logoru
logo

Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020 - KAZUS.KZ

«Jas Otan» Жастар қанатының жаңа төрағасы сайланды

  • Бөлім:  Cаясат

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы қызметіне Елнұр Бейсенбаев сайланды, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Жастар қанаты Орталық кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен жиында партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Jas Otan» Жастар қанатының алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрғанын алға тартты.

«Еліміздің жарқын болашағы үшін жасотандықтар үздіксіз қызмет етуі тиіс. Елбасы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәслихаттың барлық деңгейінде жас депутаттар санын 20%-ға дейін көбейту қажетін айтты. Бұл ретте «Jas Otan» Жастар қанатының рөлі ерекше. Аталған тізімде жасотандықтар алғашқылардың бірі болып тұруы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 2020 жыл «Волонтер жылы» болып жарияланды. Осы орайда, «Jas Otan» еліміздегі ең ірі жастар ұйымы ретінде, волонтерлік қозғалысты өрлетуде алдыңғы қатарда тұруы тиіс», - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, ол әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған «Жастар-Отанға!» бағдарламасында білім алу, жұмысқа орналасу, баспана сияқты т.б. жастар үшін өзекті мәселелер қамтылатынын жеткізді. Осы орайда, барша Қазақстан жастарына арналған бағдарламаның жобасын әзірлеу жұмыстарына әрбір ауылдың, ауданның, қаланың жастары атсалысуы қажет екенін ерекше атап өтті.

Елнұр Бейсенбаевтың жастар саясатында тәжірибесі мол. Студенттік жылдары жастар ұйымдарының белсенді мүшесі болған. Ол мемлекеттік қызметте және Үкіметтік емес ұйымдарда да жұмыс істеді.

Осыған дейін «Jas Otan» ЖҚ төрағасы қызметін атқарған Дәулет Кәрібек Президенттік кадрлық резерв тізіміне еніп, енді өзінің жастар саясатындағы мол тәжірибесін мемлекеттік қызмет саласында іске асырады.

Жастарды жан-жақты қолдау мақсатында жастар жылының қортындысы ретінде 300 білікті жастардан тұратын Президенттік кадрлық резерв жасақталды. Бұл – еліміздегі білімді және білікті жастарды қолдауға бағытталған маңызды шешім. Партия мен жастар қанатының мақсаты – бәсекеге қабілетті болуды, қоғамға пайда келтіруді ойлайтын, Отан үшін жауапкершілік алуға дайын жастарға әлеуметтік лифт жасау.

«Әрбір жастың жеке жетістігі – тұтас Отанымыздың табысы» деген Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға әрдайым айрықша көңіл бөлетінін білесіздер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жастар жылы аясында ең көп жастар шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер берілді. Сондай-ақ, алдағы үш жыл ішінде пәтер саны 9 мыңға ұлғайып, басқа аймақтарды да қамтитын болады», - деді Бауыржан Байбек.

дереккөз: nurotan.kz

Толығырақ ...

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен

KAZUS.KZ. Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Т.Рысқұлов көшесі бойында Mitsubishi Galant автокөлігін тізгіндеушісі мас күйде көлікке отырып, Audi-80 маркалы көлікпен жол-көлік апатына ұшырады.

Полиция қызметкері оқиға орнында Mitsubishi Galant автокөлік жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді өтінген. Бірақ тізгінші құжаттарын көрсетуден бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған.

Көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, оны 3 шақырым метр жерге дейін сүйреген. 

Құқық бұзушы полицейлерден қашып құтыла алмады.Ол сол мезетте ұсталып , оны патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкерлері бірден медициналық куәландыруға жеткізді.

31 жастағы құқық бұзушыға қатысты  380-бап 2-бөлімі  (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің  610-бап 1-бөлімі (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу)  бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсталған азамат Шымкент қаласының  полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Қызметкер ешқандай дене жарақатын алған жоқ.

 

Толығырақ ...

Түркістан облысынан 560 отбасы солтүстік өңірлеріне қоныс аударған

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Түркістан облысынан өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 560 отбасы солтүстік өңірлеріне қоныс аударған. Сала мамандары бұл жұмыстардың барлығы өңірдегі үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 427 отбасы көшіріледі деп жоспарланған. Алайда бұл көрсеткіш артығымен орындалды. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осы бағдарламаны насихаттау бойынша өңірдің БАҚ өкілдері СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында болып қайтты. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы облыстағы аудан, қалаларда тұрғындармен кездесіп, теріскейге қоныс аударудың шарттары мен тиімді тұстарын насихаттаған болатын.

Елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктегі облыстардың тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге қоныстандыру болған. Осы бағдарлама қолға алынған 2015 жылдан бері оңтүстік өңірінен жалпы 4935 мүшесі бар 1365 отбасы теріскейге қоныс аударған. Мәселен, ағымдағы жылы Түркістан облысынан бағдарлама бойынша 62 отбасы (221 адам) Қостанай облысына қоныстанса, 115 отбасы (230 адам) Шығыс Қазақстан облысына көшкен. 288 отбасы (832 адам) Солтүстік Қазақстан және 95 отбасы (474 адам) Павлодар облыстарына көшіп барды. ҚР бойынша қоныс аударғандар арасындағы Түркістан облысының үлесі 28 пайызды құрап отыр. Қоныс аударған 895 еңбекке қабілетті тұрғынның 622-сі тұрақты жұмыспен қамтылса, 47 адам жеке кәсібін ашқан. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылған. Баспана бойынша көмек көрсетілген. Сондай-ақ көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан қаржылай көмек берілген.

Жалпы былтыр Солтүстік өңірлерден 6 топ, 96 жұмыс беруші арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал, облыс әкімдігі және осы салаға жауапты басқарма тарапынан да тиісті іс атқарылған. Жетісай ауданында «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге 650-ден астам тұрғын қатысып, оларға 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар демеушілер есебінен 150-ге жуық адам Солтүстік өңірдегі ахуалмен танысып қайтқан болатын.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасының стратегиялық маңызы жоғары. Алдағы уақытта да партия филиалы облыс әкімдігімен бірлесіп, осы бағдарламаны насихаттау жұмыстарын жалғастырмақ. Жаңа мекенге барып, жаңа өмір бастауға, Қазақстанды өркендетуге түркістандық әрбір тұрғынның мүмкіндігі бар екені жиі айтылып жүр.

Толығырақ ...

Адыраспан туралы не білеміз?

  • Бөлім:  Советы

KAZUS.KZ. Халық емдік қасиеті бар деп санайтын адыраспан өсімдігі туралы Sputnik Қазақстан сайты жазды.  

Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Сабы мен гүлінде у болады. Ол сасық иісті, дәрілік шөп болып саналады. Биіктігі – 30-80 см. Тау беткейлерінде, жолбойында, жазық далаларда өседі.

Қазақстанда оның үш түрі бар. Бір түрі шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендерінің бойындағы тақырланған жайылымдарда өседі. Оның сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 метр тереңдікке жетеді. Гүлі – ақ, сары түсті. Мамыр, шілде айларында гүлдейді.

Биология ғылымдарының кандидаты, палинолог Саида Нығметова бұл шөп осыдан 2 мың жыл бұрын халық арасында кеңінен қолданыста болғанын айтады.

"Бұрынғы заманда адамдар табиғатпен тығыз байланыста болды. Олар шөптердің қасиетін жақсы білді. Адыраспан – Орталық Азияда жиі өсетін шөп. Улы болғандықтан мал жемейді. Адамдар "төрт түлік мұны неге жемейді?" деп оған назар аударса керек. Оның ерекше қасиетіне сенген", - дейді ғалым "Адыраспан" деректі фильмінде.

Адыраспан қайда өседі?

Адыраспан халық арасында "белобок", "исрык", "бибик", "адыраспан", "испанд", "хазориспанд", "исирик", "хармаль" және тағы басқа атаулармен таныс. Ол Орталық Азияда, Ресейдің Еуропа бөлігінің оңтүстігінде, Кавказда, оңтүстік Еуропада, Солтүтік Африкада, Таяу Шығыс пен Моңғолияда, Қытайда өседі.

Адыраспан қандай ауруларға ем?

Адыраспанның бұтағы, жапырағы мен гүлі емдік мақсатқа пайдаланылады. Атақты ғалым, дәрігер Әбу Әли ибн Сина оны сегізкөз (крестцовая кость, құйымшақ) қабынған кезде шаншуды басатын дәрі ретінде қолданыпты.

Халық емшілері адыраспанды ревматизм, қышыма және басқа да тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Оның шөбінен қайнатып жасалған тұнба суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып саналады. Адамдар оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді әрі жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені залалсыздандырады.

Адамдар ежелден адыраспанның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдеген. Сондай-ақ қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға (псориаз) жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде қолданады. Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді.

Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасы суық тигенде пайдаланылады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. Адыраспанды тасшөппен, қараңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз (крестцовая кость, құйымшақ) невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.

Ғалымдар не дейді

Адыраспанды зерттеу барысында оның құрамында гармалин бар екені анықталған. Ол – антидепрессант. Дәрігерлер адыраспан жүрек қағысын тұрақтандырып, оның құрамындағы гармалиннің гидрохлориді туберкулез қоздырғыштарына қарсы тиімді күреседі дейді.

Сондай-ақ ол сал ауруы мен Паркинсонді емдеуде қолданылады. Бұл шөптің құрамындағы пеганин (вазицин) демікпені емдеуде оң әсерін береді. Адыраспандағы дезоксипеганин гидрохлориді іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.

Бұдан бөлек, невралгия, миопия және басқа жүйке ауруларын емдеуге қолданылады. Шөптің құрамындағы пеганидин микробтарға қарсы күресуге мүмкіндік береді.

Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы институттың ғылыми қызметкері Эльмира Капсалямова адыраспанның емдік қасиеттері ғылыми түрде дәлденгенін айтады.

"Адыраспанның фармакологиялық қасиеті бар. Бактерияларға қарсы күресе алады. Мұның барлығы зерттеу барысында анықталды. Бұл бағытта көптеген магистрлік диссертация қорғалады деген үміттемін. Біз бұл өсімдікті ғылыми түрде енді ғана зерттей бастадық", - дейді доцент, фармацевтика ғылымдарының кандидаты.

Адыраспан үйді жын-шайтандардан тазарта ма?

Бұл шөпті қазақ киелі өсімдік деп санайды. Сондықтан халық арасында оны "бәле-жаладан сақтайды" деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге, кереге басына іліп қояды. Ал жаңа үйге кірерде босағаға "жын-шайтан мүлдем жоламасын деп" адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, үйді аластайтын болған.

Сонымен қатар адыраспан психоделиктер қатарына жатады. Оны көп мөлшерде қолдану адамды транс (естен айыру) жағдайына түсіруі мүмкін. Тарихта италиялық ұлы суретші, ғалым Леонардо да Винчи, итальялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші Микеланджело Буонарроти адыраспанды дүниетанымын кеңейту, шығармашылық әлеуетін арттыру үшін пайдаланды деген деректер бар.

Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы институттың ғылыми қызметкері Эльмира Капсалямова бұл шөптің психоделикке жататынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізілгенін атап өтті.

"Адыраспан көп жерде өседі. Сондықтан бұл шөптің фармакологиялық қасиеті бар-жоқтығын анықтау үшін зерттеу жұмысын жүргізу қажет болды. Оны біздің институттағы магистрант жүргізді. Зерттеу барысында өсімдіктің психоделикке жататыны анықталды", - дейді фармацевтика ғылымдарының кандидаты.

У ретінде қолданған

Бұрынғы заманда моңғолдар адыраспанды у ретінде пайдаланған көрінеді. Олар оны жауының ұлтарағына жаққан. Бірнеше күннен соң адам өлген.

Ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы, батыр, шешен Сырым Датұлын адыраспанмен улады деген дерек бар. Батырдың үзеңгісіне осы уды жаққан. Сырым Датұлы у табаны арқылы жұққанын білген кезде жанындағыларға аяғын тізесіне дейін шауып тастауды сұрапты. Бірақ батырдың аяғынан шабуға ешкімнің батылы бармаған. Салдарынан отарлау саясатына қарсы күрескен қолбасшы қаза тапқан.

Толығырақ ...

52 жастағы Памела Андерсон бесінші мәрте тұрмысқа шықты

KAZUS.KZ. Әлемге әйгілі Памела Андерсон тағы да қалыңдық атанды. 52 жастағы танымал модель осымен бесінші мәрте тұрмысқа шығып жатыр. Ерлер қауымын естен таңдырып келе жатқан арудың жүрегін 74 жастағы кинопродюсер Джон Питерс жаулап алған. Қос ғашық 20 қаңтар күні құпия кеш ұйымдастырып, некесін қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін төрт рет тұрмыста болған Памела Андерсон өз өмірлік жолында түрлі ауыр кезеңдерді еңсерді. Әлемді мойындатқан сылқым жеке өмірінде үнемі сәтсіздікке ұшырап, бақытсыз болған.

Актрисаның басынан түрлі отбасылық дау-дамайлар, секс-жанжалдар, зорлық-зомбылық, махаббат пен ажырасу да өтті. Алайда, мұндай сезімге толы махаббат хикаясы Памеланың өмірінде алғаш рет орын алып тұрса керек.

"Айналаның бәрі толған сұлу қыздар. Мен кез келгенін таңдай салсам болатын едің. Бірақ, мен 35 жыл бойы тек Памеланы қаладым. Ол мені есімнен таңдырды. Жақсы жағынан, әрине" , - деді белгілі кинопродюсер.

Белгілі болғандай, 52 жастағы Памела мен 74 жастағы Джон үйлену тойын 20 қаңтар күні жасырын түрде Малибуда өткізген. Қызығы, қос ғашық бір-бірімен 30 жылдан бері таныс болған. Алайда, олардың қарым-қатынасы тек қана соңғы айларда бастау алды. Ел назарын өздеріне аударғысы келмеген олар бұл жайтты құпия сақтауды жөн көрген.

Памела Андерсон өзінің тұрмысқа шыққанын әлеуметтік желіде өлеңмен жеткізген.

"Джон — Голливудтегі нағыз бұзық жігіттердің бірі. Мен оны өз отбасымды секілді өте қатты жақсы көремін. Оның өмірі мені қорқытатын. Енді мен көп нәрсені көріп, біраз дүниені ұқтым. Ол үнемі қасымда болған. Ешқашан көңілімді қалдырмайтын. Мен дайынмын, ол да дайын. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Сыйластығымыз ерекше. Біз бір-бірімізді ешбір шартсыз сүйеміз . Мен бақытты әйелмін. Жаратқанның өз жоспары бар" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Дэвид Бекхэмнің ұлы Бируклин ел алдына тырнағын бояп шыққан болатын.

Толығырақ ...

Түркістан халықаралық әуежайы биыл пайдалануға беріледі

  • Бөлім:  Туризм

Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінен түркиялық «YDA Group» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізуде, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында инвестордың 302 құрылысшысы мен 102 арнайы техникасыжұмылдырылған. Бүгінгі күні әуежай терминалының іргетасы аяқталып, ұшу-қону жолағына қажетті құмды-шағал тасты қоспаның бірінші қабаты төселінуде. Сондай-ақ, рульдеу жолы мен перронның жұмыстары аяқталып отыр.

Әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланған. Халықаралық әуежай 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде. «YDA Group» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейннің айтуынша, Түркістан халықаралық әуежайы халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынуда. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

Айта кетерлігі, Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Әуежай жолын толығымен 2020 жылдың қыркүйек айында аяқтау көзделуде.

Толығырақ ...

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

KAZUS.KZ. Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп жазады tengrinews.kz СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылында Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Куәгерлердің айтуынша, LADA Granta жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылып, қоршауға қарай ұшып кеткен. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты - жүргізуші мен жолаушы.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты - жүргізуші мен жолаушы.

Толығырақ ...

Зарина Дияс Аустралия чемпионатының үшінші айналымына шықты

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Қазақстандық Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 73-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездесті.

Бұған дейін 21 жастағы А.Блинкова өткен жылы Бейжің турнирінің іріктеу сайысында 1993 жылғы З.Диясты 6:2, 7:5 есебімен ұтқан еді. Ал биыл Қытайдағы Шэньчжэнь додасында Зарина 6:1, 6:7 (9:11), 6:4 есебімен есе қайырған болатын.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 4:2 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмай, жеңіліп қалды – 4:6.

Есесіне екінші сетте 6:3 есебімен қарымта қайырды. Бұл партия кезінде жаңбырға байланысты үзіліс орын алды.

Шешуші, үшінші партияда Зарина брейкпен 2:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы қатарынан үш геймді алды. Дегенмен Зарина сол бойда қайта теңестіріп, өзі алға кетті – 4:3. Содан кейін есеп 5:4 болған кезде А.Блинкова доп бергенде, екінші матчболын сәтті пайдаланды – 6:4.

Аса тартысты матч 2 сағат 8 минутқа созылды.

З.Дияс үшінші айналымда әлемнің оныншы, осы жарыстың 9-ракеткасы, Нидерланды өкілі Кики Бертенс немесе рейтингте 163-сатыдағы аустралиялық Арина Родионованың біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия біріншілігінің үшінші айналымына шыққан Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасымен кездесетінін жазған болатынбыз.



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу