logoru
logo

Сенбі, 01 Ақпан 2020 - KAZUS.KZ

Шымкентте нысана көздеуден командалық қазақстан біріншілігі өтеді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. 7-14 ақпан аралығында Шымкентте нысана көздеуден командалық ел біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz

Еліміздегі ең үздік командаларды анықтайтын додаға жалпы есебі жеті аймақтан спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жамбыл облыстарынан командалар бас қосады. 

Турнирге жалпы есебі 120 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Толығырақ ...

"Бала-шағаңа тиеді": Азамат Сатыбалды өсекшілер туралы ойын ашық айтты

KAZUS.KZ. Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды өміріндегі ең жек көретін нәрсесі туралы жазба жариялады. Жазуынша, өнер иесіне кейбіреулердің шындыққа жанаспайтын өсек тарататыны мүлдем ұнамайды екен. Ол өз қолмен ұстап, көзімен көрмей сыртынан сөз сөйлеуді күнә деп есептейтінін алға тартып, қауесет шығаратындарға шамданды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды өсекші қауым жайлы бар ойымен Instgaram парақшасында бөлісті. Онда ол өтірік әнгіме айтудың зардабы қандай болатынын да ашып айтқан.

"Өмірдегі ең жек көретін нәрсем - адамның артынан өсек тарату. Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады. Қолмен ұстап, көзіңмен көріп, құлағыңмен естімей сөз айту күнә болып саналады.

Ол өзіңнің басыңа қайтып келеді немесе бала- шағаңа тиеді. Бақытсыздықтың басы осыдан басталса керек. "Бақытқа қайда барасың" десе, "ынтымақ пен бірлікке барамын" деген.

Былапыт сөзбен былғанбай, бақытты болудың жолын іздеген жөн. Кімнің жақсы, кімнің жаман. Кімнің тұлпар, кімнің шабан екенін ұлы емші уақыт көрсетер. Бір Аллаға аманат" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалды театрды тұншықтырып жүргендер жайлы жазып, өнердегі қиыншылдықтарды ашып айтқан болатын.

 

Толығырақ ...

UFC президенті Хабиб - Конор реваншы өтуі мүмкін уақытты айтты

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. UFC президенті Дана Уайт Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедов - Тони Фергюсон жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетінін растады. Нурмагомедов Фергюсонды жеңсе, Хабиб пен Конордың реваншы күзде өтеді, - деп хабаралайды tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Хабиб пен Тони Бруклинде жекпе-жекке шығады. Конор жеңімпазбен кездеседі. Ол күткісі келмейтінін айтты, бірақ мен оған не маңызды екенін білмеймін. Рамазан айы Хабиб пен Тони жекпе-жегінен кейін басталады. Конор оның аяқталуын күтеді, сондықтан күз мезгілі туралы айтып отырмыз. Қыркүйек, қазан немесе қараша", - деп жазған "Чемпионат" Уайттың ESPN-ге берген сұхбатына сілтеме жасап.

Нурмагомедов пен МакГрегордың алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың қазан айында өткен. Келесіде Хабиб 2020 жылдың 19 сәуірінде Фергюсонмен кездеседі. Ал МакГрегор 18 қаңтарда октагонға оралды, ол Дональд Серронмен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Толығырақ ...

Елордада «Кітап оқып, рухани бай бол!» қалалық байқауы өтіп жатыр

KAZUS.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесе ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Кітап оқып, рухани бай бол!» қалалық байқауы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абайдың шығармаларын кеңінен таратуды мақсат еткен байқау ІІ кезеңнен тұрады.

«Бұл - қалалық, облыстық көлемде өтіп жатқан ауқымды жоба. Байқауда Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылады. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне талап қойылған жоқ. Ең кішкентай қатысушы - үшінші сынып оқушысы болса, ең үлкені - зейнеткер», - дейді әділқазы мүшесі Айшат Жуасбаева.

Аталған байқаудың І кезеңінде кітапсүйер қауым желтоқсан-қаңтар айлары аралығында өздерінің сүйікті кітаптарынан үзінділер оқып, әлеуметтік желілерге жүктеді. Отандық және шетелдік ақын, жазушылардың туындыларын оқып, жүзден жүйрік шыққан 10 қатысушы екінші кезеңге жолдама алған.

«Абай - ұлттың паспорты. Абайдың айтқан сөздері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жазған «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласында Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар биыл ғана емес, «Рухани жаңғыру» аясында қайта-қайта оқып, зерттеуіміз керек екенін айтты. Рухани жаңғыру деген - бір нәрсе ойлап табу емес, бар құндылықтарымызды ұлттың рухани санасында қайта жаңғырту. Білім, өнер, музыка ұлтқа бөлінбейді. Абай әлем алыптарымен қатар тұратын тұлға, демек сіздер әлемдік деңгейдегі тұлғаны оқып жатырсыздар», - дейді Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлнар Мұратова.

ІІ кезеңде байқау қатысушылары Абай Құнанбайұлының өнері мен шығармашылығына қатысты жасалған викторинада бақ сынасатын болады.

 

Толығырақ ...

Қазақстан шахмат федерациясының жаңа президенті сайланды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. 2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан шахмат федерациясының президенті қызметін  Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының құрылтайшысы және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарып келген болатын, деп жазады prosports.kz.

«Соңғы уақытта менің назарымды қажет ететін көптеген әлеуметтік жобалар пайда болды. Соның ішінде  2 спорт федерациясы мен ассоциациялары бар, сондықтан мен әріптестеріме шахмат федерациясының жаңа президентін сайлау туралы ұсыныс жасадым. Біз спортшылардың, жаттықтырушылардың, ұйымдастырушылардың және де менеджерлердің үздік командасын жинадық. Қазіргі таңда Қазақстан шахмат федерациясында барлық бизнес-үрдістер мен стандарттар жолға қойылған. Жаңа басшылықпен федерация алдағы уақытта да тамаша нәтижелер көрсетіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін», - деп Ғалымжан Есенов құрылтай шешіміне түсініктеме берді.

Соңғы бес жылда әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатында бесінші және Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында он бірінші орынға ие болды. Қазақстанда әлемнің ең үздік шахматшыларын жинаған ірі шахмат турнирлері өткізілді. Қазақстандық шахматшылар Азия Чемпионаты, Азия ұлттары Кубогы, жабық жайлардағы Азия ойындары сынды ірі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

«Ғалымжан Есенов басшылығымен осы уақыт ішінде шахмат федерациясы орасан зор жұмыстар атқарды. Шахматшыларымыздың қатары жаңа әлем чемпиондарымен толықты. Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирлерден елімізге 202-ге жуық медаль алып келді», – деп ҚШФ-ның атқарушы директоры Ирина Грищенко толықтырып өтті.

31 қаңтар күні Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) кезектен тыс Құрылтайы болып өтті. Аталмыш құрылтайда ұйымның жаңа президенті болып Бейбіт Атамқұлов сайланды.

 
Толығырақ ...

Медициналық бетперденің тапшылығына қатысты министр түсінік берді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда медициналық бетперде тапшылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ауа арқылы инфекцияны жұқтырмас үшін профилактикалық шара ретінде бетперде кию қажет. Бүгін бізде ондай қауіп жоқ, бірақ өкінішке қарай, ел жаппай бетперде сатып алуға жүгіріп, салдарынан тапшылық туындауда, - деді Біртанов.

Оның айтуынша, бетпердені отандық өндірушілер өндіреді, сондықтан Қазақстанда оны шығаруға барлық мүмкіндік бар.

- Бірақ қазір олар үлгере алмай жатыр, өйткені бір мезетте бір жылдық көлемдегі бетперде сатылып кеткен. Сондықтан басқа елдерден де оны сатып алу бойынша қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, сұраныстағы мөлшер толықтай қамтамасыз етіледі. Егер 6 қаңтардан бастап бүгінге дейін біз Қытайдан келгендерге ғана санитарлық бақылауды күшейткен болсақ, онда біз бүгіннен бастап шекараның өзінде күшейтілген бақылау енгізіп, барлық халықаралық бағыттағы өткізу пункттеріндегі жолаушыларды ыстығы бар-жоғын тексеретін боламыз, - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, министр өз азаматтарын мәжбүрлі түрде әкетсін деген ұсыныстардың болмағанын да жеткізді. Сондықтан коронавирус инфекциясы тіркелген елдерде жүрген азаматтарымыздан сақтық шараларын қолдану сұралады.

Толығырақ ...

Маңғыстауда 121 кәсіпкер 1 пайызбен несие алды

KAZUS.KZ. Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қолдайтын «Нұр-Капитал» бағдарламасына сұраныс артып жатыр. Бүгінде аталған «Нұр-Капитал» бағдарламасы аясында 121 жоба үшін 2,4 млрд. теңгеге несие алынып, мыңның үстінде жаңа жұмыс орны құрылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі - кәсіпкерлерге 1% үстемақымен несие алып, бизнес бастауына мүмкіндік береді.

Соның ішінде, көш бастап тұрған Жаңаөзен қаласында 38 жоба, Мұнайлы ауданында 44 жоба, Бейнеу ауданында 12 жоба, Түпқараған ауданында 11 жоба, Маңғыстау аданында 9 жоба, ал Қарақия ауданында 7 жоба жүзеге асырылды.

Жоба аясында «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-тан 900 миллион теңге және «Даму» қорынан 1,8 млрд. теңге қаражат бөлінген. Облыстың кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында жалпы құны 2,7 млрд. теңге болатын несие ресурстары бағытталды. Бұл қаражат АҚ «Forte bank», АҚ «Сбербанк», АҚ «Қазақстан Халық Банкі», сондай-ақ, АҚ «Банк Центр Кредит» банктері арқылы 8,5% бөлініп, жергілікті бюджет бойынша 7,5 пайызбен субсидияланған. Сәйкесінше, соңғы қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 1% құрайды.

Берілетін қаражат инвестицияларға (негізгі құралдарды сатып алу және модернизациялау) несие сомасының 30 пайызынан асырмауды мақсат етіп, инвестициялық несие аясында айналым капиталын толықтыруға бөлінеді.

Несие мерзімі: инвестициялар үшін - 7 жылға дейін, ал айналым қаражаттарын толықтыру үшін - 3 жылға дейін.

Несие алушы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 85% дейін мемлекеттік кепілдік ала алады және оған несие тұрақты жаңа жұмыс орындарын құрайтын жағдайда ғана беріледі.

Өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм, қызмет көрсету – «Нұр-Капитал» жобасының негізгі бағыттары болып саналады, сәйкесінше барлық жобалар Өңірлік үйлестіру кеңесінің рұқсатынан өтеді.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу