logoru
logo

Жұма, 14 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Қазақ әдебиеті антологиялары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған

Алматы қаласындағы «Достық үйінде» «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылым өтті, деп хабарлайды KAZUS.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Оның негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге таныту.

Жиынға шығармалары әлем тілдеріне аударылған авторлар мен аудармашылар, ҚР Мемлекеттік хатшысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев,  ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Басқосуда аударма жұмысы қорытындыланып, авторларға алты тілде жарық көрген шығармаларының жинақтары тапсырылды.   

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аудару және оны осындай кең көлемде тарату біздің тарихымызда бұрын соңды болмағанын айтты. «Бұл жобаны ұйымдастыру және үйлестіру жүйесі де бұрынғыдан өзгеше болды. Ондағы басты мақсат көркем аударманың жоғары сапасын қамтамасыз ету еді. Осы ретте, ең алдымен, жобаны жүзеге асыруға 6 елдің көркем аударма саласында тәжірибесі мол, беделді деген баспалары таңдалды. 60 автордың үздік туындылары енген антологиялар дүниежүзінің 5 құрлығындағы 93 мемлекеттің ірі кітапханаларына, іргелі оқу орындарына, мәдениет пен әдебиетке маманданған ғылыми орталықтарына таратылады», – деді Қырымбек Елеуұлы.

Қазақ әдебиеті жинақтарының ағылшын тіліндегі нұсқасын Кембридж университетінің баспасы, араб тіліндегі басылымын Мысырдың Ұлттық білім және мәдениет орталығы, испан тіліндегі жинақтарды Сервантес институты, орыс тіліндегі антологияларды М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі, қытай тіліндегі жинақтарды Бейжіңдегі ұлттар баспасы, француз тіліндегі басылымды Париждің мәдени бірлестігі дайындады. Аталған серіктес-ұйымдардың аудару, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына 300-ге жуық маман жұмылдырды.  

Жоба аясында аударманың ерекшелігін талқылап, өзара әңгімелесу үшін шетелдік аудармашылар мен баспагерлердің қазақстандық авторлармен кездесуі өткізілді. Бұл аударманы түпнұсқа мәтінге мейлінше жақындатуға әрі оның көркемдік сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.

Әр антологияның таралымы – 10 мың дана. Жалпы саны 120 мың жинақ әлемнің 23 мыңнан астам ірі кітапханасына, оқу орындары мен ғылыми орталықтарға жеткізілді. Оның ішінде ағылшын тілді басылымдар ағылшын тілі ресми мәртебеге ие 18 мемлекетке, араб тіліндегі жинақтар осы тілде сөйлейтін Таяу Шығыс пен Африкадағы 22 мемлекетке, испан тіліндегі басылымдар Испаниямен қатар Латын Америкасының 20 еліне, Қытай тіліндегі басылымдар 1,5 миллиард халқы бар елдің барлық аймақтарына, орыс тіліндегі жинақтар орыс тілін білетін 14 мемлекетке, француз тіліндегі таралым Еуропа мен Африканың 17 еліне таратылды.

Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің антологиялары ірі кітапхана қорлары мен ондағы ерекше кітаптарды есепке алатын WorldCat деп аталатын халықаралық библиографиялық жүйеге енді. Антологияларды алған елдер мен ұйымдардан 100-ден аса алғыс хат келді. Мәселен, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания білім министрі Гэвин Уильямсон алғыс хатын жолдады.  

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Толығырақ ...

Қазақстандағы жұмыртқа өнідірісі құрдымға кетуі мүмкін

KAZUS.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қисынсыз саясаты Қазақстандағы жұмыртқа саласының құрдымға кетуіне әкеп соғуы ықтимал, деп жазады baq.kz.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдан бастап, отандық құс фабрикаларындағы тауық жұмыртқасы өндірісін субсидиялаудан бас тартпақ. Бұл шешім ешкіммен ақылдаспастан, бизнес өкілдері мен салалық қауымдастықтың келісімінсіз шығарылған. 

Елдегі кәсіпорындардың үштен бірі банкрот болса, 2020 жылдың соңына дейін өнім бағасы 40% қымбаттайды.

Қазақстандағы жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы министрлікпен мүлде келіспейді. 

Мұндай шешім қазақстандық тұтынушылар үшін жұмыртқа бағасының қымбаттатып қоймай, түптің түбінде саланың құрдымға кетуіне әкеп соғады. Министрлік өз шешімін саланың елді импортқа тәуелділіктен толық арылтқанын, енді қолдауға зәру еместігімен түсіндірді. Екінші себеп – субсидияны бөлу, оны алу және мақсатты жаратудың ашықтығы ұсынылмайды екен. Қауымдастық ашықтық мәселесін шешу оңай екенін айтады. Бар болғаны кәсіпорындарға аудит жүргізіледі. Олар ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия алу талабы үшін міндетті аудит жүргізу ұсынысын айтқан, - делінген таратылған ақпаратта.

Еске салайық, 2008 жылдан бері жем-шөптің құнын азайту мақсатында төленіп келген. Алынған субсидияның тиімділігін құс фабрикалары 2 негізгі көрсеткішпен көрсетеді: 

1) Өндіріс көлемі 2 есе артты (2009 жылғы 2 млрд-тан 2019 жылғы 4 млрд жұмыртқаға дейін);

2) 2009-2019 жж баға 66% өсті, өзіндік құны ол кезде 106% болған. 

2017 жылдан 2019 жылға дейінгі өзіндік құн, сатылым бағасы және субсидия мен субсидиясыз тиімділік бойынша деректер мынандай:

Жыл                                        Бір жұмыртқаның толық өзіндік бағасы         ҚҚС-мен сатылым бағасы, тг

2017 жыл                                  17,22                                                                      16,6

2018 жыл                                  19,43                                                                      17,24

2019 жыл                                  20,08                                                                      19,67

Кәсіпорынның субсидиясыз тиімділігі 2017, 2018, 2019 жылдар аралығында -14%, -21%, -15% құраса, керісінше кәсіпорынның субсидиямен тиімділігі 3%, -5%, 0%-ға тең болды.

Соңғы үш жылда өнімнің өзіндік бағасы 16,6% өсті, ал сатылым бағасы 14,8% артқан. Ал жұмыртқа өндірісінің негізгі құрамдасы – жем сол уақыт аралығында 34,1% қымбаттады. 

Импортқа тәуелділікті азайту бағытында құс фабрикалары құрылыс, жаңғырту және өндірісті кеңейту үшін екінші деңгейлі банктерден несие алып келді. 

Бүгінде кәсіпорындардың өтелмеген қарызы баршылық. Егер субсидия алынып тасталса, барлық кәсіпорын бірден қаржылық қиындыққа тап болады. 

Қазір Қазақстанда 32 жұмыртқа құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Олардың 11-і шағын өндіріс көлеміне ие (100 млн жұмыртқаға дейін). 16-сы орташа (100-200 млн жұмыртқа) және 5-еуі ірі (200 млн-нан көп). Егер субсидия алынып тасталса, 2020 жылдың өзінде барлық шағын және кейбір орташа құс кәсіпорны банкрот болып, тіпті жұмысын тоқтатуы мүмкін. Ал жұмыртқа өндірісінің көлемі екі есеге дейін төмендеп кетеді. (2019 жылғы 4,5 млрд данадан 2020 жылдың соңында 2-3 млрд данаға дейін) 2 мың жұмыс орны қысқарады, - делінген хабарламада.
Толығырақ ...

Алматыдағы ақын-жазушыларға әкімдік грант бермек

KAZUS.KZ. Биыл Алматыда әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсырылады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда өткен жиын барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, әл-Фарабидың 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойларына орай көптеген шаралар өтіп, Алматы қаласының әкімдігі тарапынан ақын, жазушыларға қолдау көрсетілмек.

«Былтыр Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Жергілікті бюджет есебінен 250 млн теңге қаражат бөлініп, Жазушылар Одағының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласында тұратын 150 ақын-жазушы 500 мың теңгелік ақшалай грант сертификаттарымен марапатталған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша Жазушылар Одағының 820 мүшесі болса, оның 360-ы осы Алматы қаласында тұрады екен. Биыл біз әр тоқсан сайын 90 ақын-жазушыға грант тапсыратын боламыз. Бұл тізімді бізге Жазушылар Одағының өзі ұсынып отырады. Бұл мәселе қазір бюджетте нақтыланып жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кету керек, былтыр жаңа жыл қарсаңында Алматы әкімі қаладағы 60 ақын жазушыға салтанатты түрде арнайы грант табыстаған болатын.

Толығырақ ...

Шымкентте заңсыз интернет-казино ұйымдастырған адам ұсталды

KAZUS.KZ. «Фаворит» букмекерлік кеңсесінің әкімшісі заңсыз интернет-казино ұйымдастырған, деп жазады ҚазАқпарат ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған Комитет Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Фаворит» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы әкімшісі Ю.Стебуновқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ю.Стебунов «Букмекерская контора «Фаворит» ЖШС-нің әкімшісі қызметінде «Fin Bet» сауда маркасын қолдана отыра, серіктестікпен бұрын жалға алынған үй-жайларға қолжетімділікті пайдаланып, букмекерлік қызметтерді ұсынумен қатар заңсыз электронды казино ұйымдастырды.Сонымен қоса, ол ойыншыларға «FLG» бағдарламалық қосымшасын қолдана отырып, онлайн режимде ғаламтор арқылы ұтысты қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен көмегімен қолдан жасалған және анимациялық ойындарға қолжетімділікті қамтамасыз еткен», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен Ю.Стебунов ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлігіне сәйкес ( заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру ) кінәлі деп танылды.

Аталған қылмыстық әрекетке 300 АЕК (757 500 теңге) көлемінде айыппұл төлеу жазасы қарастырылған. Тергеу амалдары барысында заттай айғақтар – 108 дана монитор және процессор, флэш-карталар, модемдер, сондай-ақ, 586 600 теңге ақша қаражаты тәркіленді.

Толығырақ ...

Ұстаздар тиесілі жалақыны дұрыс алулары керек – министр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысы екі есеге артады. Осылайша 2020 жылғы қаңтардан бастап педагогтың жалақысы 25%-ға артып отыр, деп жазады Baq.kz.

Ал, қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сынып жетекшілігі, дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақылар мөлшерлерін екі есе арттыру қарастырылған.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзіне қарағанда, кейбір мұғалімдер бухгалтерия тарапынан жалақы асырылып не болмаса кем беріледі деп жатады. 

Осы орайда, педагогтардың жалақысын есептеу мәселесі өзекті болып отыр. Бұл ретте облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің басшыларына сәйкесінше тапсырмалар берілді. Ұстаздар өздеріне тиесілі жалақыны дұрыс алулары керек, - деді Асхат Аймағамбетов "Қазақстан" ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңға қол қойған болатын. Ендігі кезекте 2020 жылдан бастап заңды іске асыру кезеңіне көшу басталды. Жалпы заңнамалық құжат 21 баптан тұрады.

Толығырақ ...

Мектеп директорлары жалақысын 2 есеге арттыру мүмкіндігіне ие - министр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Солтүстік Қазақстан және орталық өңірлерде директорлар мен олардың орынбасарларының тапшылығы мәселесі туындап отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Директорлар үшін жай ғана мұғалім болып істеген ыңғайлы. Директорлардың жауапкершілігі жоғары және қағазбастылық көп, балалармен жұмыс істеу деңгейі де өзгеше. Бар мәселе – ынталандыруда, яғни директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен. Осы орайда жалақыны 2 есеге арттыру директорлар мен олардың орынбасарларына да қатысты болмақ. Ендігі кезекте директорлар өз шеберліктеріне байланысты санаттарға бөлініп, өз жалақыларын 2 есеге, яғни 100 пайызға арттыру мүмкіндігіне ие. Директорларды да қолдайтын боламыз»,- деді А. Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында.

Толығырақ ...

Қазақстанның халықаралық резервтері 29,31 млрд долларды құрады

KAZUS.KZ. Халықаралық резервтер бір айда 352 млн долларға (+1,2%) ұлғайып, 2020 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша 29,31 млрд долларға жетті. Бұл туралы elorda.info ҚР Ұлтық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бағалы металл бағасының өсуіне және нақты тазартылған алтынды сатып алуға байланысты алтын портфелін оң қайта бағалау мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне қарамастан алтын-валюта қорларының ұлғаюына алып келді.

«Еркін айырбасталатын валюталардағы активтер 9,67 млрд долларға дейін – 415 млн долларға (-4,1%) азайды. Алтындағы активтер өткен айда 19,64 млрд долларға дейін – 768 млн долларға (+4,1%) ұлғайды. Бұл алтын бағасының 4%-ға өсуі және басым құқық шеңберінде сатып алу есебінен болды», деп көрсетті баспасөз қызметі.

Биыл Ұлттық Банк жаңа Тұжырымдама шеңберінде Ұлттық қордың пайдасына алтын сатуды жалғастырады. Қаңтарда Ұлттық қорға 100 млн долларға 2 тонна алтын сатылды.

Резервтердің валюта бөлігі өткен айда азайды. Бұл мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне байланысты болды.

Толығырақ ...

Өскеменде трамвайлар соқтығысты

KAZUS.KZ. Өскемен қаласындағы Мызы көшесінде екі трамвай соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 ақпан күні бірінің артынан бірі келе жатқан № 1 және № 3 трамвайлар соқтығысып қалған. «Екі қоғамдық көліктің бірі 1977 жылдан бері жүріп келеді. Әзірге апаттың не себепті орын алғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп түсіндірді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка.

Атап өтілгендей, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Толығырақ ...

Telegram әлеуметтік желісі жаппай әлемде дұрыс жұмыс істемей тұр

KAZUS.KZ. Әлемнің бірқатар елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да Telegram әлеуметтік желісі жаппай дұрыс істемей тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Downdetector.ru сайтының мәліметінше, Telegram Қазақстанда, сонымен қатар Ресейдің, Қырғызстанның, Украинаның, Иранның, Германияның, Нидерландының, Италияның бірқатар қалаларында дұрыс жұмыс істемей тұр.

Желіні пайдаланушылар, бұл бағдарлама мүлдем жұмыс істемей тұрғанын айтады. Біреулері хабарлама жібере алмаса, тағы біреулерде медиа файлдар жүктелмей жатыр.

Толығырақ ...

Жамбылда арзандатылған бағадағы азық-түлік автокеруені ауыл-аймаққа аттанды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Жамбылда арзандатылған бағадағы азық-түлік автокеруені ауыл-аймаққа аттанды, деп жазады Baq.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан хабарланды.

Бейсенбіде аймақтық тұрақтандыру қорының азық-түліктері бар әлеуметтік керуен Тараздан Жамбыл облысының ең шалғай аудандарына кетті. 15 ақпанда жүк вагондары Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм және Бірлік ауылдарына жүк әкеледі. Ал 16 ақпанда олар Шу қаласына және Шу ауданының Төле би ауылына келеді. Бұл қалаларда азық-түлік өнімдерін арзандатылған бағамен сатумен жәрмеңкелер өтеді, - делінген хабарламада.

Азық-түлік тауарларының осындай керуендерін апта сайын демалыс күндері 15 наурызға дейін өткізу жоспарланған. Бұдан кейінгі кезекте Сарысу, Талас, Меркі, Қордай аудандары тұр.

Мойынқұм және Шу аудандарының тұрғындары жалпы құны 5,6 миллион теңгенің 46 тоннасын алады. Жеткізілген азық-түліктердің ішінде 15 тонна картоп, төрт тонна пияз және сәбіз, бір тонна өсімдік майы, үш тонна қант, бес тонна күріш, екі тонна қарақұмық, 12 тонна бірінші сұрыпты ұн болды. 

Бір адамға бес литр өсімдік майы 325 теңгеден (нарық бағасы 418 теңге), күріш 25 келіден 240 теңгеден (нарық бағасы 266 теңге), 5 келі қарақұмық 250 теңгеден (базарда 350 теңге) және 50 келі ұн сатылады. бірінші сорт 120 теңге (148 теңге), - деп көрсетілген мәліметте.

Айта кетейік, бұл керуен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар аясында ұйымдастырылған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу