logoru
logo

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 - KAZUS.KZ

«Голос» шоуында елді таң қалдырған алматылық таксистің шындығы ашылды

KAZUS.KZ. Жақында Украинадағы «Голос» бағдарламасының дәстүрлі оныншы маусымына қатысып, әділ-қазыларды таң қалдырған таксист Ерлан Байбазаровтың шындығы ашылды. Көпшілікті өзін такси жүргіземін деп сендірген Ерланның шын мәнінде кім екені Алматы арнасындағы «Таңғы студио» бағдарламасында белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, Украинадағы «Голос» бағдарламасына қатысқан алматылық Ерлан Байбазаров көпшілікті өнерімен тәнті еткен болатын.

Тыңдалым кезінде электро-домбырамен әйгілі топтың әнін шырқаған ол өзін таксист ретінде таныстырған еді. Ал шын мәнінде Ерлан Байбазаров кәсіби домбырашы болып шықты. Ол тіпті бірнеше жыл Президент оркестрінде қызмет еткенін әншінің продюсері Диана Шарапова мәлімдеді.

«Ерлан Байбазаров менен вокал курсын қабылдау үшін бірнеше рет хабарласты. Алайда, мен уақытымның тығыздығына байланысты үнемі келісім бергем жоқ.

Дегенмен, сәті түсіп, Ерланды дайындай бастадым. Оның дауыс ерекшелігі ұнады. Одан бөлек, еңбекқорлығы да бар.

Кей кездері өте асығыс болғандықтан, тез-тез кеңесімді айтып кетемін. Ерлан болса, дереу диктофонға жазып алып, өзі тынымсыз дайындалады.

Украиндағы «Голос» шоуында ол бір әнді екі түрлі дауыспен орындап шықты. Ал әділ-қазылар әнді бір адам емес, дуэт шыршап тұр деп ойлаған. Тіпті, шоудың ресми Instagram парақшасында да Ерлан Байбазаровтың ән салып тұрған сәтінен үзінді келтірген», - дейді Шарапова.

Айта кетелік, Ерлан Байбазаров «Голос» шоуында танымал дуэт Настя Каменских пен Потапты таңдады.

Толығырақ ...

Қытайдан пошта арқылы келетін тауарлардан қауіп бар ма?

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Қытайдан шығып жатқан короновирус поштадан алынатын заттармен берілмейді, деп хабарлайды zakon.kz AliExpress компаниясына сілтеме жасап.

Қытай поштасы жіберілетін жөнелтілім заттарды міндетті түрде дезинфекциялайтынын айтты.

Вирус жануарларда өміршең болғанымен заттарда ұзақ сақталмайды. Сондай-ақ AliExpress-пен тапсырыс берген затыңыз неғұрлым ұзақ уақыт жүрсе, соғұрлым жақсы.

AliExpress өкілдері:"Қытайдан жіберілген сәлемдемелер мүлдем қауіпсіз", - дейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да Қытаймен саудаға ешқандай шектеулер енгізген жоқ. Қытай поштасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ухань қаласынан және жергілікті тапсырыс беру орталықтарынан жіберілетін жөнелтілім заттарды міндетті түрде дезинфекциялайтынын айтты.

Толығырақ ...

Министр қазақстандықтардың жалақысы өсетінін болжады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 2023 жылы қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы елдегі орташа жалақының 30 пайызы, яғни 70 мың теңгеден төмен болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

"Кейтц индексі деген көрсеткіш бар. Бұл орташа жалақыға ең төменгі еңбекақы мөлшерінің қатынасы. Бізде ол 23 пайыз болып тұр, біз көптеген елден қалып тұрмыз. Біз 2023 жылдың басында ең төменгі жалақы сол кездегі орташа жалақының 30 пайызынан кем болмауы үшін қамданып жатырмыз. Егер 2023 жылы орташа жалақы 224 мың теңге болса, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден кем болмауы тиіс", - деді Нұрымбетов Мәжіліс кулуарында.

Министр ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралатынын айтты.

"Бізде 1,2 миллион бюджеттік қызметкер бар, олардың жалақысы әр түрлі өзгереді. Ал жеке секторға қатысты айтар болсақ, өнеркәсіпте жұмыс уақытының жиынтық есебі бар разрядты коэффициенті бар. Өндірістік кәсіпорындарда минимал жалақы - бұл тарифтік мөлшерлеменің бірінші разряды. Тарифтік мөлшерлеменің екінші, үшінші және тағы басқа разрядтары бар. Және олар разряд аралық коэффициентке байланысты болады. Сондықтан ең төменгі жалақыны көтеру басқа дәрежелердің өсуіне ықпал етіп, бұл жалпы елдегі жалақының өсуіне алып келеді", - деді ол.

Толығырақ ...

Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы емес отбасыларға жәрдемақы төлене ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көпбалалы аналарға жаңа жәрдемақы енгізілгеннен кейін, 1-3 баласы барлар да мемлекеттен көмек болса деген өтініштерін білдіре бастады.

"Біз көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгіздік. Қазір оны 370 мың отбасы алып жатыр. Енді төрт баладан аз, бір, екі, үш баласы барлар да бізге де сондай жәрдемақы берілсе деген өтініштерін білдіріп жатыр. Қазір министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны есептеп жатырмыз. Бірақ, бұл мәселе, қаржы мүмкіндігіне байланысты", - деді Нұрымбетов мәжілісте өткен кездесуде.

Айтуынша, жаңа жәрдемақыны алатын 370 мың отбасының 125 мыңы тұрмысы төмен жанұялар. Ал бір, екі, үш балалы тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мың. Қазақстан бойынша 1-3 баласы барлар саны 2 миллион 904 жанұя . Яғни, он бес есе көп, деп жалғастырды министр.

"Сондықтан ол он бес есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, дәулетті, жағдайы жақсы отбасыларға осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па, ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ, оның бәрін қарап жатырмыз", деп сендірді ол.

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлене бастады. Оның басты ерекшелігі - жәрдемақы табысына қарамастан төленеді. Ол бала санына қарай ай сайын беріледі.

Жаңа жәрдемақының мөлшері:

  • 4 балаға - 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.
Толығырақ ...

Атаулы әлеуметтік көмекке ілікпей қалған отбасыларға қатысты тапсырма берілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Үкімет жергілікті органдарға атаулы әлеуметтік көмекке ілікпеген отбасыларға көмектесуді тапсырды. Бұл туралы бүгін вице-премьер Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Табысына қарай кейбір отбасылар қазір алып жатқан атаулы әлеуметтік көмекке ілікпей қалуы мүмкін. Сондықтан жергілікті органдарға тапсырма берілді. Көмектен қағылған отбасыларға жергілікті жерден, демеушілер арқылы көмектесу, қолдау керек", - деді Сапарбаев мәжілісте өткен кездесуде.

Айтуынша, қазір атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша барлық ауылдық округтен бастап облыс орталықтарына дейін штабтар құрылды. Жауапты адамдар бекітілді.

"Біз күніне екі рет өңірлерден мәлімет алып тұрамыз. Чаттар жұмыс істейді", - деді ол.

Сапарбаевтың сөзінше, осы жылы үкімет 11 мың көпбалалы, тұрмысы төмен отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздеп отыр. Екі мыңға жуығы демеушілердің есебінен баспаналы болмақ.

Айта кетсек, жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жүйесі өзгерді. Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай алты немесе он екі айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады.

Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларына тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдары беріледі, күнделікті мектепке барып-келуге жұмсалатын жол шығыны өтеледі.

Сонымен қатар, биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлене бастады. Оның басты ерекшелігі - жәрдемақы табысына қарамастан төленеді. Ол бала санына қарай ай сайын беріледі.

Толығырақ ...

Қазақстанда кімдер табыс декларациясын көрсетуі міндетті

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Қаржы министрлігі табыс декларациясында көрсетілуі тиіс мүліктің тізімін нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2021-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшеді.

Қаржы вице-министрі Қанат Баеділовтің айтуынша, қолданыстағы заңнамада табыс декларациясында көрсетілуі тиіс мәліметтердің нақты өлшемшарттары жоқ. Осыған байланысты министрлік декларациялауға жататын мүліктің тізімін нақтылауды ұсынып отыр.

Бірінші, Қазақстаннан тыс жерлердегі меншік құқығындағы мүлік бойынша:

  • жылжымайтын мүлік;
  • әуе және теңіз кемелері, суда жүзу кемелері;
  • көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
  • шетелдік банктерде 6,5 мың доллар немесе 2,6 миллион теңгеден асатын ақшаны міндетті декларациялау ұсынылады.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары; зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық та міндетті декларациялауға кіреді.

"Сонымен бірге, декларацияда көрсетілуі тиіс қолма-қол ақша шегі 5 880 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке (26 510 000 теңге) дейін ұлғайтылды", - деді вице-министр сенатта өткен дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ, декларацияда жиынтық сомасы 5 880 АЕК-тен асатын немесе 15 миллион теңгеден көп соманы нотариалды куәландыра отырып дебиторлық, кредиторлық берешекті көрсету ұсынылады.

2021 жылдан бастап Қазақстан жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшеді.

2021 жылғы 1 қаңтардан мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары декларация тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан қалған санаттағы азаматтар.

Декларанттардың жалпы саны шамамен 13 миллион адамды құрайды.

Толығырақ ...

Роналду Instagram тарихына енді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналдудың Instagram желісіндегі парақшасына 200 миллионнан аса қолданушы жазылған, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желідегі статистиканы Trackalytics мәлім етті. 

Роналду платформа тарихына еніп отыр - тіркелген қолданушылардың ішінде ол алғаш болып 200 миллион фолловер жинаған. Португалиялық футболшының профилінен озып тұрған жалғыз аккаунт - Instagram желісінің парақшасы. 

2019 жылы қаңтарда Роналду 150 миллион фолловер жинай алған алғашқы адам болып тіркелген еді. Ал былтыр қазанда Buzz Bingo спортшының әлеуметтік желідегі табысын санаған. Форвард парақшасындағы бір пост үшін 48,66 миллион доллар алады. 

Осы маусымда Роналду Италия чемпионатының 18 матчында 17 гол соққан. Ол мадридттік "Реал", англиялық "Манчестер Юнайтед" пен лиссабондық "Спортинг" сапындағы ойынымен танылған болатын.

Толығырақ ...

Ақмола облысында республикалық маңыздағы бірқатар жол ашылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ауа райының жақсаруына байланысты Ақмола облысында республикалық маңыздағы бірқатар жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 30-да сағат 01:15-тен бастап, «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (16-180 км, Нұр-Сұлтан қаласы - Қорғалжын қорығы аралығы) жолы, сағат 08:00-ден бастап «Екатеринбор - Алматы» (1291-1426 км, Нұр-Сұлтан қаласы - Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық) жолы, сағат 01:15-тен бастап, «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» (16-180 км, Нұр-Сұлтан қаласы - Қорғалжын қорығы аралығы) жолы, сағат 02:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр – Киевка -Теміртау» (32-51 км, Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық) жолы, сағат 08:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Петропавл» (18-231 км, Нұр-Сұлтан - Щучье қалалары аралығы) жолы көліктің барлық түрі үшін ашылды», - деді Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу