logoru
logo

Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Араб елінде 20-дан аса қазақстандық қыз сексуалдық құлдықта болған

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық қыз сексуалдық құлдыққа түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты.

"Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты. Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жаңдайда күш көрсеткен", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылып, жуық арада Қазақстанға қайтарылады.

Толығырақ ...

Өмірзақ Шөкеев италиялық ірі компаниямен байланыс орнатты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баламалы энергия көздерімен айналысатын «Arm Wind» (ENI) халықаралық энергетикалық компания басшылығымен кездесті, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Экологиялық мәселелерді әрдайым назарда ұстайтын өңір басшысы облыста бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Елімізде көмірқышқыл газдың шығарылуын төмендетудің маңыздылығы мен Түркістан өңірінің жел және күн энергиясын пайдаланудағы әлеуеті зор екендігін хабарлады. Және жасыл экономика мен бизнес климатты жақсарту сынды салаларды бірлесіп дамытуға шақырды.

«Біз Түркістан облысын дамытуға қатысты барлық бастамаларға қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуге әзірміз. Осында өкілдік ашып, басқа да ұсыныстарыңыз болса құп көрер едік. Әлемдік нарықта мүмкіндіктеріңіз орасан. Алдағы уақытта екі жаққа да тиімді әрі табысты жұмыс жүргізуге дайынбыз», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Мұнай, газ, электр энергиясын барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және өткізу саласында белсенді дамып келе жатқан біріктірілген алпауыт компания Түркістан өңірінде жаңашылдық заман талабына сай технологияларды қолданатын ең тиімді жолдарын жүзеге асырмақ. Түркістан өңірінің нарығына енген ENI компаниясының басшылығы мұндай жобаларды жүзеге асыру энергияны пайдалану жүйесін жетілдіруге сеп болатынын айтып өтті. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ENI Орта Азия өңіріндегі атқарушы Вице-президенті Лука Виньяти өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Түркістан облысында парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайту үшін жасыл технологиялар мен «таза» энергетиканы дамытуда. Климаттық тәуекелдерді түсіну жаңартылатын энергия көздерінің дамуына маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мен ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша инвесторлар үшін жағдайлар жасалды.

Былтыр Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының маңында жер телімінің ауданы 100 Га жерде 50 МВт күн электр стансасы үшін алғашқы жобалық аукцион өткізілді. Оған Қазақстан, Германия, Италия, Қытай, Нидерланды және Ресейсияқты 6 елден 7 компания қатысып, «Arm Wind» ЖШС компаниясы атанған болатын.

Толығырақ ...

"Жеңісі күмәнді" боксшыға айып тағылды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Ұлыбританияда ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген Дэвид Аллен (18-5-2, 15 КО) мен оның қарсыласы келісілген жекпе-жек өткізді деп айыпталды, - деп хабарлайды tengrinews.kz vRINGe.com жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

8 ақпан Шеффилдте өткен бокс кешінде Аллен 35 жастағы отандасы Дориан Дарчты (12-12-1, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірді. Дегенмен бұл жеңіс күмән тудырды. Өйткені жекпе-жекке дейін бірнеше сағат бұрын үшінші рандта нокаут боларына бәс тігу көбейген, осының салдарынан кейбір кеңсе оны желіден алып тастауына тура келген.

"Көпшілік бірінші екі раунд спаррингке ұқсас болғанын айтады, ал үшінші раундта Аллен аяқ-асты белсенді бола бастады да, дөп тимеген бірнеше соққыдан кейін қарсыласын берілуге мәжбүрледі", - деп жазады World Boxing News.

Алленнің өзі қарсыласымен келсім болғанын мойындамады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, 18 рет жеңіске жеткен (15 нокаут), бес рет жеңіліп, екеуінде тең түскен. 

Толығырақ ...

«Қорқыт» саз тобы рекорд орнатуды көздеп отыр

KAZUS.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы үзіліссіз 75 шығарма орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Филармонияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шара ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіледі. Өнер ұжымы 17 ақпанда «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында өнер көрсетеді.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек осындай концерттің ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа лайық екендігіне сенімді: музыканттар Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды кідіріссіз, бір деммен ойнайды.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының құрамына қазақтың халық аспаптарында (қобыз, қылқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ және т.б.) ойнайтын талантты өнерпаздар жиналған. Ұжымның бірегейлігі - ондағы әрбір әртістің бірнеше аспапты игеруі. Жастарды дәстүрлі ән өнеріне баулу әртістердің жеке музыкалық стилін қалыптастыруға, іздеуге талпындырады. Ұжым репертуарының негізін Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуінен өткен қазақ фольклорының жанрлары, яғни күй, жыр, терме құрайды. Шеберлікпен өнделген халық музыкасы ондағы бейнелер мен сұлулықты барынша суреттеп, жаңаша үн береді.

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобы өз шеберлігін үздіксіз арттыруға деген ұмтылысымен ерекшеленеді. Ұжым – айтулы республикалық және халықаралық музыкалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары. Топтың ұжымдық шығармашылығы «Ғасырлар үні» II Өңіраралық фольклорлық-этнографиялық фестивалінде, «Шабыт» ХХ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде, сондай-ақ «Көне Тараз күмбірі» І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер фестивалінде жүлделі орындарды иеленіп келеді. Жақында ғана «Қорқыт» Катардың Доха қаласында өткен «Cultural Diversity» халықаралық фестиваліне қатысты.

Толығырақ ...

Премьер-министр Сапарбаевты өз орнында қалдырды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияны өзі басқара береді. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп жазады Baq.kz.  

Қордайдағы қайғылы оқиға кезінде 10 адам қаза тауып, 178 адам зардап шекті. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға, азаматтардың дүние-мүлкіне зақым келтірілді. Осы күндері Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қордай ауданында оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеді. Кеше мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Мәшбекұлы (Сапарбаев - тілші) Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Дегенмен үкіметтік комиссияны төрағасы ретінде әріқарай да өзі басқара береді, - дейді Асқар Мамин.

8 ақпан күні үкіметтік комиссияны басқарып, Қордайға кеткен Бердібек Сапарбаев кеше Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған еді. Бүгін ол өңірдегі жағдайды баяндады.

Қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданда жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органдарының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен 5 күннің ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19-ы полиция қызметкерлері. Бұл оқиғадан 10 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына жерілікті демеушілердің, әкімдіктердің тарапынан көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері 10 азаматтың отбасыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Барлық шараларына қатыстық, - дейді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қордай ауданыдық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған 9 адамды Алматы мен Таразға қайтарған.

Толығырақ ...

Иран соққысынан АҚШ-тың 109 әскері зардап шекті – Пентагон

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. АҚШ-тың қорғаныс ведомствосы Иран қарулы күштерінің Ирактағы Американың әскери базасына соққы жасағаннан зардап шеккендер санын жариялады, деп жазады Baq.kz.

8 қаңтарға қараған түні  Иранның зымыран соққысынан америкалық 109 әскер бас сүйек-ми жарақатын алған. Бұл туралы 10 ақпанда Пентагон баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тың 109 әскери қызметкеріне бас сүйек-ми жарақатын алғаны үшін емделді. Олардың ішінде 76 адам қазір қызметіне оралды, - деп хабарлады ведомствода.

Зардап шеккен 27 адам Германияға ем қабылдау үшін жіберілген, кейін олардың ішінен 21 адам АҚШ-қа кеткен. Ал біреуі Иракқа қайтып, қызметтік міндеттемелеріне кіріскен.

Айта кетсек, 8 қаңтар күні Иран Ирактағы екі әскери базаға зымыранмен шабуыл жасады. Онда АҚШ әскерилері болған. Бұл соққы 3 қаңтарда Бағдадта иран генералы Касем Сулейманидің өліміне кек алу үшін жасалған.

Толығырақ ...

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Қытайда коронавирустың жаңа түрінен мерт болғандар саны 1016-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2097), 108-і өліммен аяқталды (Хубэй - 103).

Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да індетті жұқтырғандардың жалпы саны 42 634 адамға жетіп, 1016 науқас қаза тапты. 3996 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.

Ресми статистиға сәйкес, эпидемия ошағы Хубэй провинциясынан басқа аймақтарда індетті жұқтыру оқиғасы жетінші күн қатарынан азайып жатыр.

Қазақстанмен шекаралас Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында коронавирустің жаңа түрін жұқтырған 55 науқас тіркелді. Оның ішінде Іле-Қазақ автономды аймағында – 10, ауданның әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында 20 адам індет жұқтырған.

Қазіргі уақытта аталған аймақтағы 3842 адам дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

 

Толығырақ ...

Әуежайда жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адам ұсталды

KAZUS.KZ. Алматы халықаралық әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адамды полиция анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ақпарат дереу көліктегі полиция департамент бөлімшелеріне берілді. Әуе айлағын қоршап алу және адамдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қоңырау шалған адамның жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл 1997 жылы туған Б. деген азамат. Қазір оны патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының ІІБ-не жеткізілді", - деп хабарлады Алматы ҚП жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин.

"Қазіргі уақытта ер адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Бұған дейін ол осыған ұқсас әрекеттері үшін жауапқа тартылған", - деді ол.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Еске салайық, Алматы әуежайында жарылғыш зат бар деген хабарлама түскеннен кейін жолаушылар мен персонал эвакуацияланған. Эвакуация туралы жолаушылар айтып берді. Олар жолаушылардың ғимарат сыртына шұғыл шығарылып, автобусқа отырғызылғанын хабарлады.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу