logoru
logo

"Қорықпа, ең күштіден жеңілесің". Мықтыларды мазақ еткен чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды

  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 108 рет

KAZUS.KZ. Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) дивизиондағы ең мықты боксшылар өзінен неге қашқақтайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бизнес тұрғысынан қарау керек. "Канело" немесе басқасында келісімшарт бар. Бұл қалай жұмыс істейтінін білесіздер - жеңілсең, табысың азаяды. Онда Деметриус Андрадемен жекпе-жекте өзіңді қауіпке тігудің не керегі бар, жеңіліп қалып, бәрін басынан бастау қаупі жоғары болса? Бұрынғысынша жақсы болып қаласың, тек ең мықтыдан жеңілесің. Дивизиондағы мықтыларға қарсы тұрып, халықтың қалауын орындауға дайынмын. Қиын емес, кез келгенімен шығамын", - дейді Андраде.