logoru
logo

Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Қарағандыда киберспорттан бірінші аймақтық турнир өтеді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Қарағандыда «Alaman Cup: Qarag'andy Online CS:GO Qualifications» бірінші аймақтық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнир «Қазақтелеком» АҚ мен Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Counter-Strike GO және FIFA 20 киберспортынан алғаш рет өткелі отырған аймақтық турнирдің жүлде қоры - 500 000 теңге (400 000 – CS GO, 100 000 - FIFA 20).

Турнир Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен ұйымдастырылуда. Жарысқа қатысу тегін және жасы 12-ден асқан барлық қазақстандықтар қатыса алады.

LAN-финалда көрермендерді тек матчтар ғана емес, Mortal Kombat 11, FIFA 20–дан әуесқой турнирлер, байқаулар және викториналар, сондай-ақ, косплей-шоу күтіп тұр.

Іріктеуден өткен еліміздің өзге қала қатысушыларына тұратын жер мен жол ақысы қарастырылған.

Турнир 3 кезеңде өтеді:

15 ақпан - ашық онлайн іріктеу, қорытындысы бойынша 1 үздік команда турнирдің финалына өтеді.

16 ақпан - ашық ЛАН іріктеу, қорытындысы бойынша 1 үздік команда турнирдің финалына өтеді. Барлық ойындар LOG интернет-кафесінде (Қарағанды қ., Лобода көш., 29-үй) өтеді.

23 ақпан - финалдық ойындар Серік Сапиев атындағы Бокс орталығында өтеді.

Барлық матчтар Pinger.kz (тек CS:GO) онлайн-платформада өтеді. Ұйымдастырушылар командаларды турнирге қатысуға шақырады. Толық ақпаратты экономика салаларын цифрландыру бөлімінен білуге болады. Бөлім басшысы - Жұмаханов Мейіржан Медеубайұлы. Телефон: 8-701-671-19-11.

Толығырақ ...

Түркия Сирияға шабуыл жасайтынын мәлімдеді

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Сирияның үкіметтік әсері шабуылға кірісетін болса, Идлиб дэскалациясы аумағынан тыс жерлерге де шабуыл жасайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дүйсенбіде Түркияның қорғаныс министрлігі Идлибте сириялық армия тарапынан болған шабуылдар салдарынан түркиялық бес сарбаз қайтыс болғаны және бес сарбаздың жарақат алғанын айтты. Жауап ретінде түркиялық әскери ведомствоның мәліметінше, Түркия әуе күштері Сирияның 115 нысанына шабуыл жасап, 101 сириялық әскердің көзін жойған. 

"Соңғы күндердегі шабуыл салдарынан бізде 14 адам қаза тапты, 45 адам зардап шекті. Негізінен шабуылдар лаңкестерге емес, бейбіт тұрғындарға жасалған. Мақсаты - осы өңірді оккупациялау, олар тұрғындарды біздің шекараға қарай көшірмек. Біз Сочи келісіміне сәйкес әрекет еттік, бірақ бізден басқа ешкім сөзінде тұрмады. Бұл шабуылдардың нысаны Түркия бола бастады", - деді Ердоған.

Оның айтуынша, Анкара "соңы жоқ келіссөздердің нәтижесін күтпей", оқиға орнында болған жағдайға байланысты әрекет етеді.

"Әрекет етеміз. Ақпанның аяғына дейін режим күшін Сочи келісімі аясында көрсетілген аймақтардан кетуге мәжбүрлейміз", - деді Түркия президенті. 

Ердоғанның сөзінше, Сирия әуе әскери күштері бұрынғыдай елдің солтүстік-батысында еркін әрекет ете алмайды. 

"Біздің әскерімізге кішкентай ғана зиян келсе, Түркия әскери күші Башар Асад режимінің күшіне шабуылдайды", - деді Ердорған. 

3 ақпанда Сирия әскерінің Идлибтегі артиллериялық шабуылынан кейін түркиялық сегіз азамат қаза тапқан болатын, олардың қатарында әскерилермен бірге қарапайым тұрғындар да бар.

Толығырақ ...

Илья Ильин алтын медаль ұтып алды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды. Бұл - Токиодағы Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық жарыс.

ІІ-орынды Катарлық Фарес Эльба иеленді - 353 (159 + 194) келі. Өзбекстандық ауыр атлет Умарбек Шохназаров қола жүлдеге ие болды. Ол 341 (155 + 186) келіні көтерді.

Халықаралық достастық біріншілігінің лицензиялық мәртебесі бар. Онда спортшылар рейтинг ұпайларын жинай алады, олар Олимпиадаға іріктеу кезінде ескеріледі.

Толығырақ ...

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚР Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ, қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов және энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов баяндады.

«Биыл Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы болып табылады. Осы жылдың ресми ашылуына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысады деп жоспарланған», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін уақытылы шешудің, сондай-ақ ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясында жоспарланған барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығын атап өтті. 

А. Мамин тиісті мемлекеттік органдарға және Шымкент қаласының әкімдігіне ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясындағы барлық іс-шараларға сапалы дайындықты қамтамасыз етуді, сонымен қатар екі апта мерзім ішінде сумен, электрмен және газбен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және көлік салаларында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін қарауды тапсырды.

Жұмыс сапасы аясында А. Мамин Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайдағы өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын жолаушылар терминалының салыну барысымен танысты, оны биыл қазан айына қарай аяқтау жоспарланған. 

Оңтүстік АЭА аралау кезінде Үкімет басшысына 1700-ден аса жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 58,8 млрд теңге болатын, қазір іске асырылып жатқан 23 жоба туралы баяндалды. Ірі перспективалы жобалардың бірі ретінде 2020-2025 жылдары салынатын сорғылау жабдықтары мен құбыр арматурасын өндіретін зауыт құрылысы таныстырылды. Жобаның құны — 26,5 млрд теңге, 1500 жұмыс орны құрылады. 

Премьер-Министр ұзақ жылдардан бері жұмысы тоқтап қалған тігін және жіп иіру тоқыма фабрикаларына барып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның оларды іске қосу және Қазақстанның тоқыма кластерін одан әрі дамыту жобаларымен танысты. Кәсіпорындарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 800-ге жуық жаңа жұмыс орны мен Қазақстанда өңделетін мақта көлемінің екі есе өсімін қамтамасыз етеді. 

Үкімет басшысы археологиялық қазбалар кезінде табылған «Шымкент қалашығы» (Цитадель) реставрациялау және музейлендіру жобасының іске асырылу барысын тексерді. Мұнда ежелгі дәуір музейі, галерея, амфитеатр салынатын болады. Жобаның тарихи құндылығы зор және ол Шымкенттің тартымды туристік нысанына айналады. 

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту аясында А. Мамин сонымен қатар Шымкент қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Түркістан облысы Төле би ауданындағы Қасқасу шатқалына барып, «Қасқасу» туристік рекреация кешенінің жобасымен танысты.

Толығырақ ...

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық атқарушы органдардың басшыларына тапсырма берді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Кәсіпкерлер Волонтер жылы шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық жобаларды мемлекеттік органдармен және бизнеспен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асыру қажет. Осы жылдың күнтәртібі корпоративтік волонтерлік дамытуға байыпты серпін береді деп санаймын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Осы орайда Қазақстан Президенті кәсіпкерлерді Волонтер жылы шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

«Әрине, волонтерлік бастамалардың ілгерілеуіне екпін беріп, белсенділер үшін барлық жағдай жасайтын жергілікті атқарушы органдар маңызды рөлге ие болуы тиіс. Мен қазір ғана барлық атқарушы органдардың басшыларына тапсырма берді деп санаңыздар. Бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялардың, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері жұмыс аптасының бірнеше сағатын бұл бағытқа бөліп үлгі-өнеге көрсетуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы волонтерлік қызмет мемлекеттік және жеке компаниялардың қызметкерлері үшін жұмыс мәдениеті болуы қажеттігін баса айтты.

Толығырақ ...

Қазақстан эстрада жұлдыздарының лотереяға қатысты ойлары қандай?

KAZUS.KZ. Ұтыс ойындарын жиілеткен жұлдыздарды жазалайтын заң қабылданды! Алайда, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұл мәлімдесі әртістерге жақпай қалды деп хабарлайды Shownews.kz.

Лотерея ойындарын жиілеткен әртістердің әрекеті жоғарыдағыларға жетті. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген жұлдыздарға жаза қолдану жайлы заң қабылданды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ресми түрде хабарлаған.

«Ұлттық лотерея операторынан лицензия алмай, инстаграмда көлігін, пәтерін ұтысқа тіккен азаматтар енді жазаланады», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Дәл осы заңнан миллиондаған оқырманы бар шоу-бинес өкілдері де құлағдар. Енді танымалдылығын асыра пайдаланып, халықтың көзін байлағандардың әр қадамы, құзырлы органның жіті қадағалауында болмақ.

Әбдірайымов ұтыс ойындарын жиі ұйымдастыратын жұлдыздардың бірі. Десек те, қабылданған заңға Бағлан пысқырып та қарамайды. Тіпті, өзінің авторлық кітабын сату үшін тағы да бірнеше көлік, жылжымайтын мүліктерді жеңімпазға табыстаймын деп отыр.

«Өзіңнің өніміңді сатудың тәсілі. Мен кітабымды он мың оқығанын қалаймын. Енді мен сол адамдарға осы ақпаратты беруім үшін былай жеткіземін. Сіз егер осы кітапты сатып алсаңыз кітап оқырмандары ішінен мен сіздерге дайындап қойған сыйлығым бар. Оқырмандар арасынан соны анықтап, көлік иесін таңдап береміз деп отырмын», – деді Бағлан.

Иә, Әбдірайымов айтқанынан қайтпақ емес. Министрдің соңғы мәлімдемесі Бағланның шешімін өзгертпейді. Әнші алдағы уақытта да өз өнімін саудаға салуды жалғастыра бермек.

«Әрбір есті адам оңға қимылдаса да, солға қимылдаса да, отырса да тұрса да табыс табуы керек. Ақымақ адам өмірі табыс таппайды ол. Адамдарға пайда бере отырсаң, әр нәрсенің өзінің хақысы бар ғой. Одан пайда түсіп жатса, оның несі айып», – деді Әбдірайымов.

Сиви де түрлі лотерея өткізуде әлеуметтік желіде белсенді. Әнші заң шықпас бұрын екі көлікті ұтысқа қойып, желідегілермен байланыс орнатқан еді.

Картинки по запросу "сиви махмуди"

«Бұл ойынды құдай қаласа, бәрі жоғары деңгейде аман-есен өткізіп болсам, ары қарай ойнатпаймын. Енді заң рұқсат бермей жатса неге мен жағаласып ойнатуым керек. Оны бастап қойғаннан кейін бітіріп ары қарай көлік ойнатпаймын», – деді Сиви.

Махмуди әріптестерінің арасында ұтыс ойнатып, қарапайым халықты алдап соққан алаяқтардың барын жақсы біледі. Бірақ, бұл бикештің басты мақсаты көпшілікке шынайылықты көрсету.

«Лохотрон» дегеннен кейін шынайылығымды дәлелдегім келді. Өйткені, бүгінге дейін көбісі алданып келе жатыр. Менен болса да халықтың кішкене жүрегіне жылулық ұялатайын деген ойымен ұйымдастырып отырмын. Үміттерін үзбесін жақсы адамдар бар деген сияқты. Себебі, менің білуімше көбінесе маған адамдар айтып жатады. Біз ұтқан жағдайда көлікті ұттың деп айтады. Бірақ, білгеніңді қыл. Саған көлікті бермейміз не істейсің ал, деп айтқан жандар болған», – дейді Махмуди.

Бұдан былай шетінен лотерея ойнатқан танымалдардың айласына алданбаңыз. Бүгінде қалтасынан қағылған халықты да, ұтыс ұйымдастарған жұлдыздарды да әзілге жақын әртістер желіде ашық түрде әжуалап жүр.

Толығырақ ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Онсыз да менің дипломат деген дәрежем бар, бірақ волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі мәртебе, әрине мен үшін маңыздырақ, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BIRGEMIZ волонетерлерінің республикалық тыл-кеңсесінің ресми ашылуында, деп хабарлайды zakon.kz.

Волонтерлік - бұл жанның күйі. Волонтерлер – ерік білдірушілер, ықтиярлық танытушылар. Бүгін мен Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болуға келістім. Онсыз да Төтенше және Өкілетті елші деген дипломатиялық дәрежем бар, бірақ волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі деген мәртебені одан да маңыздырақ деп санаймын, бұл мен үшін үлкен құрмет, сондықтан біз бәріміз бірге жұмыс істейміз. Бәріміз бірге боламыз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатқан іс-шара волонтерлер жылы аясында өткізілуде. BIRGEMIZ волонтерлерінің республикалық тыл-кеңсесі ЭКСПО аумағындағы Art Hub павильонында орналасқан.

Тыл- кеңсесінің ашылуында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн-платформасының және волонтерлердің 7 салалық алаңдарының жұмысы ұсынылды: "Bilim", "Qamqor", "Úmit", "Sabaqtastyq", "Taza Álem" және "Saúlyq".

Тыл-кеңсесі - бұл кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталығы, оның функциялары бүкіл республика бойынша волонтерлер жобаларын үйлестіру және қоғамдық бақылауды қамтиды. Жобаны үйлестіру жастар ресурстық орталықтарының мамандары, азаматтық орталықтар мен ҮЕҰ өкілдерінің арасынан аймақтық үйлестірушілер арқылы жасалады.

Толығырақ ...

Қазақстандықтар табысының тең жартысы қайда жұмсалатыны белгілі болды

KAZUS.KZ. Қазақстандықтар табысының тең жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды, деп хабарлайды tengrinews.kz Ranking.kz сарапшыларының зерттеуіне сілтеме жасап.

 Сарапшылар жариялаған рейтингіде Қазақстан 104 елден тұратын тізімде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана елдері тұр.

"Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі - 44,9 пайыз. Рейтингіде көш бастап тұрған елдердің тізімінде АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия және Аустрия бар. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Германия мен Нидерланды елдері кірді", - делінген зерттеуде.

Осылайша, сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Нәтижесінде оларда ақша жинау мүмкіндігі болмайды дейді.

Толығырақ ...

174 мың зейнеткер өз зейнетақысын алуға өтініш бермеген

  • Бөлім:  Қоғам

Зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген, деп хабарлайды KAZUS.KZ БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігі туралы тұрақты хабарлап тұрады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнет жасына толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін рәсімдеген. Осылайша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жетті.

Атап өту керек, БЖЗҚ зейнет жасына толған, бірақ төлемдерін әлі алмаған азаматтар үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мысалы, қазақ және орыс тілдерінде SMS-хабар, электрондық пошталарға хабарламалар, тіпті мекенжайларына хат-хабарлар таратылып, БЖЗҚ сайты мен әлеуметтік желілерде тұрақты негізде осы тақырып бойынша ақпараттық материалдар жарияланады.

Зейнет жасына жеткен азаматтар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жергілікті мекенжайлар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) жүгінуі тиіс. Өздерімен бірге жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Банк шотына Қор төлемдері мен мемлекеттік зейнетақылар ай сайын бір мезгілде аударылады.

БЖЗҚ тағы да еске салады. Зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер – 63 жас, әйелдер биыл – 59,5 жас), сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар белгіленген кесте бойынша Қордағы міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинағы есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Егер зейнеткер Қордан зейнетақы төлемдерін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл (2020 жылы) ең төмен зейнетақы көлемі: 38 636 теңге.

Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 463 632 теңге. Егер шоттағы ақшаның көлемі бұл сомадан артық болса, зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріледі.

Зейнет жасына жеткен таныстарыңыз бен туған-туыстарыңызға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тексеріп, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияның жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті құжаттарды тапсыру керектігін жеткізіңіз.

Толығырақ ...

Қазақстан халқы Ассамблеясына қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

KAZUS.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізуге қанша қаражат бөлінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша 2019 жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлінді. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өткізуге бөлінген.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының концертін өткізуге былтыр бюджеттен 70,9 миллион теңге бөлінді. Ал биыл ол қаражат 74,2 миллион теңгеге жетпекші.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жылы 67,9 миллион теңге бөлінген. Биыл да бюджеттен сол мөлшердегі ақша бөлініп отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 64 миллион теңгедей қаражат бөлінеді.

Шығынның жалпы сомасы айтылмады. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспарын мына жерден көре аласыздар.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу