logoru
logo

Сенбі, 25 Қаңтар 2020 - KAZUS.KZ

Шавкат Мирзиёев ЕАЭО-ға мүшелікке қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуын осы елдің депутаттары шешеді. Халықтың мүддесін ескеріп, бұл интеграциялық бірлестікті жан-жақты зерттеп, саралап, Парламенттің қос палатасында талқылау қажет. Бұл Президент Шавкат Мирзиёевтің пікірі.

«Өзбекстан көлік қызметтері нарығында өз орнын табуы тиіс. Ал ол үшін интеграция керек», - дейді ол.

Алдағы бірнеше жылда ала шапанды ағайын көлік транзитінің әлеуетін арттырып, жүк тасымалын 7 млн тоннадан 16 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:

- Біздің шекарамыз 20 жыл бойы жабық болды. Осы уақыттың ішінде көрші мемлекеттер көлік транзитінің көлемін әлдеқайда арттырып алды. Ал бұл сала бізде тұралап тұр. Қайта біздің де транзиттік әлеуетіміз бар. Жолдарымыз бар. Енді Өзбекстанның да бұл нарықта өз орнын алатын уақыты келді. Бірақ біз Еуразиялық Экономикалық Одақпен байланыс орнату мәселесін терең зерттеуіміз қажет. Ең бастысы, осы орайда халықтың мүддесін ескеруіміз міндет. 

Қазір Өзбекстан сыртқа жіберетін жүктің 80 проценті Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арқылы тасымалданады. Дайын өнімінің 50 проценті осы елдерге экспортталады. Ресми Ташкенттің Еуразиялық Экономикалық Одақпен ынтымақтастық орнатуға ынталы болуы содан.

Толығырақ ...

Түркістанда құс фабрикасы өртеніп, 3 мың балапан қырылып қалды

KAZUS.KZ Төлеби ауданы Ақбастау селосындағы құс фабрикасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.

«25 қаңтар күні сағат 07:00 өрт сөндіру қызметіне Ақбастау селосындағы «ШымкентҚұс» ЖШС» фабрикасынан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Жалын сағат 08:05-де сөндірілді. Өрт салдарынан 190 шаршы метр аумақ өртеніп, 3 мың балапан қырылып қалған», - делінген хабарламада.

 

Толығырақ ...

Түркияның шығысында жойқын жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар

KAZUS.KZ. Жұма күні Түркияның шығысындағы Елазығ провинциясында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің тереңдігі - 7 шақырым. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:30-да жер сілкінісі салдарына қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Құтқарушылар үйінділер арасынан 30 шақты адамды іздестіріп жатыр. 

Түркиялық Елазығ тұрғындары көшелерде жүр. Қала орталығында қираған ғимараттар көрінбейді, алайда Гюнбалы ауылының әкімі Озджан Гюндемнің айтуынша, қирандылар астында қалған адамдар туралы ақпарат бар екен. 

Жер сілкінісінен соң түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. 

Кейінірек Сирияның тұрғындары жел сілкінісін сезген. Елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор және Хасеке қалаларында, сондай-ақ Аллепода жер сілкінісі сезілген. 

Аl-Watan газетінің мәліметінше, Аллепода 7 секунд бойы жер сілкінген. 

Еуропалық сейсмологиялық орталықтың (ESMC) сайтында Түркия мен Сирия шығысында 6,9 балдық жер сілкінісі болған. 

Толығырақ ...

Қазақстанда UFC турнирі өтеді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Биыл жазда елімізде аралас жекпе-жектен ең беделді ұйым UFC-дің турнирі өтеді, деп жазады Prospоrts.kz.

2020 жылдың жаз айларында Нұр-Сұлтан қаласында UFC ұйымы Fight Night турнирін өткізеді. Әзірге нақты қай жерде және қашан өтетіні белгісіз. 

Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның бір ғана спортшысының келісімшарты бар. Ол - Шавкат Рахманов. Жақын уақытта FNG чемпионы Жалғас Жұмағұлов та аталмыш ұйымға ауысады деген ақпарат бар.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу