logoru
logo

Әлемде қара алтын бағасы тұрақталады ма?

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 171 рет

KAZUS.KZ. Бүгін, яғни 1 сәуірден бастап әлемнің барлық елі қалағанынша мұнай өндіре бастауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған наурыз айының басында ОПЕК+ мүшелері жағдайды тұрақтандыру аясында өндірістің көлемін төмендету мәселесі бойынша келісімге келе алмауы себеп болған еді.

Енді АҚШ, Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай нарығын тұрақтандыру бойынша келіссөздер өткізбек ниетте. Үш елдің басшысы телефон арқылы сөйлесіп, нарықтағы қара алтынның бағасын реттеуге келісіп отыр. Бұл туралы Ақ үй басшысы баспасөз конференцияда хабарлады. Трамптың айтуынша, мұнай нарығындағы баға соғысынан жаһанның көптеген елінде судың құны қара алтынның бағасынан да қымбат. Тараптар арасындағы келіссөздер қашан және қалай өтетіні әзірге белгісіз.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Ресей мен Сауд Арабиясы бірігіп, нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін қайта бас қоспақ. Шараға АҚШ тарапы да қосылады. Біз де мұнай өндірісінің құлдырауына жол бермейміз. Өйткені мыңдаған жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Әрине, американдық әуе компаниялар үшін мұнай құнының арзан болуы тиімді. Бірақ бұл АҚШ-тың мұнай өндірісіне үлкен шығын әкелуі мүмкін.