logoru
logo

Қытайда коронавирус жұқтырған тұрғындардың 93 пайызы жазылды

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 97 рет

KAZUS.KZ. Коронавирус бастау алған Қытай елінде індетке шалдыққан науқас саны күн санап азаюда. Денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитет коронавирус жұқтырғандардың 93 пайызы ауруынан айыққанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Құзырлы органдардың соңғы ақпаратына сәйкес, ауруханаларда небары 2004 адам ғана жатыр. Елде коронавируспен барлығы 81 мыңнан астам адам ауырған.

76 мыңнан астамы ауруды жеңіп, жазылған. Бұл барлық ауырғандардың 93,5 пайызын құрайды.

Эпидения кезінде ауру жұқтырғандардың ең көбі Хубэй қаласында тіркелген (68 мыңға тарта адам). Осы аймақта өлім-жітім деңгейінің өсімі байқалған (4,7 пайыз). Ал коронавирус тараған Уханда бұл деңгей тым жоғары, 5 пайыз көрсеткішке жеткен.

Қазіргі кезде Қытай коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы ең жоғары көрсеткішке ие елдердің тізімінде 4-орынға төмендеді. Көш басында АҚШ, ондағы ауру жұқтырғандар саны 200 мыңға тая келеді. Келесі орындарда Италия мен Испания.

Италия өлім-жітім деңгейі тұрғысынан бірінші орында тұр. Еуропа елінде 12,5 мыңға жуық адам COVID-19 кеселінің құрбаны болған.

Еске сала кетсек, Алматыда коронавирустан айыққан екі жасар сәби ауруханадан шықты.