logoru
logo

Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

«Ұнамайды мүлдем!» Кенталдың су жаңа бейнебаяны сынға ілікті

KAZUS.KZ. Тың форматта бейнебаян түсіріп, шоу-бизнестегі әріптестерінен ерекшеленуді көздеген Кентал желідегілердің ашуын оятты, деп хабарлайды  Shownews.kz

Кентал су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Өзге әртістер секілді Талғат жиі жұрт назарына ілікпесе де әріптестерінен ерекшеленуді жақсы біледі. Кенжеболатов араға біраз уақыт салып репертуарындағы «Жаным-ай» әніне тың форматтағы клип түсірген.

«Негізі бұл клипті 2019-да түсіргенбіз. Күз айынан бері сақталып жатыр. Себебі, директормен ақылдасып 2020-да жарыққа шығарайық деп шештік. Жаңа бейнебаян жаңа жылда шықсын дедік», -деді Кентал.

Бірақ, Кенталдың сары майдай сақтаған туындысы «бомба» болмай шықты! Керісінше, көптің талқысына түсіп, желідегілердің ашуын оятты. Талғат бұл жолы да артық қыламын деп шектен шыққан сыңайлы. Себебі, ғаламторда әншіге жолданған жағымсыз пікірлір саны толастар емес.

«Осыны да клип, өлең дейді ғой. Не өлеңнің, не клиптің мағынасы жок. Өмірі онша емес клип түсіреді. Ұнамайды мүлдем», «Сөзім жоқ. Осындай клип шығаруға неге ұялмайды. Осындайларды қадағалайтын біреу бар ма?» – деді оқырмандары.

«Бейнебаян кеше ғана жарыққа шықты. Бүгін қаншама адам неше түрлі пікірлер жазып жатыр. Негізі тоқсан пайызы әзілден жиналған бейнебаян. Сондықтан, қолдағандар да бар. Күлдім-ау шегім қатып дегендер де бар. Бірақ, кейбір адамдар, түсінбей жатыр», – деді Талғат Кенжеболатов.

Алайда, әншінің кезекті әзілін жұрт түсінбеді. Бірақ, өнер иеснің хейтерлермен санасар түрі жоқ. Кенталдың сөзінше, бұндай клип бұрын-соңды отандық шоу-бизнесте болмаған.

«Бейнебаянға біраз ақша кетті. Себебі, ең қымбат клип деп айта аламын. Қазақстанда болмаған формат, ерекше формат шығардық. Сондықтан көбісі түсінбей қалды. Бірақ біраз уақыт өтсін түсінеді деп ойлаймын», – деді Кентал.

Аталмыш бейнебаянды ғаламторға жүктелгелі 85 мыңға жуық ғаламтор тұтынушылары тамашалаған. Желідегі пікірлерге зер салсақ, көрерменнің басым бөлігі вайнер Секаға қызығушылық танытқан.

«Ренжіме, Кентал! Өлеңнің мағынасы жоқ, тек клипті Сека мен Нурик үшин қарадым», «Секаның командасы мықты ғой», – деді желі қолданушылары.

«Сека ол менің досым. Жан-жолдасым. Балалармен отырып, Нұрғали деген жігіт те бар ақылдастық. Сөйтіп, осындай шешімге келдік», -дейді Кенжеболатов.

Клипі сынға іліксе де Кентал мойымақ емес. Алдағы уақытта командасымен дәл осы бейнебаяның жалғасын таспалауды қолға алмақ.

Толығырақ ...

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер: 25 қылмыстық іс қозғалды

KAZUS.KZ. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаларға қатысты қылмыстық істер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктер, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, мүлікті бүлдіру, сондай-ақ қару жасау бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды", - деді Сортөбе ауылында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Бас прокуратура ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды, олар қазір осы іспен айналысып жатыр.

"Ең басты міндет - ұйымдастырушыларды, бастаушыларды, арандатушыларды және кінәлілерді табу. Жұмыс нәтижесі бойынша біз сіздерге қосымша ақпарат береміз. БАҚ-та қаза болған адамдарға қатысты әртүрлі ақпарат бар. Бүгінде 10 адам қаза тапты. Арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды, ақпаратты кез келген уақытта сізге беретін боламыз. Ведомствоаралық комиссияның ресми ақпаратын негізге алу керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Бұған дейін Масанчи ауылындағы тәртіпсіздікте қаза тапқан 8 адамның тізімі жарияланған еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Толығырақ ...

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге көмек қорына аударды

  • Бөлім:  Қоғам

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZUS.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.

Мәжілістің бір топ депутаттары қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссиямен бірге, Қордай ауданында жұмыс істеуде.

Толығырақ ...

Қызылорда облысында ішімдік ішкен 71 жүргізуші көлік басқарған

KAZUS.KZ. Қызылорда облысында жыл басынан бері ішімдік ішіп көлік басқарған 71 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде соңғы екі күнде барлығы 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған, жалған мемлекеттік белгі таққан жүргізушілер жауапқа тартылып жатыр. Жалпы жыл басынан ішімдік ішіп, көлік басқарған 71 жүргізуші тіркелді.

«4 ақпанда таңғы сағат 06:30 шамасында полиция қызметкерлері қала аумағында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғандығы және ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Тәртіп бұзған жүргізуші Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Толығырақ ...

"Паразиттер" драмасы "Оскар-2020" рәсімінің жеңімпазы атанды

KAZUS.KZ. Оңтүстік Кореяның режиссері Пон Джун Хоның "Паразиттер" драмасы "Оскар-2020" рәсімінің төрт дүркін жеңімпазы атанды, деп жазады Baq.kz

Картина "Үздік фильм", "Үздік шетелдік фильм", "Үздік ерекше сценарий" және "Үздік режиссер" номинацияларында басым түсті. Айта кетейік, бір фильмнің негізгі және халықаралық номинацияда жүлде алуы Оскар тарихында алғаш рет болып тұр.

"Болды, бәрі аяқталып, енді демалуға болады деп едім", - деп қалжыңдады режиссер сахнаға кезекті рет көтерілгенде.

Жалпы биыл Академия марапатының тарихында алғаш рет болған заттар көп болды. Мысалы, "Джокер" фильміне және "Чернобыль" сериалына музыка жазған 37 жастағы Хилдур Гуднадоттир "Үздік композитор" атанған алғашқы әйел адам. Алғаш рет маори тайпасының тумасы (Жаңа Зеландия) Тайка Вайтити "Үздік бейімделген сценарий" ("Джоджо қоян" фильмі) үшін Оскар алды. Осыған қоса "Паразиттер" тарихта тұңғыш рет шетел тілінде (ағылшын тілінде емес) түсіріліп, үздік атанған лента болды.
Сонымен 2020 жылғы "Оскар" жеңімпаздары:
Үздік фильм: "Паразиттер".
Үздік актер - Хоакин Финикс ("Джокер").
Үздік актриса - Рене Зеллвегер ("Джуди").
Үздік режиссер - Понг Джун-Хо ("Паразиттер").
Үздік шетелдік фильм – "Паразиттер" (Оңтүстік Корея).

Толығырақ ...

Қытайда коронавирус жұқтырғанын тексеретін мобильді қосымша пайда болды

KAZUS.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын тексеруге арналған арнайы қосымша іске қосылды, деп хабарлады "Хабар 24" ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Қосымшаны ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті, Қытайдың ғылыми-технологиялық электроника корпорациясы және ҚХР Мемлекеттік кеңесі бірлесіп жасаған.

Қосымша арнайы QR кодты сканерлеу арқылы қолжетімді. Содан кейін ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеліп, аты-жөні мен жеке куәлік нөмірін енгізу арқылы жеке басын растауы керек. Шетелдік азаматтар тіркеуден өте алмайды, өйткені жүйе Қытай азаматтарының жеке куәліктерін ғана қабылдайды.

Егер қосымша қолданушыға жұқтыру ықтималдығын хабарлаған болса, тіпті белгілері болмаған жағдайдың өзінде дереу медициналық мекемелердің көмегіне жүгіну ұсынылған.




Толығырақ ...

Қордай оқиғасына байланысты бірқатар шенеунік қызметінен босатылмақ

  • Бөлім:  Cаясат

Жамбыл облысы, Қордай ауданында орын алған жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды KAZUS.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды. 

Толығырақ ...

Түркменстанда бір адам коронавирустан көз жұмды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Түрікменстанда Лебап уәлаятында Қытайдан эвакуацияланған түрікмен азаматтарына арналған лагерь аумағында бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық asia.media-ға сілтеме жасап.

Марқұм туралы мәліметтер қатаң түрде құпия ұсталуда. Тек марқұмның Қытайдағы университеттердің бірінде оқыған жас жігіт екені белгілі. Оның денесі кремацияланды.

Марый уәлаятында орта жастағы тұрғынының тағы бірінде "бұрын белгісіз вирустық инфекцияның белгілері" табылған. Ол Лебап уәлаятындағы карантиндік лагерьде ауыр халде жатыр.

Тurkmen.news алдында 30 қаңтардан бастап Бейжіңнен Ашхабадқа шығуы тиіс барлық ұшақтар Түркіменабадқа келіп қонып жатқанын хабарлаған. Сол күні Түркіменстан Өзбекстанмен шекараны жауып тастады. Коронавирустың өршуіне байланысты Бангкокқа рейстер тоқтатылды.

Толығырақ ...

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды

  • Бөлім:  Қоғам

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды. 

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. 

Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

«Президент Қ. Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады», — деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді. 

Толығырақ ...

Қордайда зардап шеккен қарт қазақстандықтарға өтініш жасады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қордай ауданында болған оқиға салдарынан зардап шеккен қарт қазақстандықтардан "өш қаруын асынбауды" өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұраған. 

"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - дейді Азамат Ерғали. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген. 

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу