logoru
logo

Сенбі, 18 Қаңтар 2020 - KAZUS.KZ

Алтыншы сәбиін күтіп жүрген Динара Сұлтан төсбелгі мен марапатқа ие болды

KAZUS.KZ. Отандық танымал әнші Динара Сұлтан өнердегі әріптестерінен қалыспай, "Мәдениет саласының үздігі" атанды. Көпбалалы әртіске арнайы марапаттың төсбелгісі мен куәлігі табысталған деп жазады NUR.KZ.

Динара Сұлтан минитсрлік тарапынан өнері бағаланып жатқанын Instagram парақшасында сүйінші сұрап хабарлады. Қуанышы қойнына сыймаған шоу-бизнес жұлдызы бұл жаңалығымен алдымен өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

Ол өзі еңбек етіп жүрген саладағы жетістігін көпшілікке жариялап, төсбелгісі мен куәлігін көрсетті.

Оған қоса, эстрада өкілі шығармашылығын жоғары бағалап, оған қолдау көрсетіп келе жатқан өнердегі аға-әпкелері мен тыңдармандарына алғысын білдірід.

"Құттықтап қойсаңыз артық болмас. Қуанышымда шек жоқ. Менің өнерімді бағалап, қолдап жүрген барша жандарға мың алғыс! Өнер жолында менің өнерімді жоғары бағалайтын аға-әпкелерім де аз емес, соның ішінде осы төсбелгіге лайықты деп санаған Тоқтар ағама мың алғыс! Алла разы болсын. Алда әлі де үлкен белестерге жетем деген үміттемін, тек сіздердің қолдауларыңызбен жандарым! Мәдениет саласының үздігі" , - деп жазған әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сұлтан жолдасын он жыл бойы не себепті жасырғанын айтып берген болатын.

Толығырақ ...

Әлемге әйгілі америкалық рэпер Akon Сенегалда өз қаласын салатынын мәлімдеді

KAZUS.KZ. Қалың көпшілікке Akon лақап атымен танымал, америкалық рэпер әрі бизнесмен Эйкон Тиам Twitter желісіндегі парақшасында Сенегалда өз қаласын салатынын жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Риа Новости агенттіген сілтеме жасап.

Рэперге 800 гектар аумақты Сенегал президенті Маки Салл сыйға тартқан.

Қала 2025 жылы Мбодиен елді мекеніндегі теңіз жағалауында салынады деп күтілуде.

Akon Сity әуежайдан бес минуттық қашықтықта орналасып және барлық қажетті инфрақұрылыммен, соның ішінде мектеппен жабдықталмақ. Қала тұрғындары мен қонақтары арнайы AKoin сандық валютасы арқылы төлем жасай алады.

Желі оқырмандарына бұл жаңалықты жақсы қабылдады.

"Егер құрылысшылар қажет болса, хабарлас", "Сенегалға қайта келуді армандайтын боламын", "Керемет бастама, сен мықты жігітсің", - деген пікірлерін қалдырды олар.

Айта кетейік, Эйкон Тиам Сенегалда жеті жасқа дейін тұрған. Кейін отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. Рэпердің көптен бері жаңа әндер шығармай кеткенін, тыңдармандары үлкен бизнеске кетуімен байланыстырады.

2013 жылы өнер иесі Африканың өмір сүру деңгейін жақсартуды армандайтын мәлімдеді. Сол себепті де Эйкон Тиам аталған құрлықта көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрады.

Еске сала кетсек, осыған дейін жаңа жылдың алғашқы күндері елімізде жаңа қала пайда болғанын жазған болатынбыз.

 
Толығырақ ...

Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші қызына қандай есім қойды

KAZUS.KZ. Белгілі әнші Арман Қоңыр мен эстрада жұлдызы, танымал тележүргізуші Аша Матайдың шаңырағында жақында ғана сәби дүниеге келгені баршаға аян. Жұлдызды жұп тіпті екінші қыздарына есім таңдап қойған екен. Арман Қоңырдың желіге салған суретінде, оның қызына "Айым" деген ат қойғаны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіне екінші қызымен түскен алғаш суреттерінің бірін жүктеген ол, оған: "Айым Арманқызы. Аллаға шүкір, әлхәмдилуллә" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары аталмыш жазбаны көріп, жаппай жылы тілектерін арнаған. Олар:

"Кішкентайдың бауы берік болсын", "Өте әдемі сурет", "Қандай ғажап, бөпеңіз аман болсын", "Тіл-көзден аман болыңыздар", "Екінші рет әке атануыңызбен", "Айым да Асылым сияқты тәп-тәтті қыз болып өссін", "Бақытты болыңыздар" деген тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матайдың екінші мәрте ана атанып, қыз босанғаны белгілі болған еді. Әнші өзінің парақшасында дүниеге тағы бір қызды дүниеге әкелгенін айтып, көптің ыстық ықылас бөленген болатын.

Сол сияқты айы-күні жақындағанша, эфирде "Қалаулым" бағдарламасын жүргізген ол, былтыр күзде аталған қызметіне қатысты бар шындықты айтып берген болатын. Тележүргізуші әлдекімдер өзіне хабарласып, эфирге шықпауы үшін, арнайы ақша ұсынғандарын да көпке жария еткен.

Толығырақ ...

Canon EOS-1D X Mark lll фотоаппараты алдағы бір айда нарыққа шығуы мүмкін

KAZUS.KZ. Canon EOS-1D X Mark III айналы камерасы жақын 30 күн ішінде ұсынылуы мүмкін, деп жазады 7kun.kz.

S-1D X Mark III айналы фотокамерасы және wft-E9 сымсыз адаптері қазірдің өзінде Canon компаниясының өнімдерінің ішкі тізіміне қосылған. Бұл оларға алдын ала тапсырыстар жақын 30 күн ішінде басталуы мүмкін деген белгі.

Canon Inc. компаниясы — бейнелерді, медициналық диагностикалық жабдықтарды бекіту, өңдеу және басып шығару үшін әртүрлі өнімдер өндірумен, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен телехабар тарату саласындағы шешімдерді әзірлеумен айналысатын трансұлттық машина жасау компаниясы. Штаб-пәтері Токиода орналасқан.

Толығырақ ...

Huawei P40, P40 Pro және P40 Plus смартфондарын наурыз айында таныстырады

KAZUS.KZ. Bluetooth стандарттарын жасап, сертификаттаумен айналысатын Bluetooth Special Interest Group ұйымы қытайлық Huawei компанияның үш смартфонды сертификаттағаны туралы хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

Алайда смартфондардың нақты аты аталмады. Бірақ сала сарапшылары мұның Huawei P40 сериялы смартфондар екенін болжап отыр.

Стандартты Huawei P40 — жалпақ экранды, ал P40 Pro, P40 Plus-тің төрт жағы дөңес болмақ. Соңғысының экран көлемі үлкенірек.

ixbt.com жазуынша Huawei-дің тұтынушылық құрылымының атқарушы директоры Юй Чэндун (Yu Chengdong) Huawei P40 сериясы наурыз айында Праижде таныстырылатынын айтқан.

Huawei P40-мен бірге компания Google сервистеріне балама ұсынбақ. Алайда смартфонның және бұл сервистердің сипаттамасы туралы ақпарат еш жерде жоқ.

Толығырақ ...

WhatsApp жарнамадан бас тартты

KAZUS.KZ. Facebook Whatsapp танымал мессенджерінде жарнама орналастыру жоспарларынан бас тартты. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Вести.Экономика" порталына сілтеме жасап.

Дереккөздердің мәліметінше, компания мессенджерге жарнама енгізумен айналысатын команданы таратып жіберген. Бұл топ жарнаманы "статус" бөліміне енгізуі керек еді, бұл Instagram-дағы "историяның" аналогы. Команда жұмысының нәтижелері WhatsApp кодынан жойылды. Басылым жақын уақытта Facebook бизнес қолдаланушыларға арналған функциялар құруға көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Еске салсақ, Facebook WhatsApp-ты 2014 жылы сатып алған. Мессенджер мұның алдында ақылы түрде жұмыс істеген: қолдаланушылар жылына 0,99 доллар төлеуге тиіс еді. Ал Facebook бұл төлемді алып тастады. Марк Цукерберг мессенджерге жарнама енгізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Алайда кейін WhatsApp-тан сервистің негізін қалаушылар Брайан Эктон мен Ян Кум шығып кетті. Оған себеп болған - Facebook басшыларымен келіспеушілік. Ян Кум Facebook-тың WhatsApp-қа қолданатын саясатын жақтамады - олардың қатарында мессенджерге жарнамаға біріктіру, жарнама берушілер үшін қолдаланушылардың жеке деректерін пайдалану және WhatsApp қолдаланушы контентін шифрлауды әлсірету әрекеті бар.

Толығырақ ...

Samsung 11 ақпанда жаңа Galaxy-ді таныстырады

KAZUS.KZ. Samsung 11 ақпан күні дәстүрлі Unpacked таныстырылымы кезінде жаңа Galaxy смартфондарын жұртшылыққа ұсынатынын хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

TechCrunch мен 9to5Google журналистері камерасы төртбұрышты Galaxy S11 (басқа аты — Galaxy S20) мен жиналмалы Galaxy Fold 2 смартфонын таныстырады деп жазуда. Олардың жазуынша соңғысы кітап түрінде емес, классикалық ашылып-жабылатын болуы мүмкін.

Таныстырылым Сан-Францискода Мәскеу уақытымен 22.00-де өтеді.

Толығырақ ...

Әлемнің ең қымбат қалалары белгілі болды

  • Бөлім:  Туризм

KAZUS.KZ. Numbeo статистика ресурсы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтінгісін жария етті, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Компанияның мәлімдеуінше, "өмір сүру индексі" бойынша көшбасшы - Цюрих (Швейцария). Сонымен қатар, алғашқы бес орын швейцариялық қалаларға тиесілі. Цюрихтан кейінгі орында Базель, Лозанна, Женева және Берн. 

Үздік ондыққа Ставангер, Осло, Тронхейм, Рейкъявик пен Берген кірген.  Нұр-Сұлтан рейтинг бойынша 386-орында болса, Алматы 389-орынға жайғасқан.

Олардың арасында - Анталья мен Алжир. Ал былтыр Нұр-Сұлтан мен Алматы, тиісінше, 379 және 386-орындарда болған.  Одан бөлек Нью-Йорк 11-орында, Токио 18-орында, Сеул 23-орында, Париж 24-орында. Ал ең қымбат ресейлік қала - Мәскеу (251-орын). Барлығы тізімде 440 қала бар. Ресурс мәліметінше, рейтингтегі "өмір сүру индексі" қала дүкендері, мейрамханалары, қоғамдық көліктегі баға, коммуналдық қызмет бағаларына қатысты жасалған. 

Толығырақ ...

Әншілердің ісіне араласқан Зағипа Балиеваға Мейрамбек Бесбаев қарсылық танытты

Қазақстанға белгілі "МузАрт" тобының әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің instagram парақшасында Зағипа Балиеваға әншілердің ісіне араласпауын сұрады, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Өнер жұлдызы өзінің әлеуметтік желі парақшасында Қазақстан орындаушылар одағының бұрынғы басшылығы жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетіп жатқандығын жеткізді. 

Құрметті Зағипа Яхияқызы!
Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы - құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу