үдері хақ. Ел Үкіметі тек отырмай, тиісті амалдарды қолға алып келеді. Мысалы, 2005 жылдан бері мұнда 8 мың шағын қаржылық ұйымдар ашылған. Банктерге талап күшейтілді. Десе де, қомақты қаржы алып үлгергендері 20 процент ғана. Мамандардың айтуынша, елдегі шағын және орта бизнестің дені ары кетсе 5 жыл жұмыс істейді. Сондықтан банктер тәуекелге бел буғысы келмейді.

Толығырақ ...

Он бес баланы дүниеге әкелген анаға 159 мың теңге төленеді – министр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда енді сегіз балаға 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады, деп жазады Baq.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты. 

Қазіргі уақытта байқасаңыздар жеті баладан әрі қарай біркелкі мөлшерде. Сондықтан бұл жағдайды қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Енді сегіз балаға 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады, - деді Біржан Нұрымбетов. 

Оның айтуынша, 42 500-ден 74 400 теңгеге дейін төленетін жәрдемақы 370 мың отбасыға төленген. 

Көпбалалы отбасыларға табыстарына қарамастан, балалар санына қарай сараланған мөлшерде 42 500-ден 74 400 теңгеге дейін төленетін жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы қазірдің өзінде шамамен 370 мың отбасына төленді. 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 млрд теңге қарастырылған, - дейді министр. 

Жалпы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 486 мың отбасына немесе 2,4 миллионға жуық адамға АӘК тағайындалған. АӘК 244,2 млрд теңге сомасында төленіпті. Одан бөлек, ол жаңа тәсілдерге сәйкес АӘК тоқсан сайын тағайындалатындығын атап өтті. 

Егер еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК көрсету бүкіл отбасына тоқтатылатын болады. Биылғы жылдың 1 ақпанына көмек 37,4 мыңнан астам отбасына немесе 187,3 мыңнан астам адамға, оның ішінде 122,9 мың балаға тағайындалды. Сонымен қатар, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгізілді және беріле бастады. Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары кепілдендірілген әлеуметтік топтамалардың уақытылы берілуін қамтамасыз етуі керек. Табысы аз отбасындағы әрбір балаға мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Толығырақ ...

Министр Қазақстанда жалақының қалай көтеріліп жатқанын айтты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Халықтың табысын арттыру — бүкіл Үкімет жұмысының басым бағыты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр өз сөзінде халықтың табысын арттыру бүкіл Үкімет жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

«2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін артты. Бұл шамамен 1,3 миллион адамға, оның ішінде 275 мың азаматтық қызметшіге тікелей әсер етті. Маусым айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін ұлғайды. 1 млн-нан астам азаматтық қызметші жоғары жалақы алды. Қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Ол, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мәдениет және архив қызметкерлерінің, педагогтердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы тағы да орта есеппен 30 пайызға артқанын атап өтті.

«Сонымен қатар, 2019 жылы 205,6 мың жұмыс беруші 1,2 млн-нан астам еңбекақысы төмен қызметкердің жалақысын орта есеппен 32,7 пайызға арттыру міндетін өз мойнына алды. Жалақыны көтеру мониторингісі үнемі жүргізіледі», – деді министр.

Толығырақ ...

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1770 адамға жетті

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1770 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте (16 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) материктік Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 2048 жағдайы (Хубэй провинциясында -1933) анықталды, 105-і – көз жұмды (Хубэйде-100).

Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтыру жағдайларының расталған жалпы саны 70 мыңнан асты, қаза тапқаны - 1770, емделіп, ауруханадан шығарылғандары – 10 мыңнан астам адам.

Ресми статистикаға сәйкес, материктік Қытайда коронавируспен ауырғандар саны күн сайын эпидемияның ошағы болып саналатын Хубэй провинциясынан тыс жерлерде он үшінші күн қатарынан төмендеуде.

Гонконгте коронавирус жұқтыру жағдайларының расталған 57 фактісі тіркелді, Макаода (Аомэнь) – 10, Тайванда – 20.

Қазақстанмен шекараласып жатқан ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (Қытай) 75 жаңа коронавирус оқиғасы тіркелді, оның біреуі көз жұмды, 12-сі емделіп шықты.

Қазіргі уақытта ШҰАА Іле-Қазақ автономиялы облысында (ИКАО) 14 пациент емделуде, ал Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімші қаласында - 19. Жалпы, Шыңжаңда бес мыңнан астам адам медициналық бақылауда.

Толығырақ ...

Димаштың Еуропа қалаларындағы концерті басталды

KAZUS.KZ. Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында "Арнау" бағдарламасымен концерті өтті, деп хабарлайды Baq.kz Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Көрермендердің арасында сүйікті әншісінің жанды дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келген адамдар аз емес.

Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургте (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскіде (Беларусь) жеке концертін өткізбек.

Толығырақ ...

Армения жерінде көлігін тіркеуге қойған қазақстандықтарға ескерту жасалды

  • Бөлім:  Әлемде

Армения мемлекеттік кіріс комитеті бұл елде көлік сатып алып, осында тіркеуге қойған Қазақстан азаматтарына салық төлеу қажеттігі туралы ескертті, деп хабарлайды KAZUS.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисяннің айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.

Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген болатын. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді.

Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады.

Шушан Нерсисян, Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары:

Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформасын құру бастамасы бар. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден алып тастауға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу