logoru
logo

Алматыда оқшаулану деңгейі 4,4 балл болды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 73 рет

KAZUS.KZ. Алматыда «Сергек» мәліметтеріне сәйкес қаладағы оқшаулану дәрежесіне баға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдауға сәйкес 2020 жылдың 11 наурызынан бастап Алматы жолдарындағы көлік қозғалысы 80 пайызға төмендеген.

«Салыстыру үшін карантинге дейінгі «Сергек» жүйесінде тіркелген жұмыс күніндегі жол қозғалысы мен төтенше жағдайдан кейінгі жол қозғалысы мәліметтері пайдаланылды. 5 деген балл көрсеткіші қалада мүлде жеке көлік қозғалысы жоқ екендігін білдіреді. Ал карантинге дейінгі қозғалыс көрсеткіші 0,5 балл болатын. Егер 0 балл болса, онда көшеде кептеліс дегенді білдіреді.

Карантин кезінде Алматыда максималды көрсеткіш 4,8 балл болуы тиіс. Өйткені, жолда арнайы қызмет өкілдері жедел жәрдем, полиция, коммуналды қызмет көліктері жүреді. Кешенді іс-шаралар мен азаматтардың тәртібінің арқасында оқшаулану көрсеткішін 4,4 балға жеткізілді», - деді баспасөз қызметінен.