logoru
logo

Түркістан облысында мұғалімдер маска тігуге мәжбүр болған

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 136 рет

KAZUS.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданында мектеп басшылығы мұғалімдерді маска тігуге мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Вирус деп бізді, мұғалімдерд, маска тігуге мәжбүрлеп жатыр. Әр мүғалім күніне 600 маска тігуі керек. Бізде уақыт бар ма әлде тігін машинамыз бар ма - сұрамайды да. Оған қоса, маска тікпесек, 15 000 теңге береміз деп қорқытып жатыр. Бұл қаншалықты заңды? Осы мәселені шешуді сұраймыз", - деп жазған педагогтердің бірі.

Комиссия мүшелері бұл деректі растады.

"Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Шадиева жауапкершілікке тартылды. Басшылыққа мұндай ережебұзушылық жасамау керегі туралы ескерту жасалды", - дейді Nur Otan өкілдері