logoru
logo

Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Абай мен Әбу Насыр Әл-Фарабидің мерейтойларын өткізу жөнінде отырысын өтті

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың отырысы өтті, деп хабарлайды KAZUS.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар Қордай ауданында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, қалыптасқан жағдайдың тезірек тұрақтануына тілекестік білдірді

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің бастапқы салтанатты рәсімдері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткізілгенін атап өтті.

Ол сондай-ақ, ұлы ойшылдар Абай мен Әл-Фарабидің ұлағатты мұраларын зерделей келе, олардың ізгі идеяларының түпкі негізі елдің бірлігі мен ынтымағымен үндесетінін тағы да дәлелдеп отырғанын атап өтті. Абай өзінің «толық адам» тұжырымын мұра етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін қоғам – қайырымды қоғам» деген өсиетін қалдырды. Абай мен Әл-Фараби қалдырған әділеттілік пен қайырымдылықтың өнегелік мұраттары Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты осы заманғы тұжырымдамасымен үйлеседі.

Комиссия отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауы мен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында жаңа міндеттердің, оның ішінде мерейтойлық іс-шаралардың бағдарлары нақты белгіленгеніне ерекше назар аударылды.  Аталған тапсырмалар аясында мемлекеттік комиссиялардың мүшелері мен мемлекеттік органдар Абай мен Әл-Фарабидің рухани мұраларын насихаттау барысында зиялы қауым өкілдерінің және басқа да отандастарымыздың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланған пікірлері мен ұсыныстарын ескеруі тиіс.

Отырыста Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің, Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Д.Абаевтың, Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Сыдықовтың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  ректоры Ғ.Мұтановтың  есептері тыңдалды.

Жиын соңында орталық және жергілікті атқарушы органдарға мерейтойлық іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, оларды жоғары идеялық және нақты құндылықтармен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

Толығырақ ...

Кенжебек Жанәбілов жұбайы мен сәбиін перзентханадан шығарып алды

KAZUS.KZ. Күні кеше «Музарттық» әнші Жанәбілов жұбайы мен кішкентай ұлын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды. Тосын сыйды күтпеген өнер иесінің келіншегі таңғалысын жасыра алмады, деп хабарлайды Shownews.kz.

Кенжебек Жанәбіловтың жанұясында жағымды жаңалық. Таяуда төртінші мәрте әке атанғанын әлеуметтік желіде хабарлаған өнер иесі, бүгін жұбайы мен кішкентай ұлын перзентханадан шығарып алды.

«Осы балам дүниеге келетін кезде ұшаққа билет алып қойған болатынбыз. Аяқ астынан жұбайымның толғағы келіп қалды. Сосын ұшақтың уақытын ауыстырып, бірден перзентханаға келдік. Біршама уақыт өткен соң дәрігерлер сүйінші сұрап келді. Ұлды болдыңыз деп» , -деді Кенжебек.

Жас ана мен бөбектің денсаулығы жақсы. Сәбидің салмағы 3-те 35 келі, бойы 53 сантиметр. «Музарттық» әнші он бір жыл күткен ізбасарының есімін Әліби деп қойыпты.

«Үлкен ұлымызға серік болатын, жұмсайтын бір інісі болса екен деп армандадық. Өйткені, үлкен ұлдан кейін егіз қыз болды. Егіз қыздан кейін тағы бір ұл болса екен деп тілеуін тіледік Алладан», -деді Жанәбілов.

Кенжебектің тұңғышының есімі Ахмет, егіз қыздары Кәлима мен Кәрима. Інілерінің дүниеге келгеніне олар да дән риза. Тіпті, бауырларын көріп, нәрестерің кімге ұқсайтынында аңғарып қойған.

«Әкемізге ұқсайды. Бірақ, менің ойымша Әліби әкемізге емес анамызға ұқсайтын сияқты деп ойлайымын. Кішкентай кезінде көзін ашқанда анамызға ұқсайды. Ал ұйықтағанда ағамызға ұқсап қалады», – деді Кенжебектің егіз қыздары Кәлима мен Кәрима.

Құшақ- құшақ гүл, сәбиге арналған сыйлықтар, арнайы шақыртылған ансамбль! Кенжебектің келіншегі мұндай тосын-сыйды күтпепті. Жанәбіловтердің қуанышымен ортақтасуға келген жақындарын көріп Жәмилә аң-таң!

«Енді толқып тұрмын. Бәрі керемет күшті. Мен ойлағандай болған жоқ. Күшті тосын сый болды мен үшін», – деді Жәмилә.

Жанәбіловті арнайы құттықтауға отандық шоу-бизнестегі достары мен ағалары келді. Өнер иелері Кенжебектің сүйіншісін беріп, ақ тілектерін жаудырды.

«Бүкіл өнердегі бауырлары ағалары, барлығымыз шын жүректен өзіміздің үйіміздегі қуаныштай қуанып жүрміз», – деді Арман Дүйсенов.

«Сүйіншіге айтпай-ақ қояйын. Өзіміз бір жақсы бір сыйлығын бердік. Ол енді құпия болып қалсын. Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын. Дені сау болсын. Дүниеге әкелген анасының дені сау болсын», – деді Мақсат Базарбай.

 

Толығырақ ...

Қазақстаннан өзбек студенттері неге жаппай кетіп жатыр - ҚР СІМ жауабы

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі өзбек студенттерінің елден жаппай кетуінің себебін атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін шетелдік БАҚ өзбек билігі Орталық Азияда жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерін кері елге қайтуға үндегенін хабарлаған.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл - білім беру жүйесіндегі реформамен байланысты қабылданған шешім.

- Бізге өзбек тарапынан ресми хабарлама келіп түсті. Өзбек студенттерін қайта еліне шақырту көрші республикадағы білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформаға байланысты. Қазір Өзбекстан шетелде, негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда оқып жатқан барлық жастары үшін өз елінде білімін жалғастыруға жағдай жасап, оларды кері шақырып жатыр. Өзбекстан жоғары оқу орындарында өз азаматтары үшін квота мен гранттардың санын көбейтті, - деді ол.
Толығырақ ...

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді

Премьер-Министр мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының салыну барысымен танысты, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚР Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.

А. Мамин Конгресс-холл, Оқушылар сарайы, әкімдіктің кеңселер ғимараты, бассейні бар спорт кешені, 7 мың орынға шақталған стадион, драма театры, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, аттракциондары бар қалалық саябақ, «Ұлы дала елі» орталығы және Қ. А. Яссауи музейі ғимараттарының құрылыс алаңдарын аралады, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы Ұлттық қолөнершілер орталығы мен келу орталығының ғимараттарының қайта жөнделу барысын тексерді.

Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден болатын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салып жатқан, инвестиция көлемі 80 млрд. теңгені құрайтын «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Бұл қонақ үй-туристік нысандардың барлығын биыл пайдалануға беру көзделген.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөледі. Биыл күзде мұнда Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің саммитін өткізу жоспарланған. Осыған орай барлық қажетті нысандардың құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажет», — деді А. Мамин.

Толығырақ ...

Халық санағы техникалық себептерге байланысты бір жылға шегерілді - комитет

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ұлттық халық санағын жүргізу техникалық себептерге байланысты бір жылға шегерілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бастапқыда Ұлттық халық санағы 2019 жылы өтуі керек деп жоспарланған, бірақ техникалық мәселелерге байланысты ақпараттық жүйені жасап үлгермедік. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мәселесін шешуге, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтарды шешіп үлгермегендіктен, бір жыл кейінге шегердік», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Еске салсақ, биыл қазан айында Ұлттық халық санағы өтеді, ол екі кезеңнен тұрады. Санақты өткізуге бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, биылғы халық санағында қағаз қолданылмайды.

 

Толығырақ ...

Биыл 1 мыңнан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 2020 жылдың соңына дейін 1000-нан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Байланыс операторларымен өткізген бірқатар кездесулердің нәтижесінде маңызды құжатқа қол қойдық. Тұрғын саны 250 және одан да көп ауылдарға жоғары жылдамдықты мобильді интернетті жүргізудің жоспар-кестесін құрып, оны барлық өңірлермен келістік. Еліміз үшін маңызы зор жобаны операторлар өз қаражаты есебінен іске асырады. Бұл ауыл тұрғындары сапалы мобильді интернетпен қатар, электрондық қызметтерді, қашықтықтан оқыту және тағы басқараларын пайдалану мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Елбасы және ел Президенті елді мекендерді сапалы байланыс қызметтерімен қамту жөнінде тапсырма берді. Бұл міндеттің «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгенін өздеріңіз білесіздер»,- деп жазды министр.

Оның атап өтуінше, осы жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ», «Мобайл телеком-сервис» ЖШС және Кар-Тел» ЖШС меморандумға қол қойды.

«Байланыс операторлары ауылдық елді мекендерді мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін желілерді бірлесіп құруға және жиіліктерді пайдалануға уағдаласты. Жауапты міндет үшін күш-жігер біріктіру - өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Операторлар жобаның картасын жақын арада жасауға уәде берді. Картаның көмегімен жобаның жүзеге асырылуын қадағалай аламыз», - деді Асқар Жұмағалиев.

Толығырақ ...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты

KAZUS.KZ. Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова бала ұстаған әйелді концерттен қуып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CentralAsia порталына сілтеме жасап. 

"Жылаған баланы қолыңызға алыңызда мына жерден шығып кетіңіз, шығып кетіңіз... Жүйкеге тиіп бітті. Шығыңыз!", - деді Юлдуз Усманова залда отырған әйелге.

Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, Өзбекстандағы Желі қолданушылары арасында резонанс тудырды. Көптеген адамдар әнші айыптады, ол қайтадан "жұлдыз ауруына шалдыққан" деген пікірлер де айтылды. Басқалары әртістің әрекетін қолдады, осындай ата-аналар үшін концертке барудан қалғанын айтты. 

Бұл оқиға Юлдуз Усмановның қызы Нилуфар Усманованың жаңа альбомының тұсау-кесерінде болған. 

Толығырақ ...

Шымкентте 7 адам бір сағат бойы лифтіде қамалып отырды

KAZUS.KZ. Шымкент қаласының ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері лифтіге қамалып қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға қаладағы Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Жеті жігіт лифт арқылы жоғары қабатқа көтерілмек болған. Алайда көтергіш саты орта жолда тоқтап қалыпты. Осылайша жігіттер үш пен төртінші қабаттың арасында бір сағат тұрған. Кейін араларынан біреуі құтқару қызметіне хабарласып көмек сұрапты. Құтқарушылар лифттің есігін гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен ашты.

Толығырақ ...

Коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Кіші дәретке отырғанда қиналған Читтур округінің тұрғыны (Үндістанның Андхра-Прадеш штатының оңтүстігінде) мұны коронавирус деп ойлап, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz thenewsminute.com сайтына сілтеме жасап.

Ол, негізінде зәр шығару жолдарының инфекциясынан зардап шеккен.

Тоттамбеду ауылының 54 жастағы Балакришнайя деген тұрғыны алдында қоғамдық ауруханаға барып, кеңес алып қайтқаннан кейін өзгерген. Отбасы мүшелерінің айтуынша, дәрігерлердің сөзін дұрыс ұқпаған ер адам өзін коронавирус болып қалдым деп ойлаған.

Сурет : ABN TELUGU
Біз оған: "Сенде коронавирус жоқ" деп айттық, бірақ ол бізге өзіне жоламауды талап етті. Ол барлық тұрғындарға өзінен аулақ жүруін сұрады, - дейді Балакришнайяның ұлы журналистерге берген сұқбатында.

Оның әйелі күйеуіне дәрігерлер инфекция барын айтып, бетперде киіп жүруге кеңес бергенін айтты.

Сенбі күні ол өзін оғаш ұстай бастады. Ал дүйсенбі күні таңертең өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды, - деді ол.

Баласының айтуынша, Балакришнайя қатты үрейленіп, отбасы мен ауылына қауіп төндіремін дегенге сенген.

Біз оған жақындасақ, тас лақтыра бастады. Ол ауылға қауіп төндіретіндіктен, тез арада өлуі керек екенін айтты. Бізге жақындамауымызды талап етті, - деді ол.

Ер адам интернеттен коронавирус белгілері туралы көптеген видео көріп, өзі оны жұқтырғанына сенімді болған. Ченчулая дәрігерлері коронавирус туралы насихат жұмысы бүкіл штатта жүргізіліп жатқанын айтты.

Коронавирусты жұқтырғандар осы уезде немесе штатта тіркелгені жоқ. Біз күн сайын газеттер арқылы адамдарды бұл қауіпті індет туралы үнемі хабардар етіп отырамыз, - деді дәрігер.
Толығырақ ...

Аттестациядан өте алмаған полицейлер жұмыстан босатылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен аттестациядан өте алмаған 26 полицей жұмыстан босатылды, тағы 109-ы қызметте төмендеді. Жоспарлы аттестациядан қанша полицей өтуі керек болды және ішкі істер министрі қандай талаптар қойғаны туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мерзімді аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетті және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қызметкердің кәсіби құзыреттілікке сәйкестігі және бәсекеге қабілет көрсеткішін бағалаудың негізгі өлшемі.

Жас мөлшеріне қарай қызметкерлер дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсырады:

- 60, 100 метр қашықтыққа жүгіру және жылдамдыққа жүгіру;

- 1000 метр қашықтыққа жүгіру;

- Күш салудың кешенді жаттығулары және тартылу (ер адамдар үшін)

Бұл ретте, "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес полиция қызметкерлерінің нормативтерінен өте алмаған жағдайда әңгімелесуге жіберілмейді, оларды қайта тапсыруға жібереді. Егер қайта аттестаттау кезінде қызметкер қажетті балл жинамаса, онда арнайы комиссия лауазымын төмендетуді немесе жұмыстан босатуды ұсынады.

2019 жыл ішінде 12 220 қызметкер жоспарлы аттестаттаудан өтті. Оның ішінде:

9887 - атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
654 - атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне алынды;
1544 - қайта аттестаттауға жіберілді;
109 - лауазымы төмендетілді;
26 - жұмыстан шығарылды.

Полиция қызметкерлері аттестациядан әрбір үш жыл сайын өтіп тұрады. Айта кету керек, егер жоспарлы аттестаттау уақыты келсе және қызметкер жаңа лауазымға тағайындалса, онда ол аттестацияға тағайындалғаннан кейін бір жылдан кейін ғана тапсыратын болады. Бұл қызметкер функционалдық міндеттерін өзгертуге әкеп соқпаған тең лауазымдарға тағайындалған жағдайларға қатысты емес.

Айта кетейік, Президент Жарлығымен полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 2019 жылы 1 қазанда басталды.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу