logoru
logo

Жұма, 24 Қаңтар 2020 - KAZUS.KZ

Тоқаев қымбат көлік сатып алуға мораторий жариялауды ұсынды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұл туралы Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті. 

"Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық пайда түсіруі керек", - деді Тоқаев. 

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.

Толығырақ ...

Ерболат Досаев: 2019 жылы депозиттердің долларлануы төмендеді

KAZUS.KZ. Жалпы халықаралық резервтер өткен жылы 2,3 пайызға ұлғайып, 91 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыртқы нарықтардағы ахуалдың тұрақсыздығына және мұнайдың орташа жылдық бағасы 2018 жылғы бір баррель үшін 71,7 АҚШ долларынан 2019 жылы бір баррель үшін 64,2 АҚШ долларына дейін төмендегеніне қарамастан, жалпы халықаралық резервтер өткен жылы 2,3 пайызға ұлғайып, 91 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде алтын-валюта резервтері – 29 млрд АҚШ доллары, Ұлттық қордың активтері – 61,9 млрд АҚШ доллары болды», - деді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы шот дефициті 2019 жылғы 9 айда 4,3 млрд АҚШ долларын құрады. Тапшылықтың 2018 жылмен салыстырғанда ұлғаюы азық-түлікке жатпайтын және инвестициялық тауарлардың импортының ұлғаюы салдарынан жалпы импорттың 2,7 млрд АҚШ долларына өсуіне негізделді.

«Ұлттық валютадағы депозиттер 13,1 пайызға 10,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 8,7 пайызға дейін төмендеді. Депозиттердің долларлануы 2019 жылғы желтоқсанда 43,1 пайызға дейін төмендеді», - деп нақтылады ҰБ басшысы.

Оның айтуынша, өткен жылғы кредиттеу үрдістерінің ішінен ұзақ мерзімді кредиттер портфелінің 6,5 пайызға немесе 718 млрд теңгеге оза отырып өсті. Жалпы алғанда, экономикаға берілген кредиттер 2019 жылдың соңына қарай 13,9 трлн теңге болды.





 

Толығырақ ...

Тоқаев Үкіметтің отырысын ашты

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Үкіметтің кеңейтілген отырысын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты, деп хабарлайды Baq.kz.

Мемлекет басшысы еліміздің өткен жылы елімізде экономиканың негізгі салаларында өсім байқалғанын атап өтті.

Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесін талқылаймыз. Экономикалық өсім 4,5% болды. Экономиканың негізгі  салаларында өсім қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлау алдындағы тұғырнамада айтылған негізгі міндеттерді орындауымыз керек. Бұл еліміздің орнықты дамуына, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға зор серпін береді. Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану, - деген Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үкімет отырысында есеп беретін Үкімет мүшелерін тізбектеді.
Бүгінгі отырыстың жұмыс тәртібін келісіп алайық. Еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары және осы жылға қойылған жоспарлар жөнінде ҚР премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин баяндайды. Ақша, кредит саясатына қатысты шаралар жөнінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев ақпарат береді. Әлеуметтік даму және еңбекпен қамту мәселелері жөнінде премьер-министр орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев баяндайды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері баяндайды. Қысқы әрі  нұсқа негізгі мәселелерге тоқтаңыздар, - деп ел президенті есеп беруге премьер-министр Асқар Маминге сөз берді.
Толығырақ ...

Былтыр елордалық қонақүйлер 1 млн-ға жуық туристі қабылдады

KAZUS.KZ. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақ үйлер 853 823 отандық және шетелдік туристі қабылдады. Бұл оның алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық талаптарға сай қызмет көрсететін, қонақ үйлер баршылық. Солардың ішінде елорданың 208 қонақ үйін айқындадық, олар 2019 жылы 853 823 туристі қабылдаған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Олардың 70 пайызы отандық туристер, қалғаны шетелдіктер. Негізінен қала қонақ үйлерінің жылына 2-3 млн-ға дейін турист қабылдауға мүмкіндігі бар. Қонақүйлерден бөлек, елордада 86 хостел бар. Олардың қызмет көрсету деңгейі еуропалық стандарттардан кем түспейді. Және бағасы да көңілге қонымды. Мысалы, астанадан бір күндік бағасы 2-3 мың теңге тұратын хостел бөлмелерін табуға болады. Бұл елорда үшін тиімді баға», - деді Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанға келген туристер орташа есеппен 3-4 күнге тоқтайды.

«Бүгінгі күні еліміз бойынша 15 туристік маршрутты жасап шығардық. Бұл туристер үшін ыңғайлы пакет болып табылады. 15 бағыттың ішінде елордада бар. Өздеріңіз білетіндей Нұр-Сұлтан қаласы шетелдіктерді өзінің ерекше сәулетімен тартады. Біздің мақсат – Қазақстанға келген туристердің мүмкіндігінше көбірек қалуына жағдай жасау. Мысалы, елордаға келген туристерді жақын маңдағы Бурабайға апару арқылы туристік әлеуетімізді көрсету. Ол үшін біздегі туристік инфрақұрылымның жұмысын жандандыру міндеттері тұр», - дейді ол.

Бұған дейін Б. Жолболдиев бас қалада гид, экскурсия мамандары мен аудармашылардың тапшы екенін айтқан болатын.

 

Толығырақ ...

Қазақстанда екі университет жабылуы мүмкін

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елімізде білім стандартына сай емес тағы екі ЖОО жабылуы мүмкін, деп хабарлайды ktk.kz.

Елімізде тағы екі жоғары оқу орыны жабылуы мүмкін. Білім министрлігі Ақтаудағы Қазақстан теңіз университеті мен Алматыдағы Орталық Азия университетінің лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім шығарған. Бірақ бұған келіспеген оқу орындарының басшылары сотқа жүгініпті. Ал министрлік бұл университеттердегі жағдай білім беру стандартына сай келмейтінін мәлімдеді.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің  төрайымы:

Жоғары оқу орны студенттерді қабылдау барысында ҰБТ нәтижесі ескерілмеген немесе техникалық және кәсіптік ұйымдарын бітірген оқушылар емтихансыз қабылдаған. Лабораториялық базасына да сұрақтар болды. Сондықтан осындай шешім қабылданды. Аталған университеттердегі студенттерді даярлайтын ұстаздар арасында ғылыми дәрежелі мамандар тым аз екен. «Соның кесірінен ертең шәкірттер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады», - дейді министрлік. Мұндай кемшіліктер былтыр анықталып, оны жоюға оқу орындарына уақыт беріліпті. Бірақ жағдай еш өзгеріссіз қалған көрінеді. Кемшілікті дер кезінде ретке келтірмеген оқу орындарының басшылары бүгін тілшілерге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Тек сабақтың тоқтатылмағанын жеткізді. Ал жайсыз жаңалықты естіген студенттер бұл жағдайға алаңдап жүр. Өйткені көбі оқу ақысын төлеп үлгерген.Қалай болғанда да, қос білім ордасының тағдырын енді сот шешеді.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Толығырақ ...

Қытайда тағы бір қала оқшауланды

24 қаңтардан бастап 2019-nCoV коронавирусының таралуына байланысты Қытайдың Хуангган қаласында қоғамдық көліктер, сонымен қатар теміржолдың сыртқы бағыттағы пойыздары жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, қалада барлық бұқаралық ойын-сауық шаралары тоқтатылып, орталық базар жұмысын тоқтатады. Жергілікті билік тұрғындарға аса бір қажеттілік болмаса, Хуангганнан шықпауға кеңес береді.

Айта кетелік, бүгін Қытайдың коронавирус шыққан, 7 миллионннан астам тұрғыны бар Ухань қаласы карантинге жабылған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу